Б. Соқпақбаев. Шал мен бала

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 481
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22646


Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні:21.01.2017ж. Пәні: әдебиеттік оқу Мұғалімі:Бекбенбетова Г.К Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. Шал мен бала
Сабақтың мақсаты:1. Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу, мәтіннің авторы туралы және мәтін жайлы әңгімелей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін түсіне білуге жол ашу.
2. Оқушылардың тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен, жұпта, топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3. Үлкендерді сыйлауға, бір - бірін тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1.Көркем шығарманың мазмұнын түсінді. 2 Өз пікірлерін қоса айтып отырды. 3 Бір-біріне кеңес берді, пікірлерін тыңдады.Белсенділігін арттырды. 4 Өз бетімен жұмыс жасады. Әдіс-тәсілі: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Стратегиялар: «Болжау» стратегиясы, «Танысу картасы» , «Ой қозғау » , «Түртіп алу жүйесі», Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет» , «Не білдім? Не білгім келеді?Пікір» стратегиясы.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; ОүБ және оқуды бағалау; оқыту мен оқуда АКТ пайдалану; оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Сабақ кезеңдері, уақыты Сабақтың мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Негізгі дерек көздер
Психология лық дайындық. 3 мин І .Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
1 – Көмек.
2 – Жол көрсету.
3 – Атаның әңгімесі
4 – Алғашқы кездесу
Танысу картасы
(Шырын) Мәнерлеп оқиды
(Дильназ) Үздік оқушы
(Айым) Өте жақсы билейді
(Ақниет) Суретші
(Нұрдаулет) Ширақ оқушы психологиялық дайындық жасайды.
Топтарға орналасуын қадағалайды.
еске түсіру Сынып болып іс-әрекет жасау. Көңіл-күйлерін көтереді.
топқа бөлінеді.
Ережені еске түсіреді. Постер, маркер, стикер лер

Білу 7 мин ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үй тапсырмасына дайынбыз ба?
- Олай болса, үй тапсырмасын 4 топтың бір - бір мүшелері ортаға шығып, бірінің бастаған өлеңін бірі жалғастырады. Егерде қателессе ол топқа ұпай берілмейді.
(балалардан осылайша үй тапсырмасы сұралады) Үй тапсырмасын сұрайды Оқушылардың болжамды жауаптары:
Түсіну 7 минут ІІІ. Қызығушылықты ояту.• Ой қозғау
- Балалар, анамызды барлығымыз қадірлеп, құрметтейміз бе?
- Анамыз бізге үнемі жақсы, тәртіпті, бұзық болмауға, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге әрдайым қарапайым, әділ болуға тәрбиелейді солай емес пе?
- Ал, сендер аналарыңның айтқанын екі етпей орындап жүрсіңдер ме?
Өздеріңдей оқу озаты, кішіпейіл, үлгілі баламен танысқыларың келе ме?
- Олай болса, біздің келесі тақырыбымыз сол баланың атаға көрсеткен қайырымдылығы жайында болмақ. Сонымен қатар бұл мәтінді жазған Бердібек Соқпақбаев екен. Ол туралы не білесіңдер? Ол – балалар жазушысы.
(балалар білгендерін айтып береді
Автор туралы әңгімелеу.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған», журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтіп келмейді», «Жекпе – жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
- Адам бойындағы қандай жақсы қылықтарды айта аласың?
- Ендеше, осындай жақсы қылықтар біздің басты кейіпкерімізде бар ма екен? Мұғалім өзі толықтырады.
болжамды жауаптары: Жарай
сың!
Тамаша! Оқулық

Сергіту 2мин Шаршадым (уф) 2. Қорықтым (ой, ой) 3.Өкіндім ( эх,эх) 4.Таңғалдым (о,о,) 5. Қуандым (ура)
Қолдану 8 мин Оқулықпен жұмыс.
Топпен жұмыс істеу арқылы осы жақсы қылықтарды «Сырсандыққа» жинақтау. Кімнің жақсы қылықтары көбірек болар еді?
Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу.)
1 – Көмек.
2 – Жол көрсету.
3 – Атаның әңгімесі
4 – Алғашқы кездесуді еске алу
1 – бөлімді оқу.
- Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?
- Бала неліктен шалға көмек берді?
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай өрбуі мүмкін?
2 – бөлімді оқу.
- «Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» - осы сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың?
- Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?
- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін?
3 – бөлімді оқу.
- Оқиғаға тағы кім қосылды?
- Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?
4 – бөлімді оқу.
- Осы жерде сен үшін ең қызығы не болып тұр? (Сен нені тезірек білгің келіп тұр?)
- Әңгіме немен аяқталуы мүмкін? Сенің олай ойлауыңа не себеп? Оқушылардың іс-әрекетін
бағалаймын қадағалаймын. сұрақтарға жауап береді «Басбар
мақ»
Талдау 6 мин Сөздік жұмыс «Түртіп алу жүйесі»
1.Бүкірлеу – еңкейген адам.
2. Қоба сақал – қалың сақалды.
Имек бас – қариялар ұстайтын аса таяқ.
Ілгері лықсып – алдына қарай жүру.
Қауқарсыз – әлсіз, күш-қуатсыз.
Біреулерді сүзе барып – біреулерді соға құлайтын еді.
Білгенге маржан.
- Олай болса, мәтін не туралы екен?
- Атай қайдан келе жатыр еді?
- Мәтіндегі тақырбас баланың аты кім еді? Мәулен қандай бала? Біз Мәуленнен үлгі алуымыз керек. Ол үлкен жақсы іс жасады. Бірақ балалар, ұрлық жасауға бола ма?
- Дұрыс айтасыңдар. Олай істеуге болмайды. Біз қателессек кешірім сұрауымыз керек пе?
Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет»
Сабақтан түйген ойлар ойын-жаттығу және рөлдік орындаулар арқылы пысықталады.
Мұғалім тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттарды іледі. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып береді. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.
Оқушылар жапырақтағы сөздерді дауыстап оқып,осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса- «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса-«кіші ағашқа іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рақмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол,әдепті бол, сыпайы бол.
-Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет» ағашы деп атайық.
Құрметтеп ата-анамды, Бәрін де жақсы көремін,
Ардақтап әпке, ағамды, Үнемі көмек беремін.
Қамқор боп сіңлі-ініме, Үлкенді сыйлау-кішілік,
Сыйлымын үлкен-кішіге. Үлгілі мінез-кісілік. бір – бірін бағалайды
Жинақтау
6 мин І топ: - Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың? Мәулен шалға неліктен көмектесті? Ойыңды айт. Дәлелде.
а) Мәулен өз кінәсін мойындағандықтан көмектесті.
ә) Сашаның атасы болғандықтан көмектесті.
б) Сашаның атасы Мәуленді «көргендінің аты көргенді -ау» дегенін қалай түсінесің?
ІІ топ: - Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөзді дауыс ырғағымен ерекшелеп оқып бер. Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал - мәтел сай келуі мүмкін. «Жақсылық қылсаң бүтін қыл», «Өтірік өрге баспайды», «Әдептілік ар-ұят- адамдықтың белгісі, Тұрпайы мінез, тағы жат- надандықтың белгісі, Бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі.» Абай. Үлкенді сыйласаң- қадірлі боларсың, кішіні сыйласаң- құрметті боларсың. Ар қайда болса, ұят сонда.
ІІІ топ: - Мәтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама бер. Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?
ІV-«Орнын тап» ойыны.
Сендер мына тақтадағы шығарманың оқиғаларын
рет - ретімен орналастыруларың керек.
Атаның әңгімесі – 3
Трамвайдан түскенде – 1
Атаның немересі – 4
Атаның балаға риза болуы – 6
Бейтаныс баланың көмегі – 2
Ата мен немересінің әңгімесі – 5
Бағалау 2мин Сабақтың табыс критерийлері Критерий лер
Кері байланыс: 2 мин Не білдім? Не білгім келеді? Пікір.
Балалар, сонымен бүгінгі тақырыптан не түсіндік?
- Мәуленнің атаға көмектескені дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
- Сендерде жолда үлкен кісілерге көмектесесіңдер ме?
- Біреудің бауынан жеміс ұрлауға бола ма екен?
- Үлгілі оқушы болуға тырысамыз ба?
алған әсерлері мен бөліседі.
Үйге тапсырма 2 мин 145-148 бет, әңгімелеу, Күнделікке жазып алады. Күнде лік Тәрбие.орг сайтынан Б. Соқпақбаев. Шал мен бала Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекбенбетова Г.К

Пікірлер: 0

avatar