«Бақыт деген не?»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 297
  • Авторлық бағдарлама
  • 22/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22692


Сабақтың тақырыбы: «Бақыт деген не?»
Мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру. Адами қасиеттерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Өз ойларын ашық айтуға үйрету.
Түрі: Дөңгелек үстел
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сіздермен бірге «Бақыт деген не?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізгелі отырмыз. Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге «Бақыт дегеніміз не?»деген сұрақ қойғымыз келеді. (оқушылар әрқайсысы өз ойларын айтады.)
Тәрбиеші сөзі:Бақыт деген - денсаулық, бақыт деген – анасы бар отбасы, Бақыт деген – туған – туысқандарымның аман болуы. Бақат деген – еліміздің, жеріміздің бейбітшілігі мен ынтымағының бұзылмай, таза қалпында сақталып қалуы. Шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы – қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда. Адам өмірінде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы және бақыттың кейбір дана сырларын білу керек. Шынайы бақыттың сырларына тоқталмас бұрын мына сұрақтарға жауап беріп көрелік./әңгімелесу/
«Адам бақыт үшін жаралған» деген пікірмен келісесіздер ме?
Адамның арқашан бақытты болуы мүмкін бе?
Орындалған арман үнемі бақыт әкеле ме?
Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?
Кез келген адам өмірдің қалтарыс- қалтарыстарындағы күнгейді емес, жарықты көре білсе соның өзін бақыт деп түсінер едім.
Оқушыларға әңгіме айтылады.
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен де екі қыздың мінездері олар есейе келе өзгере бастапты. Барлығы жетіп тұрса да екі қыздың біреуі әрдайым тұнжырып өмірге қапа болып жүреді. Ал бұл патшаны бей – жай қалдырмайды. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша:
«Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. Патшам рұқсат етсеңіз, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын – дейді жолаушы.Патша қуана рұқсат беріпті.
Сол күнен бастап жолаушы екі қызды патша рұқсатымен жасырын анди бастапты. Қараса екеуі түнде ұйықтар алдында жастықтарының астынан дәптерлерін шығарып, бір нәрселер жазып таңертең жазғандарын оқып, сосын ғана төсектерінен тұрады екен. Жолаушы кісі бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып, оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қызы болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.Ертеңіне жолаушы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызынның қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне сенбепті. Жолаушыны шақырып, мұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Жолаушы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірдің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған». – деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
Тәрбиеші:Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?
Міне, өмір шахмат тәрізді ағы мен қарасы аралас. Өмірдің бәрі оңтайлы келіп, тек жақсылық бола берсе де, жолың бола берсе де адам жалығады емес пе. Өмірдің мәні, алға ұмытылудың , ертеңге асығудың қажеті болмай қалады.Сондықтан жақсылық пен жамандық қатар жүреді.
Бақытты жылдар, айлар, апталар күндер қалтарысынан емес, әрбір сәттен іздеуіміз керек. Біз өткенімізге көз жіберсек, бір күнігідей ғана болады. Егер тек жақсы шаттыққа толы сәттерімізді еске түсірсек, өміріміз тамаша көркемфильм сияқты көрінеді. Сондықтан да әр сәттің ең жақсысын есте сақтайтын болсақ, өміріміздің бақытты екендігіне көз жеткіземіз.
Ол үшін барлығымыз «Ең - ең» ойынын ойнаймыз. Ол үшін әрқайсысымыз қатты қуанған қуанышты күндеріңізді еске түсіреміз. (Әр оқушы қуанышты күндерін еске алып, баяндап береді).
Оқушыларға сұрақ:
Адамды тек қателескені үшін ғана жек көруге бола ма?
Егер жіберген қателігі үшін әр адамды жек көре білсең, соңында өзінді де жек көріп кетесің. Сондықтан өзгені де, өзіңді де кешіре білукерек.
Оқушыларға сұрақ:
Адамдармен қарым – қатынаста қандай болу керексің?
Достарыңның, таныстарыңның көп болғаның қалайсың ба?
Барлық оқушылар бірге:
Мен өзіме, өз жақындарыма, достарыма, болашағыма сенемін. Мен бақыттымын, өйткені мен өзімді, өз мүмкіндіктерімді, бақытты болу жолдарын білемін. Өзіме, өз болашағыма сенемін.
Әр адамның бақыты өз қолында. Осыны ұмытпайық балалар.
Қорытынды: М.Мақатаевтың «Бақыт» деген әнімен аяқталады.Оқушылар бірге әнді шырқап айтады.

Батыс Қазақстан облысы. Теректі ауданы.
Теректі аудандық лингвистикалық гимназия жанындағы жатақхана тәрбиешісі Узбекова Бекзат Исламбекқызы Тәрбие.орг сайтынан «Бақыт деген не?» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Узбекова Бекзат Исламбековна

Пікірлер: 0

avatar