«БАБАЛАР АМАНАТЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 49
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22990


Мақсаты:Балалардың өз еліне деген,туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.
Өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге,елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Дамытушылық:Сөздік қорларын молайту, тілдерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына,Отанға деген сүйіспеншілігін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Қазақстан Республикасының рәміздері, слайд.
Әдіс-тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.
Қостілдік компоненттер: Ту-флаг, елтаңба-герб, әнұран-гимн, Елбасы-Президент.
Педагог: Қайырлы күн ,құрметті ұстаздар мен кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгінгі біздің «Бабалар аманаты-Тәуелсіздік!» атты ашық оқу қызметіне қош келдіңіздер!
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ:
Сәлем бердік, туған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердік, бәріңізге,
Өскен ортам, еркін елім.
Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991 жылы 16 желтоқсан тарихтағы ұлы күн .
Бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті, және еркіндік,бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты. Азаттық алу қазақ қалқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді. ТӘУЕЛСІЗДІК! Ол қандай қасиетті, ұғым десеңізші.

Тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ халхы еңсесін тіктеп, тұғырын биіктетіп, тамаша табыстармен жетістіктерге жетті. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшаң-теңіз, әліде берері тіптен мол.
Тәуелсіздіктің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі; Алматы қаласында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаң еді. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші,Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,
Бұны ешкім,аяп бізге бермейді.
Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгнені.(деп)
Балалардың орындауында : «ӘН ҰРАН»
Педагог: Балалар біздің мемілекетіміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Педагог:Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Педагог:Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар:Тәуелсіз мемлекет.
Педагог: Қазақстанның астанасы қай қала?
Балалар:Астана.
Педагог : Біз қандай қалада тұрамыз?
Балалар: Қарағанды.
Педагог: Балалар біздің Рәміздеріміз қалай аталады.
Балалар: ТУ; ЕЛТАҢБА; ӘНҰРАН.
Педагог: Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туың,Әнұран,
Тәуелсіздікке тән ұран.
Қасиетті осы рәміздер,
Еліме деген рух пен мәні бар,
Иесі оның мына біздер!
Олай болса балалар Ту, елтаңба, әнұран туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
1. Ән ұраным,жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным. (Мейіржан)

2.бала: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында киіз үй.
Қалықтаған қос қыран,
Шарықтаған туа күй.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі. (Амина)

3.бала: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды. (Алтынай)

Педагог: Тұғырым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақта желбіретем.
Балалардың орындауында: Ән «Ақ көгершін»
Педагог: Слайд «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына-
25 жыл.»
Енді «Шаңырақ» биін тамашалайық.
Ал құрметті қонақтар; Қазір біз балаларымыздың көмегімен жер шарын орналастырамыз.Сол жер шарына өзіміздің Тәуелсіз Мемілекетімізді орналастырып , балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алайық.
1.бала: Аспанымыз ашық болсын! (Нұрхан)
2.бала: Күніміз әр кез жарқырай берсін! (Алдияр)
3.бала:Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы шаттыққа толы болсын!(Айғаным)
4.бала:Қазақ елі аман болып,Елбасы жасай берсін! (Амина)
Педагог:Балалар біз жер шарына Қазақстан Мемілекетін орналастырып, сендер өздеріңнің жылы лебіздеріңді білдірдіңдер.
Олай болса балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған 25 жылдық мерей тойы құтты болсын! Елбасымыз аман болып,Қазақстан Мемілекеті одан әрі көркейіп, бай ел болсын деген тілегімізді білдіреміз.
Балалардың орындауында «Батырлар» биін тамшалайық.
Педагог: Балалардың орындауында : Ән «Атамекен»(Балалар қолдарына кішкентай жалаушаны ұстап әнді орындайды.) Тәрбие.орг сайтынан «БАБАЛАР АМАНАТЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК!» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адилова Нуржанат Сагатбековна

Қарағанды қаласы КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar