Бала тәрбиесіне мән берелік

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 622
  • Авторлық бағдарлама
  • 28/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19261


Ақмола облысы
Атбасар ауданы
Сергеевка орта мектебі
тәлімгері
Бохан Силау
Бала тәрбиесіне мән берелік
Бала мектепке келгенде ,оның үйде алған тәрбиесінің әсері бірдан көрінеді.Ол мектепте не көрсе мектепте соны көрсеткісі келеді.Ата-анамен мектеп мұғалімдерінің негізгі мақсаты оны саналы азамат етіп тәрбиелеп өсіру.Оларды қоғамға өз пайдасын тигізетің,жоғары идеялы,отаншыл,адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.Ата-ана өз баласының жақсы азамат болып өсуі үшін сынып жетекшісімен үнемі кездесіп тұрғаны жөн.Отбасы ішіндегі қарым- қатынастар балаға айырықша ықпал етеді.Сүйіспеншілікпен татулыққа негізделген өзара қарым-қатынастарды байқаған бала өзін бір түрілі тыныш,бақытты сезінеді.Ата-аналардың қандайдаа болсынмейірімді еркелетуін бала қуана қабылдайды.Ата-ана арасындағы бір –бірін құрметтемеу және ұрыс-керіс балаға кері ықпалын тигізеді.Отбасындағы қарым-қатынастың ,үлкендердің жөнсіз әрекетін көрген бала іштей азап шегеді.
Ата-аналардың тәрбиелеу әдістерінде үйлеспеушілік болса,анасы рұқсат етпегенде әкесі рұқсат етсе,немесе керісінше ата-аналардың әрқайсысы балаға әр түрілі тапсырма берсе,тәрбиенің екі жақты арнаға айналғаны.Мұңдай жағыдайда бала өзінің жақтасын ойлап шығарады,қайсынан оңай тапсырма алуын ескеріп,содан сұрауды көздейді.Бала ата-анасының осал жақтарын пайдалануға тырысып,екі жүзділіктін жиркенішті әдетіне дағдыланады.
Жастың әрбір кезінде ақыл ойдың жетілуін есептеп отыруға тура келеді.Балаға қолынан келмейтін талаптар қоюда, ол әлі жас қой деген сылтаумен оның дамуын қолмен бөгеу дұрыс емес.Бала өсіп ақыл ойы жетіскен сайын оған қойылатын талаптарда өскен жөн.Бала өзі жасаған қылықтарына жауап беруге тиіс,жаспын ғой кешіретің шығар деп күтпеуі тиіс.Мұнымен бірге балалардың атқаратын міндеттері жасымен сәйкес өсіп отыруы керек,бұл олардың жауапкершілік сезімін күшейтеді.Ата-аналардың балаларға тәрбиелік ықпалы толып жатқан жолдармен жүзеге асырылады.Халық «Әкенің балаға деген сезімі таудай биік,ананың сезімі мұхиттан терең »,дейді.Ендеше әрбір ата-ана өз баласына сондай терең сезім ұялата білгені дұрыс.Тәрбиеде көтермелеу,тиым салу,иландыру,тіпті кейде керек болған жағыдайда жазалап,бірақ баланың адамгершілік қасиетің қорлап,ұрып-соғу жазасына бармау қажет.
Бала-болашағымыз.Баласының болашағы жаман болса екен,-деп ешкім тілемейді.Сондықтанда одан аяры жоқ,аст-үстіне түседі."Ертелі кеш олай етпе,бұлай етпеотырады."Бірақ.... әйтеубір баласы ойлаған жерден шықпайды.Бұл сұраққа ұлы педагог А.С.Макаренконың былай дегені бар: «Ғажайып бала тек бақытт ата-аналарда ғана болады.Сондықтан баламыз жақсы болсың десеңіздер,бақытты болыңыздар». «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер»,-дейді қазақ халқы.Келешек ұрпақ үшін мына ережеледі білу керек деп айту қиын.Бірақ Абай атамыз: «Адам болам десеңіз бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол »демей ме?Сондағы ұмтылатын нәрсе талап,еңбек, терең ой,қанағат,рахым.Сонда жас өспірім қоғам алдыңдағы парызын терең ұғынар.Уақыттың әр уақытында тоғышар әкелерде,тоғышар балаларда болған,бірақ жақсыдан алар өнеге-жастар үшін,алға ұстар жарық жұлдыз,бала тәрбиесі ата-аналарға көп қиындық туғызса да,егер ол мақсатқа бағытталыпшебер де ойлы жүргізілсе,ата-анаға зор бақыт әкеледі.Қазақта «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтса,ел болғаны қайсы» демейді ме? Бүгінгі балаға аға ұрпақтың игі өнегесін үйрете отырып,өткеннің көзімен қарамай,бүгінгі талап тағылымның биігінен қарайық. Тәрбие.орг сайтынан Бала тәрбиесіне мән берелік Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бохан Силау

Пікірлер: 0

avatar