Балалардың байланыстырып сөйлеуіне жағдай жасау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1089
  • Авторлық бағдарлама
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18860


Балалардың байланыстырып сөйлеуіне жағдай жасау.
Байланыстырып сөйлеу белгілі мазмұнды логикалық тұрғыда жүйелі,дәл, грамматикалық дұрыс және образды түрде баяндау болып табылады.Байланыстырып сөйлеу ойлаумен тікелей байланысты,яғни ойдың байланысы.Байланыстырып сөйлеуде бала логикалық ойлауы арқылы қабылдаған нәрселерді дұрыс түсініп ойын жеткізеді.Оның өз ойын жеткізуіне байланысты байланыстырып сөйлеуін айқындауға болады.
Байланыстырып сөйлеуде баланың өз ойын дәл,жүйелі образды жеткізуі,өз ойынан әңгіме құрастыруда,оқылған әңгімені әңгімелеп беруде, бейнелі құралдарды пайдалануы сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырғанда эстетикалық талғамын арттырады.
Өз ойын жеткізуде қызықтыра білуі балаларды және педагогты қызықты оқиғаны тыңдауға баулиды,ал үлкендер балалардың қарым-қатынасқа түсе білуге ,ұялудан құтылуға ,өз біліміне сенімді болуға тәрбиелейді.Тілдің синтаксистік жағы байланыстырып сөйлеу және әңгімелеуге үйрету үдерісі арқылы жетіледі.Төл сөз кеңінен пайдаланылады,жай, жайылма, салалас сабақтас, салалас құрмалас сөйлемдер көптеп кездеседі. Баланың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыруда сонымен қатар ойын-инсценировкалар,драматизациялар,жұмбақтар ,мақал-мәтелдер кеңінен пайдаланылады.Бастауышты сын есіммен байланыстыру « сәби көңілді». «Көңілді сөзін тағы қандай сөздермен байланыстыруға болады?»деген сұрақтар беріліп баланың ізденуіне жағдай жасалады.
Сызбаға қарап сөйлем құрау.
«Жанды сөздер »дидактикалық ойыны.Шарты:әр ойыншы бір сөз ойлайды:бір бала «қоян» десе,екінші бала «сәбіз»дейді .Үшінші бала мазмұны алдыңғы екі сөзге сәйкес келетіндей сөзді тауып байланыстырады.Мысалы «Қоян сәбізді жақсы көреді».Мәтінде кейбір сөздерді жасырып қою,балалар оны ойлап табады. Оған «Кейбір сөздері өшіп қалған хат» ойыны ойнатылады.
Балалардың байланыстырып сөйлеуі әдеби шығарманы қайталап айтып беру(әңгіме немесе ертегі),суретке қарап әңгімелеу ,шығармашылық әңгіме тіл дамыту сабақтарында және күнделікті өмірде жүзеге асады .
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдері мен құралдары
Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін жасалған арнаулы бағдарламада көрсетілген талап бойынша, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау барысындағы тиімді әдістерге талдау жасалынып, үйретудің әдістемелік қырлары талданды. Мұнда қолданылған негізгі әдістер: ұжымдық, алгоритмдік, эссе жазу, желі қолдану, ойын, тірек-белгі әдістері т.б.

Мәтін арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешені
Мәтін арқылы байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған жаттығулар мен тапсырмалар кешені былайша топтастырылды: танымдық талдау жаттығулары; түзету жаттығулары; шығармашылық ізденіс жаттығулары. Зерттеуімізде жаттығуларды іріктеу үшін мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алдық: баланың теориялық білімін практикада қолдануына бағытталуы; балада қызығушылық туғызып, олардың өз бетімен ізденуіне жағдай жасауы; ұшқыр ой, ұтымды пікір, бейнелі сөздер кездесетін, тәрбиелік мәні бар, қызықты мәтін берілуі; тапсырманың шығармашылық сипатта болуы көзделді. Жаттығулар мен тапсырмалар бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізілді:
Таным, Қатынас, Әлеуметтік сала.
«Ғажайып қалта»Мақсаты: заттарды тануға және атауға үйрету.
4. «Түсі қандай?»Мақсаты: қызыл,сары,жасыл,қызғылт сары түстерді ажырату және атауға үйрету.
5. «Сәуле мен Баян қуыршақтарға бөлме жасаймыз»
Мақсаты: ересектер мен балалардың тілдік қатынасын дамыту, қуыршақ жиһазының заттарын ажыратуға және атауға үйрету.
6. «Не өзгерді?»Мақсаты: ойыншықтар туралы екі,үш сөзден тұратын сөйлемді суреттеу әңгімесін қайталауға үйрету, үлкен және кіші пішінді атап көрсету.
Шығармашылық сала бойынша
1. «Қандай түс?»Мақсаты: педагог көрсеткен түрлі-түсті ойыншықтардың түстерін ажыратып білуге үйрету.
1. «Кімге не керек?»Мақсаты: балаларды өздеріне таратылып берілген суреттерді көрсету арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету (қар күреу үшін не керек?, сырғанақ тебу үшін не керек? т.б.)
1. «Бұл неге ұқсайды?»Мақсаты: балалардың ойлау ұшқырлығын, қиялын,байланыстырып сөйлеуін дамыту дамыту.
1. «Ненің дауысы?»Мақсаты: құстар мен жануарлардың дауысын ажырата білуге үйрету.

1. «Суреттер сөйлейді»Мақсаты: сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру.
1. «Бұл қай мезгіл?»Мақсаты: жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажыратуға айтуға үйрету.
1. «Көңіл күй»Мақсаты: балаларға әртүрлі көңіл күйді көрсетілген суреттер арқылы қайталап көрсету, көңілді, мұңды деген сөздерді қайталауға үйрету.
1. «Қайталамақ»Мақсаты: педагогтың айтқан сөзін жаңылыспай қайталап айтуға үйрету. Тәрбие.орг сайтынан Балалардың байланыстырып сөйлеуіне жағдай жасау Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжегуль Есенова

Пікірлер: 0

avatar