Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі тиімді ұйымдастыру
  • 05.06.2016
  • 535 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19166

Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі тиімді ұйымдастыру

Жауапты: Мырзахметова П

Балалардың жазғы демалысын қызықты ұйымдастыруда психологиялық тренингтер, ойындар, әр түрлі жаттығулар жүргізудің маңызы зор. Соның ішінде ең қызықты әрі жеңіл бірнеше тренинг түрін ұсынып отырмын.
Мақсаты: Балаларға қабылдау туралы түсінік қалыптастыру, қабылдаудың кейбір ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Кеңістікті және уақытты қабылдауға тәрбиелеу. Баланың қабылдауын ойға шабуыл жасау арқылы дамыту, балалардың білімдерін пайдалана отырып қабылдау ұғымын қалыптастыру.
Айырмашылық ұқсастықтарын өзара ажырату.

1. Ішкі жан дүниеңнің патшалығы
Біздің әрқайсысымыздың ешкімге, ешт нәрсеге ұқсамайтын өз ішкі әлеміміз бар. Біз оны сиқырлы патшалықтың үлкен де бір керемет бағынджа деп елестетейік. Қатысушылар көзін жұмып, өз-өздерімен, өз ішкі сырымен, ішкі әлемімен 10-15 минут үнсіз отырады, аудиторияда тыныштық орнайды. Уақыт өткеннен кейін талқылау:
1. Өз-өзіңізбен болғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
2. Қандай қиындықтар болды?
3. Кім де кім бостандыққа құмарттыма жаны?

2. Шеңбер бойымен ертек
Мақсаты: Өзім жайында не білдім, нені біле алдым? Деген сұраққа жауап алу. Осы ертектегі сөздер арқылы оның қандай кісі екендігін біле аласыз.
Шарты: Екі адам бірігіп бір параққа сурет салады, бірі жүргізеді, екіншісі көзін жұмып отырады. Екіншісі көзін ашпас бұрын қандай сурет салғызғаны жайында сұрайды, таппаса көзін ашып қарауға болады. Келесісінде осындай рөлдерді алмасады. Кейін топ 6 адамға бөлініп, әрқайсысы салынған суреттерінен ұнаған жерін айтады, әр қатысушы өзінің салған суретінің өзіне ұнаған жерін бейнелеп жазады. Мысалы: гүл, тал, үй... Бір парақ алып сол ұнаған суреттерінен ертек шығарады шеңбер бойымен. Мысалы: Мен күнмін, айналама жылу шашамын, ( келесі адам жазуы мүмкін) Ол үнемі жылуын береді деген сияқты 6 адам жалғастырады, 6 адамның суретінеде. Кейін 6 адамға әркім өзі не жазды соны оқиды және парақтағы ертек топ бойынша кезекпен кезек оқылады.

3. Сәлем, бұл- менмін
Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру, дағдысын дамыту, тілдесу үшін жағымды байланыс орнату.
Тапсырма: Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екендігін, тренингке қатысушылармен бірге жұмыс жасап, тілдесуге дайын екендігін көрсету.
Нұсқау: Өзіңді көрсет, өзің туралы айтып бер. Өзіңді- өзің таныстыру үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: жарнама газеттегі хабарландыру, өзің туралы әңгіме, өлең, ән, афоризм.
Жаттығуды талдау:
- Қай қатысушының таныстыруы сізге көбірек үнады, неліктен?
- Тренингке қатысушы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?
- Шығып сөйлесу барысында сіз адамның ашық, тілектестік қарым-қатынасқа бет бұрғандығын сезіндіңіз бе?

4.Достық аралы
Уақыты: 5 минут
Қатысушы саны: 5 адамнан жоғары
Жас ерекшеліктері: шектелмеген
Тренинг жүйесі: Қатысушылар кішкентай матаға сыйып кетуі керек. Матадан ешқандай мүшелері шықпаған топ жеңіске жетеді.

5. «Соқыр мүсінші»
Мақсаты: балалардың сезімталдық қабілетін анықтауға арналған тренинг
Уақыты: 10-15 минут
Қатысушы саны: 3 адамнан жоғары
Жас ерекшеліктері: шектелмеген
Тренинг жүйесі: Қатысушының көзі орамалмен байланады. Соқыр мүсінші жұмулы көзбен мүсін соғады. Екінші қатысушы жұмулы көзбен бірінші мүсіншінің жасаған мүсінін қолмен ұстап, сезініп, айнытпай дәл сондай етіп мүсін соғады. Оның мүсінін, үшінші мүсінші дәл солай етіп қолмен ұстап көріп жаңадан жалғастырады.

6. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу
Бұл медиативтілік техника денедегі қысымды түсіруге арналған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші: Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бір қалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауытпалықтан бір сәтке болса да арлығандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі мен бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы жардың басында тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

7. «Интервью»
Мақсаты: Серіктесін тыңдай білуді дамыту және коммуникативті дағдыларды жетілдіру.
Тренинг барысы: Қатысушылар жұптарға бөлінеді, кезектесіп « журналистер» мен « жұлдыздар» болады. « Журналистер» « жұлдыздардан» интервью алады және ол туралы не білгісі келсе, соны сұрайды. Бір-бірінен интервью алып болған соң кезектесіп өз жұлдыздарын таныстырады.

8. «Күн шуақты алақай»
Мақсаты: Балалардың бойындағы агрессиядан арылуға ықпал ету, оқу жылында бастарынан өткізген қиын сәттерін айтқыза отырып, алдағы уақытта сол қиындықтарды болдырмау жолдарын іздеу.
Тренинг барысы: Балалар көзімізді жұмып, көз алдымызда мына сәтті елестетейік: күн шуақты көк шалғын алаңқауда дем алып отырмыз. Күн шуағы көзімізге қарайды. Көзімізден бетімізге жылжиды. Бетімізді алақанымызбен сипалаймыз. Ол ары қарай маңдайымызға, мұрынымызға, ауызымызға, бетіміздің ұшына, иегімізге түсті. Одан кейін мойынымыздан, қолымыздан, денемізден, арқамыздан сипап өтті.
Күн шуағы бізді жылытты ма балалар?!
Сергіту сәті:
«Күн шуақты алақай» қызыл-сары, жасыл-көк, хош иісті, әсем гүлдерге толы екен, балалар, өзіміздің ұнатқан гүлімізді атап, жылы лебізімізді, тілегімізді достарымызға білдіреміз.

9. «Ақ лента»
Мақсаты: Өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өзін-өзі баулуға үйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектесу.
Плакатқа МЕН деген жазу ілінеді, балалардың алдына ақ лента салынады.
Балаларға егер болашағыңыз үшін жауапкершілікті сезінсеңіз, өміріңіздің жақсы болғанын қаласаңыз мына лентадан аттаңыз, аттар алдында қандай жаман мінезіңізден арылғыңыз келетінін стикерге жазып, плакаттағы МЕН әріптеріне жапсыру сұралады.
Бәрі өздерінің бойларындағы жағымсыз мінездері жазылған стикерді МЕН әріптеріне жапсырып ақ лентаны аттайды. Болған сон плакаттағы әріптер өртеледі.

10. «Мен өмірді таңдаймын»
Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, өмірге деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру.
Тренинг барысы: Балалар, өмірге келген әрбір адам бақытты болуға құқылы және сол бақытқа жету жолында түрлі қиындықтардың да кездесетіні жасырын емес. Біз бүгін өзіміздің өмірімізді қаншалықты дәрежеде сүйетінімізді дәлелдей аламыз.
Барлығымыз шеңбер бойымен орындыққа отырайық. Мен қолыма доп алып, сендерге допты лақтырамын, сол арқылы қолына доп алған бала өзінің есімін атап, есімінің бас әріпінен басталатын 3 жағымды қасиетті айтады. Сол арқылы біз өзімізді жақсы жағынан көре білуге, өзімізді жақсылыққа теңестіруге дағдыланамыз.
Сергіту сәті:
Балалар, егер байқап қарасақ, әр адамның ережесі- өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иықты тіктеп, жарын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
Жігер деген- Мен
Күш деген- Мен
Махаббат деген- Мен
Құдірет деген- Мен
Жас жеткіншек деген- Мен
Денсаулық деген- Мен
Бір ғажайып деген- Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда Тәрбие.орг сайтынан Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі тиімді ұйымдастыру Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мырзахметова П

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 535 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar