Балалық шақ- өмірдің көктемі

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 37
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23409


Балалық шақ- өмірдің көктемі

«...Бал балалық, балалық шақ, ақ арман,..»

Көктем-гүл, көктем- нұр, көктем баршаға қуаныш сыйлаған табиғаттың ғажайып кезеңі. Өйткені, көктемде табиғат оянады. Күн көзінің сәулелері ерекше жарқырайды. Көктем мезгілі барлық адамға, табиғатқа жылы сезім, қуаныш сыйлайды. Ал адамның жастығы дегеніміз яғни балалық шақ тамаша, сәулетті көктем, ол өмірде бір ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса шағы. Жылдың осы бір тамаша сәтіндей адамзаттың да бар ғұмырының түрлі кезеңдерден өтетіні бәрімізге аян. Балалық шақ, жасөспірім кезең, ересек адам, қарттық кезең- осының бәрі адам баласының өсу үрдісінің көрінісі. Адам өмірін де осылай табиғатпен салыстыра айтсақ өмірдің ең тамаша кезеңі, яғни көктемі - балалық шақ дер едім. Ал тәлім-тәрбие осы балалық шақтан бойымызға дарып, нәр аламыз. Пәк, таза, бүлдіршін баланың санасына жақсы ой, өнегелі тәрбие беріп, өмірге деген құштарлық сезімін ояту қашанда үлкендердің, оның ішінде ұстаздардың міндеті. Ата - ананың, өскен ортаның ықпалымен, балабақша, мектеп өміріндегі түрлі әсерлермен бала өзін-өзі үлкен өмірге дайындайды. Демек осы сәттерде оған біздер, яғни ұстаздар қауымы дұрыс бағыт-бағдар бере отырып қабілетін шыңдап, дарынын дамытып отыруымыз қажет. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бар көрген жақсысын өмірге пайдалана білсе, оны жақсы жағынан іске асыра отырып өмірден өз орнын таба білсе қандай ғанибет! Міне риясыз күлкі мен шаттыққа толы көңілді балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық! Балалық шақта жүрегімізді ризашылық сезім билеп, жанымыз рахатқа бөленеді. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген шағымыз- балалық шақ. Жалпы адамзаттың бойындағы адамгершілік қасиеттері мен құндылықтары сонау бала көктемнен бастау алады. Адамзаттың өзін-өзі тануы, өз жаратылысы мен табиғатын бағамдай білуі дежас кезден қалыптасары сөзсіз. Өзін-өзі тану пән мұғалімдері осы бағытта балалармен сынып сағаттары мен түрлі сыныптан тыс іс- шаралар өткізуде. Бәрінен де керемет кез – ол біздің балалық шағымыз. Сол үшін де балалық шағымыздың бал дәмін сезініп көктем гүлдеріндей жайқалып өсіп, жан- жағымызға да қуаныш сыйлауға асығымуыз керек. Әр ұрпақты жақсылыққа баулып, еңбекқорлыққа жетелеп, жақсы мен жаманды ажырата білуге және ұмтылдыру қажет. Сонда ғана оның биіктегі нәтижесін көре аламыз. Еккен дәніміздің толық та нәрлі болуын көру өз қолымыздан келетінін ұғына отырып еңбектенуіміз қажет. Яғни, қорыта айтсақ, бүгінгі ұрпақ тілегі- ертеңгі елдің тірегі!

Есимова Бекзат Қырғызбайқызы,
"Бөбек" ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы,
"Өзін-өзі тану" оқу-сауықтыру кешенінің бастауыш сынып мұғалімі Тәрбие.орг сайтынан Балалық шақ- өмірдің көктемі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есимова Бекзат Қырғызбайқызы

Пікірлер: 0

avatar