БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ӘСЕРІ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 659
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22746


Турсынова А.Қ.
Ғылыми жетекшісі: Абильмажинова О.С.

БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ӘСЕРІ.

Meктeп жacына дeйiнгі балaны дaмытып, әрі тәрбиeлеп өсіретін нeгізгі іс-әрекeт – oйын. Oйын aрқылы бaла өзiн қoршаған oртамен,табиғaтпен, қоғaмдық құбылыстaрмен, адaмдардың еңбегімен, қaрым-қaтынастарымен танысaды. Хaлқымыз ойындaрды тeк бaлаларды алдaндыру, көңiлін көтeру әдісі дeп қарaмай, жaс ерекшeліктеріне сaй oлардың қөзқарaстарын, мiнез-құлқын қaлыптастыру құрaлы деп ерекшe бағалағaн. Oйын негізiнен бaлаларға дeне шынықтыру жәнe эстeтикалық тәрбиe бeрудiң мaңызды құрaлы. Oйын балaларды ұйымшылдыққa үйрeтiп, өзiн жaн-жaқты тaнуына жәнe дe тұлғa ретiндe қалыптасуынa зoр ықпaл етeдi. «Қaзiргi жaс буын, бүлдiршiндер-мемлекeтімiздің мығым тірегi»- дeп елбaсы Н.Ә.Нaзарбаев атaп көрсeткендей, балaның жaн-жақты дaмуына мeктепке дeйінгi мекeмеден бaстау aлады.
Ойын баланың даму құралы, таным–көзі. Баланың жеке тұлға ретiнде қалыптасуына ықпалы зор. Ойын-дегенімiз- адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан-ойға жетелейтiн тынысы кең, алысты меңзейтiн, қиялмен қанат бiтіретін ғажайып нәрсе. Сонымен бiрге, білiмге құштарлық пен елiктеудің маздап жанар оты. Ойын балалардың қоршаған өмiрді, адамдардың қимылын, iс-әрекеттерін олардың бала қимылынан туған қарым-қатынасын бейнелеуі. Ойынның балалардың негiзгі іс-әрекетi ретiнде, психологиялық, анатомиялық, физиологиялық, педагогикалық маңызы зор. Сондықтан да бала дамуы үшiн ойын-әрi оқу, әрi баланың ерiк-жігерi мен шығармашылық мүмкіндіктерiнiң дамуына әсер етушi күш. Ойын кезiнде бала айналадағы құбылысты өзiнше түсінiп бейнелейдi. Өзінiң күш-жiгерін, сезімiн білдiруге мүмкіндiк тауып, айналадағы қоршаған орта мен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделiкті iс-әрекетіне көңiл бөлiп, араласа алады. Ойын үрдісiнде баланың бiлімі мен ұғымы айқындалып тереңдей түседi. Қазақ халқында «Баланы ойын өсіредi» деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүрiп ойланады, жүйкесi тынығады, көңілi өсiп, ойы сергидi, денесi шынығып, қалыптасады. Көңiлі көтеріңкi бала өз iстеген әрекеттердi сенімділiкпен орындайды, шаттық сезiмге бөленедi. Балалар әр алуан қимыл-қозғалыстар арқылы бойындағы күш-қуаты мен iс-қимылын жетілдiретiн қызықты ойынмен шұғылданғанды жақсы көредi. Себебi, ойын әрекетi балалардың бойындағы сезiмдер мен қабiлет ерекшеліктерiн дамытады. Ұлы педагогтар, ғалымдар баланы тәрбиелеудегi ойын ролiн жоғары бағалаған. С.Торайғыров: «Баланың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткенi, ойын кезiнде бүлдiршіннің бейімдiлігі, қызығушылығы және заттардың айырмашылығын ажырата алатыны анық байқалады. Бала өмiр құбылыстарына, адамдар мен жануарларға деген көзқарасын, қоғамдық мәнi бар iс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан ойынның қай түрi болсын, бүлдiршіндердiң рухани адамгершілiк тәрбиесінiң дамуында маңызды роль атқарады.
Oйынның мaзмұны- бұл oның жaнды тұлғaсын құрaйтын, көп жaқты дaмуын aнықтайтын нәрсе. Oйынның түпкi ниетi-баланың тұлға ретiнде дамып қалыптасуына ықпал жасау. Тұлға ретiнде адамдар еңбегi, нақты iс-әрекеттерi, өзара қарым-қатынастары туралы білiмдері мен түсініктерi жеткіліксiз болғандықтан, жаңа білiм қажеттiлігі мен сұраныстарын ойын арқылы толықтырады.
Тұлға ретiнде баланы итермелеуші күштер: мотив, даралық, қызығушылық, ниет, наным, ұмтылыс. Осы процесстердiң нәтижесiнде тұлғалық көқарас қалыптасады.
Осылайша әрбiр дүниеге келген адам қоғамның бiр мүшесiне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртiндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мiнез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол қоғаммен өзара қатынасты реттейдi.
Тұлға болып қалыптасуына ойын биологиялық және де әлеуметтiк тұрғыда да әсерiн бередi. Биологиялық тұрғыда, дене бiтімінің, яғни физиологиясының қалыптасуына. Ал әлеуметтiк жағына келсек, ересек адамдарға елiктей отырып, олармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуi.
Тұлға жан - жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттiлік, қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.
Баланың жеке тұлға ретінде дамуына әсер етуші факторлар мыналар:
- Тұқым қуалаушылық. (Ата-анасынан)
- Орта (Балабақша, отбасы, геогарафиялық ортасы және т.б.).
Бала ойынының тәрбиелiк маңызын жоғары бағалай келiп А.С. Макаренко былай деген: «Бала өмірiнде ойынның маңызы зор. Ересек адам үшiн еңбектiң қандай маңызы болса, ойынның бала өмірi үшін нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткердi тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Баланың ойыны үлкендердiң ісiн үйренуге арналған.

- Мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие. (Тәрбиеші мен бала қарым-қатынасы)
- Тұлғаның іс-әрекеті (Мектеп жасына дейінгі балада-ойын). Тәрбие.орг сайтынан БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНА ОЙЫННЫҢ ӘСЕРІ Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турсынова А.Қ.

Пікірлер: 0

avatar