Баспанамызға жылылық сыйлаған күн

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 337
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22634


Баспанамызға жылылық сыйлаған күн.
«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне
шимақты қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі
де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»
Жан Жак Руссо.

«Ана» деген қандай қасиетті әрі құдыретті сөз екенін әр адам біледі. Осы бір жанға жылы сөзді естігенде, баспанамыздағы тәрбиеленушілерімізді ерекше сезім билейді. Оның дәлелі баспанамызда өткен «Аналар кеңесінің» ұйымдастырған қайырымдылық акциясы.Қостанай облысы Арқалық қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» біздің баспанамызды да назардан тыс қалдырмай, бар ықыласымен аналық жүректерін көрсете білді. Кеңес мүшелері балалардың санасына қайырымдылықпен мейірімділік ұғымдарын қалыптастыра отыра әңгімелесіп ерекше көңіл-күй сыйлады. Қайырымдылық акциясы аясында балаларға ақ дастархан жайылып, әрі дәмді тәттісінен әр балаға таратылды.
Кеңес мүшелері әңгімелесу кезінде тәрбиеленушілерімізге ата-аналарын сүюге, елін ардақтауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін көптеген тақырыптар қозғалды. Сол сәтте балалардың бал-бұл жанған жүздерінен, анаға деген құрметті, мейірімділік пен адамгершілікті көргендей болдық. Акцияның мақсаты, балалармен танысып және жай-күйін әлеуметтік жағдайымен танысу болатын болса, аналар кеңесі алдына қойған мақсатын толықтай орындады деуге болады. Ана алақанын сағынып, аңсап жүрген баспана тәрбиеленушілері үшін бұл кездесу сондай қажет еді. Балалардың жәудіреген көздерінен «Аналар кеңесіне» деген құрметпен, ілтипатты да көрмеу мүмкін емес еді. «Жақсылыққа себепші мен оны жасағаның да сауабы бірдей», - деген сөз ерекше еске түседі. Жақсылық етсең міндет етпе дегенді өздеріне қағида ете білген аналар кеңесі мүшелерінің бұл бастамасына баспана тәрбиешілеріде айтар алғысы шексіз. «Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге» деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланың тәрбиесімен әжелер мен аналар көбірек айналысқан. Осындай тәрбие сабақтастығы бүгінгі таңда да өңірлерде әлі жалғасын тауып келеді. Аналар кеңесі баспананың тәрбиеленушілерінің әлеуметтік проблемаларымен танысып, өз тараптарынан көмектерін ұсынды. Айта кету керек, кеңес өз жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да жалғасын табатын айтты. Осындай алтын аналардан құралған кеңес өз жемісін береріне сенімдімін.
Мөлдір Кенжеғұлова,
Арқалық қаласы, «Арқалық балалар мен
жасөспірімдер баспанасы»КММ
әлеуметтік педагог – психологы Тәрбие.орг сайтынан Баспанамызға жылылық сыйлаған күн Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мөлдір Кенжеғұлова

Пікірлер: 0

avatar