Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бастауыш сыныптарда «Өлең – сөздің патшасы » бағдарламасы
  • 16.05.2016
  • 383 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19015

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (130.0Kb)

Түсінік хат

Бастауыш сыныптарда «Өлең – сөздің патшасы » бағдарламасы бойынша оқыту - келешек жас ұрпақтың сана сезімін ұлттық озық дәстүрде қалыптастыру, ұлттық ерекшелікті оқушы бойына сініру, рухани биікке көтеру мақсатында құрылады.
Сөз - адам қарым – қатынасыны және ойды жеткізу құралы. Сөз – сана,
ақыл, ой және сезімнің қорытылған нәтижесі. Ал, сөз өнерінде өлеңсіз ешқандай туынды болуы мүмкін емес. Өлең – сөздің, шешендіктің биік шыңы. Өнер алды – қызыл тіл бөлімінде өлеңді мәнерлеп оқуда өлең шумақтары мен ұйқастарын ажырата білу, табуды үйренеді. Теориялық талдауда жеке ақын шығармаларын түсіну және талдай білуге үйренеді. Ақын болу арманым бөлімінде оқушылар өздігінен өлең жолдарын құрастыра білуге үйренеді. Өлең түрлерінде әр түрлі әзіл, сықақ, жұмбақ, өтірік, мысал, аударма өлеңдер және жаңылтпаштармен танысады. Абай мектебінде Абайдың шығармаларымен тереңірек танысып, қара сөздерінің мағынасын ашыа білуге үйренеді. Сүйемін туған елімді бөлімінде оқушының патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспенішілігін өлең жолдарымен жеткізуге үйренеді. Халық ауыз әдебиеті бөлімінде тұрмыс салт жырларымен, шешендік сөздер, толғаулар, поэмалармен танысып, айтыс түрлерін үйренеді. Бала қабілетін шыңдау бөлімінде сахналық қойылым, рөлдік ойындар, монолог оқу арқылы оқушы актерлік өнерге бейімделеді.


Мақсаты:

• Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ерекшеліктерін үйрете отырып, ақын жазушылардың шығармаларымен таныстырып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру;
Дарынды талант иесін тәрбиелеу, оқушының сөздік қорын дамытып, рухани эстетикалық, көркемдік, азаматтық тәрбие беру;

Міндеттері:

• Сөздің мағнасын түсіндіру
• Сөйлем деңгейінде түсіндіру
• Мәтін деңгейінде түсіндіру
• Өлең оқу мәнері мен дауыс ырғағын қалыптастыру
• Тіл заңдылықтарына сай дұрыс сөйлеуге, жаза білуге үйрету
• Шығармашылық жұмыста бала қиялын ұштау
• Қазақи,ұлттық мәдениетке, ізгілік пен көркем сөз мәдениетіне тәрбиелеу.
• Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып,ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру негізінде ауызша да, жазбаша да сөйлей білетін жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал жасау
Білім мазмұны

Аптасына 4,5 сағаттан барлығы 153 сағат .
Өнер алды – қызыл тіл – 14 сағат, теориялық талдау – 10 сағат, ақын болу арманым – 4 сағат, өлең түрлері – 17 сағат, Абай мектебі -11 сағат, сүйемін туған елімді – 10 сағат, халық ауыз әдебиеті – 22 сағат, қазақ халқының айтыс өнері – 13 сағат, қазақ ақын жазушылары шығармаларымен танысу – 24 сағат, бала қабілетін шыңдау -12 сағат, балалар әдебиетімен танысу -14 сағат.

Өлең оқудағы пәнаралық байланыс
Өлең оқу – қазақ тілі және ана тілі пәндерімен тығыз байланысты.

Сонымен қатар ақын,жазушылар шығармашылығымен танысқанда әдебиет пәнімен байланыста өтеді.

Адамдар жан дүниесін, мінез - құлқын сипаттауда психологиямен;

Табиғатты, әдемілікті, мүсінді білдіретін сөздер сурет, еңбек пәндерімен;

Табиғатты, жыл мезгілдерін, аспан әлемін, ай, күн,жер-суды білдіретін сөздер дүниетану пәнімен;

Айтыс, ән, толғауды өтуде әуенге салып айту керек екенін үйрету арқылы музыка пәнімен байланыстырып өтуге болады.

Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар:

• Сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп,оны игеру.

• Өлеңді мәнерімен оқуды үйрену

• Өлең шумақтарын,ұйқастарын ажырата білу

• Ақын өлеңдеріне талдау жасау

• Өлеңнің негізгі мағынасын түсіну

Өлең сөздің патшасы

№ Тақырыбы сағат мерзімі
Өнер алды – қызыл тіл 14
1 Тіл
1
2-3 Сөзді түсіну.Сөйлем 2
4 Сөйлеу мәдениеті 1
5-6 Өлеңді мәнерлеп оқу өнері 2
7-8 Өлен шумақтары 2
9-10 Өлең және ұйқас 2
11-12 Дыбыс үндестігі 2
13-14 Практикалық сағат 2
Теориялық талдау 10
1-2 С.Сейфуллин «Далада» 2
3-4 М.Әлімбаев «Кім жомарт, не жомарт?» 2
5-6 С.Торайғыров «Мен қазақ» 2
7-8 А.Құнанбаев «Сегіз аяқ» 2
9-10 Практикалық сағат 2
Ақын болу арманым 4
1 Өлең құрастыру 2
2 Ситуация арқылы сөйлеу 2
Өлең түрлері 17
1-2 Әзіл өлеңдер 2
3-4 Сықақ өлеңдер 2
5-6 Жұмбақ өлеңдер 2
7-8 Өтірік өлеңдер 2
9-10 Практикалық сағат 2
11 Жаңылтпаштар 1
12-13 Мысал өлеңдер 2
14-15 Аудармалар 2
16-17 Практикалық сағат 2
Абай мектебі 11
1 А.Құнанбаев 1
2-3 Практикалық сағат 2
4-5 А.Құнанбаев шығармалары 2
6-7 Ән.Құлақтан кіріп,бойды алар 2
8-9 Абай қара сөздері 2
10-11 Практикалық сағат 2
Сүйемін туған елімді 10
1-2 Қ.Аманжолов.Мен қазақпын 2
3-4 Ж.Жабаев. Ленинградтық өренім. 2
5-6 Ж.Смақов. Отан. 2
7-8 М.Мақатаев.Отан туралы 2
9-10 Практикалық сағат 2
Халық ауыз әдебиеті 22
1-2 Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар 2
3-4 Төрт түлік малға,еңбкке байланысты өлең-жырлар 2
5-6 Баланың дүниеге келуіне,ержетуіне байланысты 2
7-8 Үйлену салтына байланысты. «Тойбастар,жар-жар,беташар.» 3
9-10 Практикалық сағат 2
11-12 Бата – тілектер 2
13 Наурыз жыры 1
14-16 Шешендік сөздер 3
17-18 Толғаулар,арнаулар 2
19-20 Поэма. Поэма туралы түсінік 2
21-22 Практикалық сағат 2
Қазақ халқының айтыс өнері 13
1-2 Ақындар айтысы 2
2-3 Қызбен жігіт айтысы 2
4-5 Қайым айтыс 2
6-7 Практикалық сағат 2
8-9 Жұмбақ айтыс 2
10-11 Мысал айтыс 2
12-13 Бәдік айтыс 2

Қазақ ақын,жазушылары шығармаларымен танысу
24
1 Шәкәрім Құдайбергенов 1
2 -3 Шәкәрім шығармалары 2
4 А.Байтұрсынов 1
5-6 А.Байтұрсынов шығармалары 2
7-8 Практикалық сағат 2
9 С.Торайғыров. 1
10-11 С торайғыров.Шәкірт ойы 2
12 І.Жансүгіров. 1
13-14 І.Жансүгіров шығармалары 2
15-16 Практикалық сағат 2
17 М.Жұмабаев. 1
18-19 М.Жұмабаев шығармалары 2
20 М.Мақатаев 1
21-22 М.Мақатаев шығармалары 2
23-24 Практикалық сағат 2
Бала қабілетін шыңдау 12
1-4 Сахналық көріністер 4
5-8 Рөлдік ойындар 4
9-12 Монолог оқу 4
Балалар әдебиетімен танысу 14
1-3 Жахан Смақов
«Төрт түлік туралы» 3
4-5 Өтепберген Ақыпбеков
«Ойнайық, ойланайық» 2
6-7 Қадыр Мырзалиев «Көктем» 2
8-10 Әбіш Кекілбаев «Біздің бала шағымыз» 3
11-12 Мыржақып Дулатов
«Үйренсін балалар, өнер ғылым» 2
13-14 Қорытынды сағат 2
Барлық сағат саны 153


Қолданылған әдебиеттер

1. М.Әуезов 12 том. Алматы 1983 ж.
2. Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» Алматы
3. Ф. Оңғарсынова 10 томдық жинақ. Алматы «Атамұра» 2004
4. М.Мақатаев шығармалар жинағы. Алматы «Жалын» баспасы 2007
5. Журнал «Абай» Алматы «Дәуір» 2003 жылғы басылымдары
6. «Балдырған» журналы, «Айгөлек» журналы тізбелері Тәрбие.орг сайтынан Бастауыш сыныптарда «Өлең – сөздің патшасы » бағдарламасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерсултанова Сауле Аскербековна

Астана қаласы № 60 мектеп-лицеиі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 383 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar