Бастауыш сыныптары үшін «Туған өлке» пәнінің оқу бағдарламасы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 780
  • Авторлық бағдарлама
  • 16/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19014


Бастауыш сыныптары үшін
«Туған өлке» пәнінің оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1. «Туған өлке» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.
2. «Туған өлке» курсының басты мақсаты:
1) өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту;
2) бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.
3. Міндеттері:
1) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын тереңдету;
2) практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті қалыптастыру және дамыту;
3) жеке тұлғаның бойында ізденушілік-зерттеушілік қасиетін, топсеруендік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
4) әр түрлі тәсілдермен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын, жалпы оқу біліктілігі мен дағдысын, байқағыштықты, ойлауды, қиялдауды, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.
4. «Туған өлке» сабақтарында, тәрбиелік мақсаты ретінде «кіші» Отанына деген патриоттық, азаматтық сезімдерді тәрбиелеу жүзеге асырылады;
5. «Туған өлке» курсы жергілікті жердің қыр-сырын ашып көрсету арқылы география, биология, тарих, әдебиет және басқа да пәндерді оқу білімімен логикалық түрде толықтырады;
6. Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі: оның табиғаты, табиғат ресурстары, өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, көлік жүйесі, тарихи және мәдени дамуы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы білім жүйесі қалыптасуы тиіс.
7. Бастауыш сынып оқушылары «Туған өлке» жұмысының мазмұнына облыстың тарихи өткені мен археологиялық ескерткіштерін, мәдени (сәулет өнері, әдебиет) ескерткіштерін, облыстың атын шығарған атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын таныту.
8. Бастауыш сыныпта «Туған өлке» факультативтік курс ретінде аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады.

2. Білім мазмұны

1) «Кіріспе» (1 сағат) Қарағанды облысының географиялық орны және көлемі елді мекендердің (әкімшілік, экономикалық, ғылыми, мәдени-тарихи, рухани орталықтар) маңызы және ерекшеліктері;
2) Карталармен жұмыс істеу» (2 сағат):
Қарағанды облысы картасымен таныстыру, жергілікті жердің планын жасау, шартты белгілер;
қауіпсіздік ережелері;
3) «Қарағанды облысының жер бедері» (3 сағат):
жер бедерінің түрлерімен танысу, жер сілкінуі кезіндегі әрекеттер, жер бедері түрлері атауларының шығу тарихын оқып-білу, тау жыныстарымен таныстыру;
4) «Қарағанды облысының табиғи ресурстары» (2 сағат):
туған өлкенің табиғат ресурстарының тізімін құрастыру және олардың экономиканы дамытудағы рөлін анықтау, өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен танысу
пайдалы қазбалардың кен орындарымен және оларды өндіру әдістерімен (тәсілдерімен) танысу.
5) «Жергілікті жердің ауа райы және климаты» (3 сағат):
ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, ауа райын болжау (әдістерді презентациялау), төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары, адамның іс-әрекеті;
6) «Абай қаласының су ресурстары және оларды пайдалану» (3 сағат):
өлке аумағындағы су нысандарының жіктелуі, атауларының пайда болу тарихын оқып-білу, су ресурстарын пайдалану.
7) «Қарағанды облысының топырағы» (2 сағат):
топырақтың негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызы,
топырақ кесіндісін оқып-білу;
8) «Қарағанды облысының өсімдіктері» (3 сағат):
Облыс аумағындағы өсімдік жамылғысын оқып-білу,
Облысымызда өсетін өсімдіктердің жекелеген түрлерін оқып-білу, олардың пайдалы және емдік қасиеттерімен танысу;
9) «Қарағанды облысының жануарлар дүниесі» (3 сағат):
жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін оқып-білу, қауіпті және пайдалы жәндіктер,жануарлар және олардың маңызы, қазақтың ұлттық аңшылық өнері – саяткерлік;
10) «Қарағанды облысының ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау» (3 сағат):
туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері мен жануарларын анықтау және тізімін құрастыру, олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар, бейнефильмдер жасау (жұмысты презентациялау);
11) «Абай ауданының шаруашылығы» (4 сағат):
маңызы бар (ауылдың, ауданның, қаланың) өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындары, ауданның кәсіпорындары және мекемелерінде сұранысқа ие мамандықтар;
өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу (кәсіпорындардың жетекшілерімен және мамандарымен кездесу);
кәсіпорынға экскурсия жасау, техникамен, әр түрлі мамандық иелерімен танысу;
12) «Қарағанды облысының өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті» (4 сағат):
Қарағанды облысының қысқаша тарихы;
Қарағанды облысының белгілі адамдары, қаланың дамуына үлес қосқан адамдардың өмірбаянымен және еңбегімен танысу;
13) қорытындылау (1 сағат)

«Туған төлке»
Аптасыны-1 сағат, жылына - 34 сағат 4-сынып
№ Тақырыбы сағат мезгілі
«Кіріспе» 1
1 Қарағанды облысының географиялық орны 1
Карталармен жұмыс істеу» 2
2 Қарағанды облысы картасымен таныстыру 1
3 жергілікті жердің планын жасау, шартты белгілер 1
«Қарағанды облысының облысының жер бедері» 3
4 жер бедерінің түрлерімен танысу 1
5 жер бедері түрлері атауларының шығу тарихын оқып-білу, 1
6 тау жыныстарымен таныстыру; 1
«Қарағанды облысының табиғи ресурстары» 2
7 өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындары 1
8 кен орындарының ашылу тарихымен танысу 1
«Жергілікті жердің ауа райы және климаты» 3
9 ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері 1
10 ауа райын болжау 1
11 төтенше жағдай сипатындағы ауа райы құбылыстары 1
«Қарағанды облысының топырағы» 2
12 өлке топырағының негізгі түрлері 1
13 топырақ кесіндісін оқып-білу 1
«Қарағанды облысының өсімдіктері» 3
14 өлке аумағындағы өсімдік жамылғысын оқып-білу 1
15 өлкеде өсетін өсімдіктердің жекелеген түрлерін оқып-білу 1
16 олардың пайдалы және емдік қасиеттерімен танысу 1
«Қарағанды облысының жануарлар дүниесі» 3
17 өлкенің жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін білу 1
18 қауіпті және пайдалы жәндіктер, 1
19 қазақтың ұлттық аңшылық өнері – саяткерлік 1
«Қарағанды облысының ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау» 3
20 туған өлкенің қорғауды талап ететін өсімдіктері 1
21 туған өлкенің қорғауды талап ететін жануарларын 1
22 олар жайлы фотоальбомдар, бейне слайдтар. 1
«Абай ауданының шаруашылығы» 4
23 өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындары 1
24 өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу 1
25 сұранысқа ие мамандықтар 1
26 кәсіпорынға экскурсия жасау 1
«Қарағанды облысында өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті» 4
27 Қарағанды облысының қысқаша тарихы 1
28 Қарағанды облысында өмір сүретін халықтардың тарихы 1
29 Қарағанды обл. өмір сүретін халықтардың мәдениеті 1
30 Қарағанды облысының белгілі адамдары, 1
Қорытындылау 1
34 Жыл бойы өткенді қайталау 1 Тәрбие.орг сайтынан Бастауыш сыныптары үшін «Туған өлке» пәнінің оқу бағдарламасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерсултанова Сауле Аскербековна

Астана қаласы № 60 мектеп-лицеиі б

Пікірлер: 0

avatar