Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Батырдың қоржынындағы ұлттық ойындар
  • 31.08.2016
  • 167 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19409

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (134.1Kb)

БҚО, Орал қаласы
№39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Қатамоллина Ақбибі Қабиоллақызы
Тақырыбы: Батырдың қоржынындағы ұлттық ойындар
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы түсінік беру,үйрету Ептілік,күштілік,шапшаңдық қасиеттерін дамыту.Адамгершілікке,алғырлыққа,белсенділікке,ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Білімділік:Қазақ халқының салт дәстүрін әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп,ұлттық қасиеттерге баулу.Ұлттық ойындар арқылы батырлыққа,мергендікке,дәлдікке тәрбиелеу.Ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап,оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіту,мінез-құлқын қалыптастыруға көңіл бөлу,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой өрісін кеңейту.
Дамытушылық:Балалардың ойлау ,еске сақтау,көру қабілеттін дамыту,ойын түйіндеу,шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру.
Тәрбиелік:Тіл мәдениетін жетілдіру.Қазақ тілін қастерлеуге,қамқорлық жасай білуге үйрету.Адамгерщілікке,ұйымшылдыққа және кез келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға,көмек бере білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Көркем сөз,сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру,түсіндіру,ойын,сергіту жаттығулары,қортындылау.
Билингвальды компонент: Жігіт-парень,ұлттық-национальные, игры-ойындар.
Мотивациялық- қозғаушылық
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе! Шаттық шеңберді барлығы бірге орындайды.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық
Киіз үйді құрайық
Уық болып иіліп
Шаңырақты құрайық
Ұйымдастырушылық-Ізденістік
-Біздің республикамыз қалай аталады?
-Қазақстан.
-Ал,Елордамыз ше?
-Астана қаласы
-Біз көп ұлтты мемлекетпіз.Әр түрлі ұлт өкілдері тұрады.Біз қазақ ұлты болғандықтан біздің
Ұлттық салт-дәстүріміз бар.
-Біздің қандай ұлттық мерекеміз бар?
-Наурыз мейрамы
-Бұл мерекеде қандай ұлттық тағамдар пісіреді?
-Наурыз көже,бесбармақ,бауырсақ, қазы-қарта,құрт,ірімшік,шұбат,қымыз.
-Сондай-ақ ұлттық тойлар бар,қандай ұлттық тойларды білесіңдер?
-Бесік тойы,сүндет той,тұсаукесер,беташар,қыз ұзату.
-Сендер қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
- Асық, тақия тастамақ,
Көтермек,Ақ терек,көк терек, ақ сүйек, арқан тарту,орамал тастамақ, жамбы ату, қыз қуу,көкпар, теңге алу, сақина салу,тоғыз құмалақ,аударыспақ,ханталапай,
Ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз. Ұлттық ойындары осылайша атадан-балаға ,үлкеннен-кілшіге мұра болып жалғасып отырған.Ойын тек адамның дене күш-қуатын молайтып,оны шапшандылыққа,дәлдікке т.б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.
-Сендер қандай ұлттық ойын түрлерін білесіндер?
Жарайсындар,балалар, менің асықтарым бар.Сендер білесіңдер ме асықты қандай жануарлардан алады?
-Үй жануарларынан.
-Үй жануарларын төрт түлік деп атайды.
Үй жануарлары туралы не білесіңдер?
Қандай тақпақтар білесіңдер?
Айару: Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
«Қошақаным» өзің деп.
Іңкәр:Жардан да секіріп,
Талдан да секіріп.
Ойынпаз баладай,
Өскенше жетіліп.(Лақ)
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар. (Қой)
Айжан: Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
Алтынай : Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп
Енең жүрген далаға ,
Көп қарайсың елжіреп.
Арнұр:Момақаным маймағым,
Келмейді әлі ойнағың,
Қалтырайсың үйде де
Қошақаным қайды әлің?
-Батыр кіреді балалармен амандасады.Балалар менің қоржынымда көптеген ұлттық ойындар бар.Осы ойындарымды сендермен ойнағым кеп тұр ойынамас бұрын мен сендерге сұрақ қойғып кептұр жауап бересіндерме балалар?.
Жарайсындар балалар қандай тамаша
-Балалар,енді бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті: Орынымыздан тұрайық ,
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Белімізді жазайық.
Айналаға қарайық,
Отырып,тұрайық.
Біз тыңығып алайық
Тынығып болған соң,
Ұлттық ойын ойнайық.
-Жарайсыңдар, балалар!
Қанекей «Асық» ойынын ойнайық.
Ойын ойнайды.
-Балалар, сендер батыр,мерген,алғыр екенсіңдер.Ендеше балалар мен басқа балаларға да ұлттық ойындарды ойнатайын мені күтіп қалған болар мен сіздерге қоржынымды тыстап кетейін. Бірақ менің қоржынымда ойындар тек сұрақтарға толық жауап бергенде ғана ойналатын болады.Сау болындар балалар.
Өте жақсы ойындар ойнадық енді сендермен
«Тақия тастамақ»ойынын ойнайық.
Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
-Кимешек,сәукеле,шапан,
Камзол,қазақша көйлек,етік,бөрік,тақия.
Йа, балалар осы ұлттық киімдер қазақша ою-өрнектермен әшекейленген.
Сендер қандай ою –өрнектер білесіңдер?
Қошқар мүйіз,тарақ, құстұмсық,қызғалдақ,қаз мойын, Ағаш,өркеш,
Жарайсыңдар,балалар,барлығымыз «тақия тастамақ»ойының ойнайық.
Ойым бар бір ойын бастамақ
Аты оның «тақия тастамақ»
Шеңбер боп отыра қалыңдар
Болмасын асығу-сасқалақ
Ақырын аспаймын-саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын
Біріңнің тұсына келгенде
Сездірмей тақия тастаймын.
Балалар ойынға белсене қатысады.
-Балар,жарайсыңдар сендер ойынды жақсы ойнадыңдар.
-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінен ұлттық ойындар туралы білімдеріңді кеңейтіңдер.
-Балалар сендерге қандай ойындар ұнады?
-Асық,арқан тарту,тақия тастамақ.
Осы «Тақия тастамақ» ойындағы тақияны өзіміз ою-өрнектермен әшекейлейік, ұлттық ою жапсырайық.
Жапсыруға кіріседі.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балалар жұмысын тексеру.
Сұрақтар қою.
Өте жақсы балалар,сендер ұлттық ойындарды жақсы меңгердіңдер.
-Сау болындар.
-Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Нені білді :Ұлттық ойын түрлерін.
Қалыптасқан түсініктер: Қазақ халқының салт дәстүрін әдет-ғұрпын,ұлттық ойын ойнауды түсінеді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тақия тастамақ» ойындағы тақияны әшекейлеп,ұлттық ою жапсыру. Тәрбие.орг сайтынан Батырдың қоржынындағы ұлттық ойындар Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қатамоллина Ақбибі Қабиоллақызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 167 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar