Бауырсақ қалай бағдаршам мен дос болды

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 107
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22997


Білім саласы: Коммуникация.

Бөлім: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Бауырсақ қалай бағдаршам мен дос болды»

Мақсаты: Бүлдіршіндерді жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.

Білімділік: Балаларға ертегіні тыңдауға, берген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Басты кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету.

Түзетушілік: Ойлау, есте сақтау, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Ертегіні мұқият тыңдауға, назар салып тыңдауға және бір-бірімен тату болуға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: бауырсақ-колобок, ата-дедушка, әже-бабушка

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың қызметі

 

Балалардың

қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Сәлеметсіңдерме балалар? Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі оқу қызметіне дайынсыңдарма? Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!

Сабағымызды бастамас бұрын біз жыл мезгілдерін қайталап өтейік.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Айта ғойыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

Ал қыс мезгілінде неше ай бар? Қане атайық.

Балалар бүгін бізге бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлер қонаққа келіпті. Балалар бүгінгі ертегімізде бауырсақты жемейді, керісінше кейіпкерлер бауырсаққа көмектеседі.

Мен сендерге осы кейіпкерлер туралы ертегі айтып беремін.

 

 

Балалар қатты қуанды.

Балалар шаттық шеңберін қуана жасай бастады

 

Төрт мезгіл

Қыс мезгілі

 

Үш ай

 

Балалар мұқият тыңдайды

Ізденушілік-ұйымдастырушылық

Ертеде Атай мен Әжей болыпты.Бір күні атай әжейден бауырсақ пісіруін сұрапты. Әжесі қапшықтын түбін қағып-қағып бауырсақ пісіріпті. Оны суытайын деп терезенің алдына қойыпты. Ол өте әдемі сарғыш түсті болып пісіпті.Іші пысқан бауырсақ әндете жөнеледі.

БАУЫРСАҚ:

Маған бұлай терезе алдында, отыра берген ұнамайды,

Менің ойнағым келеді.

Маған бостандық керек,

Сендер маған бөгет бола алмайсыңдар.. (дейді)

ПЕДАГОГ:

Бауырсақ терезеден секіріп түсіп,жолға шығып асфальтқа мельмен сурет салғысы келді.

Бауырсақ ауладан жолға қарай домалап кетті.

Оййй мынау қандай тамаша жер сурет салуға-деп ойлады бауырсақ.

Бауырсақтың домалап келе жатқанын қоян көріп қояды да ,бауырсаққа айғай салады.

ҚОЯН:

Бауырсақ,бауырсақ ол жер өте қауіпті,саған босқа айтылған жоқ ауладан ұзап кетпе деп . Жүрген көліктің астына түсіп кетесің.

БАУЫРСАҚ:

Мен мұндай ауа-райында терезе алдында отырғым келмейді,

Мен далада ойнағым келеді.

ПЕДАГОГ:

Бауырсаққа жол бойында сурет салған ұнамады,өйткені ол жерде машиналар жүріп жатты,олар пипілдетті,бауырсаққа бөгет жасады.

Ал бауырсақ болса өз ауласына қайтқысы келді,атай мен әжейді көргісі келді де жолдан домалай жөнелді.

Сол кезде бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрды. Қайта ешқандай жамандық болған жоқ.

Сол кезде бауырсақты қасқыр көріп қояды.

ҚАСҚЫР:

Бағдаршам саған көмек берер,

Жасыл көзі жанған кезде.

Ыңғайсызданбай еркін жүре бер,

Жолда ойнап қалма.

Егерде қызыл көзі жанар болса,

Өз орныңда тұрда машинаны өткіз.

БАУЫРСАҚ:

Ал мен мұндай ауа-райында,

Терезе алдында отырғым келмейді,

Далада ойнағым келеді. (дейді)

ОЙЫН: Күн мен жаңбыр

Балалар ашық алаңда еркін ойнап жүреді, гүл тереді, көбелек қуады, секіреді, жүгіреді.т.б. Тәрбиеші «Жаңбыр жауды!» дегенде балалар пана іздеп, үйшіктерге тығылады. Тәрбиеші «Күн шықты!» дегенде балалар қайта алаңға шығып ойындарын жалғастыра береді.

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысын сезіне білуге үйрету.

ПЕДАГОГ:

Бауырсақ осылайша әндетіп келе жатып,артына бұрылып қараса машиналар зулап келе жатыр,бауырсақ қорқып кетті, атай мен әжейге қалай жетем деп-ал жолға қараса бағдаршам көрінбеді.

Бірақ жол бойында қорбаңдаған аю келе жатты.Ол бауырсақты көріп қалып айғай салады.

АЮ:

Бауырсақ,бауырсақ сен қорықпай жүре бер.Ана жерде жер асты өтетін жол бар.

Ал бауырсақ болса:

Мен мұндай ауа-райында,

Терезе алдында отырғым келмейді.

Далада ойнағым келеді.

ПЕДАГОГ:

Бауырсақ осылайша әндетіп жүргенде,аю ренжіп кетіп қалады. Бауырсақ қорқып кетеді.

Ал бауырсақ атасымен әжесін сағынды және өз үйін сағынды.

Бауырсақ жолда жүру ережесін білмей қиналды,сондықтанда ол өз үйіне жете алмады.

Аңдардың айтқан ақылын тыңдамады. Мүмкін бауырсаққа түлкі көмек берер,міне өзіде келе жатыр.

СЕРГІТУ СӘТІ:

Біз орманға барамыз

Жан-жағымызға қараймыз

Аю шықты қорбаңдап

Қасқыр шықты ырылдап

Ыр-ыр-ыр-ыр –ыр

Түлкі шықты майысып

Қоян шықты секіріп

Қорықпаңар балалар

Қарап, қарап алыңдар!

ТҮЛКІ:

Бауырсақ,бауырсақ зебраға ұқсас жолақ ол сен үшін жасалған. Кімде-кім біле-білсе,ешкім одан айналып өтпейді,ең қауіпсіз жол, сол деп білеміз.

ПЕДАГОГ:

Бауырсақ жолда жүру ережесінің өте қауіпті, әрі қиын екенін түсінді. Енді ол жол ережесін еш уақытта бұзбауға және жол ережесінің бәрін үйренуге уәде берді.

Бауырсақ осылайша бағдаршаммен дос болыпты.

 

 

 

Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерімен амандасады.

 

 

Балалар назар аударып тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысты.

 

 

 

 

Балалар ойынға қызыға белсене қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ертегіні өте қызығушылықпен тыңдап тәрбиешімен бірге іс-қимылдар жасап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге ойынды қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жол асты белгілері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен қосылып қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

Жол белгісі

 

 

 

Балаларды бауырсақтың іс-әрекеті арқылы (достыққа,бір-бірін тыңдауға,жолда дұрыс жүруге тәрбиелейді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексті- түзетушілік

-Балалар, бүгін қандай ертегі тыңдадыңдар?

- Ертегі сендерге ұнады ма?

- Қиындықтар кездесті ме?

- Не нәрсе қиын болды?

-Сендер сабаққа өте тамаша қатыстыңар, жарайсыңдар!

Педагог балаларды мақтап,мадақтап жұлдызша таратады.

Балалар қойған сұрақтарға жауап бере алды. Балалар өздеріне сабақ ұнағаны туралы, қандай қиыншылықтар болғанын айтты.

Тәрбие.орг сайтынан Бауырсақ қалай бағдаршам мен дос болды Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адилова Нуржанат Сагатбековна

Қарағанды қаласы КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar