«Білгенімнен, білмегенім көп әлі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 363
  • Авторлық бағдарлама
  • 13/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22803


Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылы "Төрткүл" жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Умбетова Лаура Қашқынбаевна

«Білгенімнен, білмегенім көп әлі»


Сабақтың мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды жақтарын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;

- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;

- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;

- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;

Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

Сабақ құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.
ІҮ. Қорытынды бөлім.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ барысы
1. Сәлемдесу. Балаларға келесі сөйлемдерді аяқтау ұсынылады:
• «Мені не үшін жақсы көреді»
• «Мен не үшін өмір сүргім келеді»
«Не үшін өмір сүруді білетін адам, қалай өмір сүруді де әрқашан біледі» (Ф. Ницше)

Топқа бөлу 1-топ. Жаз-жүрегі нәзік,сұлулықты жаны сүйеді,дос болуға таптырмайтын жан . Түрлі түсті гүлдермен бөлу.

2-топ. Көктем- өзіне көп көңіл бөлгенді қалайды, мақтағанды сүйеді. Өзін айрықша күтетін, сәнқой, адамдар.

3-топ. Күз-ақкөңіл, жүрегі сондай кең, қарапайым жандар. Бірақ тентек, ашуы мықты, әділдікті қалайтын жандар.

4-топ. Қыс – Энергиясы мол, өзіне сенімді, жауапты, бірақ өзге ортаға үйренісуі қиын адамдар



ІІ. Сабақты «Ой қозғау» арқылы ертегі айтып беремін.

«Жол» ертегі терапиясы.
Дөңгелене отырамыз. Ертегі тыңдағыларыңыз келе ме?
Ертеде бір адам болыпты. Енді ғана өмір есігін ашып, тәй-тәй басып келе жатқан кезде бейкүнәге жолығыпты.
Бейкүнә:
- Сәлем, балақай. Сенің жолыңда жақсылық, қуаныш кездесуіне тілектеспін-дейді. Осылай жүріп келе жатып жеткіншек шаққа кездеседі, жетеді. Оған бір өткем дауыс:
- Тоқта, қайда барасың? Кері қайт-естіледі. Бұл-ашу-ыза екен! Осы кезде бір сыбырлаған дауыспен:
- Бері кел, мен саған ашу-ызадан бөлек жақсы жас тауып берем дейді. Қараса-үлкен көздер екен.
- Сен кімсің? – дейді.
- Мен қорқынышпын дейді.
- Мен адамдардың ашу-ызаның жолына түсіп кетпеуі үшін осы жерді күзетіп тұрамын дейді. Бала сол жолмен жүріп келе жатады. Алдынан ну орман шығады, бірте-бірте жол көрінбей тұйыққа тіреледі. Осы жерде қатты жылап отырған қызды көреді.
- Сіз кімсіз? – дейді
- Мен қайғымын – деп тіл қатады.
- Сізге не болды?
- Менің дертім ашу-ызаның жолынан бұрып алып мені осында алып келді. Мен адасып қалдым-дейді.
- Онда сіз менімен жүрініз.
- Дертімді не істеймін – дейді.
- Сен оны ну орманға қалдыр. Сөйтіп қайғы мен жігіт кейін қайтады. Алға қарай қадам басқан сайын бойлары жеңілдей түседі. Ашу-ыза:
- Алға қарай қадам бассаң қиын болады, кейін қайт дейді.
Жігіт: Енді мен ешнәрседен қорықпаймын, кей күні сынасайық дейді.
Қорқыныш:-Сен мен көрсеткен жолдан неге қайтып келдің?
Жігіт: Мен өзімнің даңғыл жолымды тапқыш келеді. Осы кезде, ашу-ыза сылқ етіп отыра кетті. Мен сенің ерік-жігеріңді, табандылығыңды байқадым. Жүре бер өз жолыңмен. Осылайша ашу-ыза, қорқыныш жолдан шығып кетеді. Жігіт қайғыға қараса күліп тұр екен.
- Сіз кімсіз? – дейді.
- Мен қуанышпын-дейді.(күлімсіреп)

Талқылауға арналған сұрақтар.
1. Өмірге келген кім?
2. Ол кімге жолықты?
3. Оны кім кері шақырды?
4. Оған жол көрсеткен кім?
5. Бұл тығырықтан қалай шықты?
6. Нәтижесінде ол қайда қарай жүрді?

ІІІ. «Визуальды әдіс»
Видеоролик арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

ІҮ. Өмір туралы нақыл сөздермен сабақты түсіндіру.

Ата бабамыздан бастап қазіргі заман ақындардың нақыл сөздерін ала отырып түсіндіріп беремін.

Өтіп кеткен заман біздің тарихымыз деп Қорқыт бабамыз айтып кеткен сөзіне қарасақ келер күннің болашығы біздер екендігімізді ұмытпауымыз керек. Ал бүгінгі күннің бізге берген сый болғандықтан өмірдің қуанышы сәттері деп есептейміз.

Адамның ақылы болса ол жетекші бола алады, сабыр сақтап, арманның жетегінде жүре бермей, өмір сүру бұл біздің еңтәтті сыйластығымыз екендігін түсіндіру.

Абай атамыз айтқандай әр нәрсеге қызыға бермей, өнерпаз болып, Осы кірпіш құсап бұл дүниеде бір мақсаттың арқасында өзің қалаған мамандығының арқасында жұмыс істеп орынын табу керектігін түсіндіру.


Қазіргі заман балаларына құнды ұлттық тәрбие керек. Баланы иманды, парасатты етіп тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеттерін сіңдіру қажет. Егер де біз қасиетттерді игерте алмасақ ол бала ешқашан басқа құндылықтарды игере алмайды.

Ү. Жасөспірімдер арасындағы мінез–құлыққа байланысты өзгерістермен қиыншылықтардың себептерін болдырмау жолдарын табу арқылы оқушыларға тапсырмалар беремін.
1. «Топтастыру» әдісі арқылы өмірдегі кездесетін мінез құлыққа байланысты өззгерістер мен жағымсыз қасиеттер туралы түсінік беру.
2. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы өмірдегі мінез құлыққа байланысты кездесетін қиыншылықтардың пайда болуын түсіндіру.

3. «Фишбоун» әдісі арқылы өмірдегі өзгерістер мен қиыншылықтардың пайда болуының себептерін түсіндіру.
4. «Тірексызба» әдісі арқылы өмірдегі өзгерістермен қиыншылықтарды жеңудің тиімді жолдарын табу.
Оқушыларға флипчарт беріледі, өз ойларын салып постер қорғайды.
ҮІ. Оқушылар өздерінің топ ішінде сергіту сәті арқылы парақшаларға жағымды және жағымсыз қасиеттерін жазады.

1-топ. Жақсы қасиетім 3-топ. Жаман қасиетім
2-топ. Жаман мінезім 4-топ.Жақсы мінез

Ү. «Афоризмдер» - топпен жұмыс
Алдын - ала дайындалып үрленген шарларда өмір мәніне, достыққа, махаббатқа байланысты афоризмдер жатыр (қосымша 1). Әр топ бір шардан таңдап, оны жарып, оларға түскен афоризммен жұмыс істейді: ватман бетіне бұл ақыл сөздің мағынасын бейнелейді. Барлық топтар тапсырманы орындап болған соң өз жұмыстарымен басқалары таныстырады. Жұмыс нәтижесін талқылайды.
1. Афоризм. Ешкімде іштей батыр болып тумайды,
Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге
байланысты қалыптасады. (Бауыржан Момышұлы)

2. Афоризм. Оқыту – тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады. (К.Д.Ушинский).

3. Афоризм. Бүгінгі жастарды ең болмаса қазақ халқының «Тура биде туған жоқ» деген даналығының рухында тәрбие алайық. (Ғ.Мүсірепов.)

4. Афоризм. Еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім, - деп айту екі талай. (Спандияр Көбеев.)

ҮІ. «Алтын балық» жаттығуы
Балаларға келесі сұраққа жауап беру ұсынылады:
1-топ. «Сіздің өміріңіз қызықты бола түсуі үшін алтын балықтан не сұрар едіңіз?»

2-топ. «Сіз өмірде өз арманыңызға жету үшін алдыңыздағы кездескен қиыншылықтарды қалай жеңер едіңіз?
3-топ «Сыныптастарыңыздың арасында жарасымды қарым-қатынасқа түсу үшін не істер едіңіз?
4-топ «Сырттан келген қысымға қалай төтеп бересіз? Мысалы: қорқыту, сынаушылық т.б.?
5- Егерде сізде жағым сыз мінез пайда болса оны қалай жеңер едіңіз?
6- Егер сізде жағымсыз қасиет пайда болса оны қалай қабылдар едіңіз?
Оқушылар өздері жеке-жеке жауап береді.

ҮІІ. «Жүйрік ой» жаттығуы

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/

1 топ - Маған қажет қасиеттер, мыналар......

2 топ - Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......

3-топ - Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар .....

4 топ - Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім,себебі ...

ҮІІІ. Сабақты қорыту.
« Өмірдегі қара түсті бояулар- олар нені білдіреді?»
Қорыта келе,
Өмір осы-бірде ол болар бұлтты ,
Қатты желді, дауылды, кейде отты.
Құрып дымың, қайғырып жас төгерсің,
Бұлт ашылар-қайғының бәрі бітті,-
демекші түн батып, таң атқан сияқты қиын күннің артында, шуақты күннің, қуаныштың шаттықтың, жігерлі жастықтың барын ұмытпағайсыңдар .
v Ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың, ұнамды болуға тырыс;
v Сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ минут;
v Өмірде қолда не бары емес, қасыңда кімнің болғаны маңызды;
v Егер сезімдеріңді басқара алмасаң, сезімдерің өміріңді басқарады;
v Жүрегің қанша жылап сыздасада, дүние сен үшін тоқтап қалмайды.

«Қайта байланыс» жаттығуы
«Өрмекші торы» әдісі арқылы қушылар шеңбер құра отырады да, жіптіәр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:

- Сабақта ең бірінші не ұнады?

- Не ұнаған жоқ?

- Өзің жаңадан не білдің?

б) "Алған әсеріңіз қандай?"- смайликтер «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы анықтау.

в) Тәрбие сағатына қатысушыларға рахмет айта отырып, аяқтау. Тәрбие.орг сайтынан «Білгенімнен, білмегенім көп әлі» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умбетова Лаура Қашқынбаевна

Пікірлер: 0

avatar