Білім сапаны көтеру тиімділігі

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 78
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23239


XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде және жүктелуде. Сол жүктемені орындау, іске асыру мақсатында. Lesson Study – сабақты зерттеу әдісімен танысып, іс-жүзінде сабаққа қолдану міндеттелді.
• Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Studyді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және оқуды талдауын көздейді;
• Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді; мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады;
• Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.•
Негізгі идеясы: - Lesson Study – сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.
- Lesson Study- мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.
-Lesson Study-оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл. Осы орайда 5- сыныбында білім сапасын көтеру, сонымен бірге пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында мұғалімдермен бірлесіп Lesson Study өткізілді. Топ құрамы Аядхан Алима, Хонорбай Анаргуль, Байназарова Қалдыгүл Көпжасаровна бірлестік жетекшісі Шарипова Галия Габбасовна белгіленді.

Lesson Study үш цикл бойынша өткізілді. 1-циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді, сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды. Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды. Алғашқы зерттеу сабағын талдау барысында оқушыларға өз бетімен орындау үшін деңгейлік тапсырмалар дайындау ұсынылды. Екінші зерттеу сабағы алғашқы сабақтың қорытындысындағы ұсыныс ескеріле отырып құрылды және өткізілді. Сабақта оқушылар деңгейлік тапсырмалармен жұмыс атқарды, сабақты талдау нәтижесінде үшінші зерттеу сабағына шығармашалық тапсырмаларды күрделендіріп беруге ұсыныс жасалды. Алдыңғы сабақтан соңғы ұсыныс, оқушымен сұхбат нәтижесі ескеріле отырып, мұғалімдердің бірлесуімен үшінші зерттеу сабағының жоспары құрылып, өткізілді.
3 цикл аяқталған соң мұғалімдердің бірлесуімен Lesson Study қорытындыланды. Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды:
С деңгейіндегі оқушы:
- Берілген тапсырмамен жұмыс жасай алды;
- Сұрақтарға жауап беріп, топта өзінің шығармашылық қабілетін көрсете алды
В деңгейіндегі оқушы:
- Алған білімдерін қолданып, қосымша материалдармен жұмыс жасай алды;
- өздіктерінен білім алуы үшін жоспар құра алды.
А деңгейіндегі оқушы:
- Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді. Өз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындай алды.
Сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы орындап , қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде оқулықтағы тапсырмамен жұмыс жасады, топта сурет салып басқа қырынан көзге түсті. Ал С деңгейіндегі оқушы сұрақтарға жауап беріп , топтық жұмыс барысында өз идеяларын ашық айта білді.
Бұл зерттеу жұмысы тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар, тәжірибие алмасу болды. Осыған байланысты, пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды:
- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
- Тапсырма бар ынтасын салып жұмыс істейтіндей, қызықты етіп әзірленуі керек;
- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы керек;
- Тапсырмаларды дайындау барысында көп алмау;
-Мұғалімге уақытты үнемдей алу;
- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдап, қатесін түзетіп отыру;
- Өткізілген зерттеу бойынша әдістемелік бірлестікте мұғалімдермен бөлісу.

Қорытындылай келе, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуға үйреттік. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып,бірін-бірі, өздіктерін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз.Ең бастысы, осы зерттеу нәтижесінде 5- сыныбындағы білім сапасында оң өзгеріс байқалды. Тәрбие.орг сайтынан Білім сапаны көтеру тиімділігі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шарипова Галия Габбасовна

Қарағанды облысы Теміртау қаласы №17 жалпы білім беретін орта мектебінің математика мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar