«Білімпаздар әлеміндегі тапсырмалар»

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 567
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22948


Сабақтың мақсаты: Балаларман өткен тақырыптарды қайталау. Сөз, буын, сөйлем туралы ұғымдарын тереңдету. Балалардың тілін, ойын, ойлау арқылы дамыта түсу. Сөзде неше дыбыс бар екенін ұғындыру, сөйлем жайында түсінік бере отырып, сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Ойлау және сөйлеу мәдениетіне, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, әңгімелесу.

Шаттық шеңбері

Мақсаты: Балаларды жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға үйрету. Бір-біріне жылы қарым қатынасқа, жақсы көңіл –күй сыйлауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Бүгінгі күніміз көңілді және сәтті өтсін!

Балалар:

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Еліміз аман болсын!

Жеріміз тыныш болсын! (Осылай тілек жалғаса береді)

Тәрбиеші: Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзіне жақсылық болып қайтып оралады. Осы тілектеріміз қабыл болсын!

Көтеріңкі көңіл-күйімізбен орнымызға отырып, сабағымызды жалғастырайық.

Тосын сәт: Тотықұс тапсырманы алып келеді.

Тәрбиеші: Балалар неше жыл мезгілі бар? (төрт)

Олай болса атап өтейікші.

Күн ұзарып,

Қарлар еріп.

Су сайларға толады

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Балалар: Көктемде

-Бір жылда қанша ай бар? (он екі ай)

-Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы?

-Наурыз, сәуір, мамыр

Тәрбиеші: Иә балалар сендердің көктем мезгілін жақсы көретіндерің көрініп тұр. Ендеше осы көктем мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталып өтейікші.

Балалар: Көктем айларында қарлар еріп, су жерге сіңеді. Құстар ұшып келеді, өрік, алма ағаштары гүлдейді. Сонымен қатар қызғалдақ, сарғалдақ гүл ашады. Күн ыси бастайды. Жеміс ағаштары түйнек салады.

Тәрбиеші: Бәрекелді! Мен де осы көктемнің ерешелігіне байланысты сабағымызды «Алма ағашы » деген ойынмен жалғастырғым келіп тұр.(Үлкен алма ағашы)

1-Тапсырма:- Мынау көктем мезгіліндегі алма ағашы. Өкінішке орай мұнда алмалар көрінбейді. Алмалары мына себетте тұр. Әр алмада дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, алма ағашына ілеміз. Сөйтіп алма ағашына әрі әр, әрі сән береміз.

1-бала. Мынау К-дыбысы. І дыбысы дауысты дыбыс.

Кітап - білім бұлағы

Әріптерді қайталап өту.

Тәрбиеші: рахмет балалар! Бұл тапсырманы жақсы орындадық.

2-Тапсырма: Мен сендерге ертегіден бір үзінді айтып берейін. Өздеріңе аты белгілі Дымбілмес бір күні орманға серуенге барады. Орманға жақындап қалған кезінде, бір жағымсыз дауыстарды құлағы шалады. Дымбілмес айғай шыққан жерге жақындап құлағын тосса, әріптер өз үйлерін таба алмай әлек болып жүр екен. Дымбілместі көрген әріптер қуанып кетіп, жөн сұрайды. Дымбілмес өзінің білмейтінін айтып,балалардан көмек сұрайды.

Дидактикалық ойын. «Дауысты, дауыссыз дыбыстар»

Сендердің алдарыңда адасқан әріптер бар, қызыл, көк үйдің суретін көріп тұрсыңдар. Қызыл және көк қарандаш көмегімен әріптерді өз үйлеріне апарып жеткізейік.

Сергіту сәті:

Жел гуледі –у-у-у

Құйын келіп биледі –зу-зу-зу

Қатты, қатты жел соқты –ду-ду-ду.

Жапырақтар қол соқты –ду-ду-ду.

Шыдай алмай жапырақтар –ох-ох-ох

Билеп кетті қалтырап –пах, -пах, -пах

3-Тапсырма:-Енді балалар, мен сендердің білімдеріңді «Сөз жұмбақ» арқылы тексергім келіп отыр. Сөз жұмбақта «көктем» сөзіне байланысты жұмбақтың шешуі арқылы табамыз.

1.Тиіссең жиырылып қалар,

Арқасында инесі бар? (Кірпі)

2. Өзі тәтті,

Іші қатты.

Қаттының іші тәтті. (Өрік)

3.Биіктегі алтын алманы

Ешкім ала алмады (Күн)

4. Үй ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. (Тышқан)

5. Ауыл шарушылығындағы көктемгі еңбек (Егін)

6. Көктем мезгілінің үшінші айы (Мамыр)

Дұрыс айтасыңдар, сендер қатесіз жұмбақ шешуін тауып, бұл тапсырманы орындадық. Рахмет сендерге.

4Тапсырма: Лентадағы сөздерді оқып, буынға бөлу, сөйлем құрау. Оқу, Кі-тап, Бі-лім, Мек-теп. Кітап, Мектеп сөзіне сөйлем құрау.

5 Тапсырма: Тәрбиеші: Ал балалар, оқу, білім, кітап туралы кім мақал-мәтел біледі?

1.Кітап білім-бұлағы

Білім өмір шырағы.

2.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

3.Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

4.Білім-бұлақ,

Білім-шырақ.

5.Оқу -білім азығы

Білім-ырыс қазығы.

6 Тапсырма: Мына шарлардың ішінен өздеріңнің аттарыңның бас әріп таңбасын тауып көрсетейік-«Біз мектепке барамыз» әнін айту.

Балалар, бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Біз мектепке дайынбыз деуге болады.

Тәрбие.орг сайтынан «Білімпаздар әлеміндегі тапсырмалар» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Магзумова Гулшат Кенжебековна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar