Біздің көшедегі көліктер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 27
  • Авторлық бағдарлама
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23258


Меркі ауылы. «Ертөстік» балабақшасы.
Тәрбиеші: Тлеулиева Аксауле Турсыновна
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылган оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Біздің көшедегі көліктер
Мақсаты:Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.Ойын арқылы ой - өрісін , есте сақтау қабілетін және жапсыру және іскерліктерін дамыту.Көшеде тәртіп сақтап жүруге үйтеру.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру ,көрсету,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, ойыншық көліктер, көліктің дайын қиындыларын ,желім,ақ қағаз үлгі.
Билингвальды компонент: ұшақ-сомолет, тікұшақ-вертолет, кеме-пороход, пойыз-поезд.
Іс- әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық Шаттық шеңберге тұру.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн апайлар!
Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар шаттық щеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.
Ұйымдас-
тырушылық
ізденістік -Жарайсыңдар балалар орындарыңа жайғасыңдар.
-Балалар , қар мезгілдің қай мезгілі?
-Қыста не жауады?
-Қардың түсі қандай?
-Қыста қалай киінесің?
-Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Жарайсыңдар балалар!
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Шешуін табасыңдар ма?
Жұмбақ
Кеудесінде жаны жоқ
Тамырында қаны жоқ
Май жейді , су ішеді
Бұл не екен балалар?
(машина)
Жарайсыңдар балалар
Бүгінгі оқу қызметінде көліктермен танысу.(Балалардың назарын суреттерге аударту.)Көліктің үш түрі болады.
Олар суда жүзетін
Аспанда ұшатын және жолда жүретін көліктер болып бөлінеді.
Аспанда ұшатын көліктерге (ұшақ, тікұшақ, зымыран)

Суда жүзетін көліктерге
(кеме,қайық)
Ал енді жолда қандай көліктер жүреді: (жеңіл машина,автобус,трактор, поезд)
Тосын сәт:
Топқа аптығып қолында машинасы бар сұр қоян кіреді

Сұр қоян:Балалар мен сендерде отыра тұрайыншы өтінемі!Ормандағы достарым менің соңымнан жүгіріп көлігімді сұрай береді.Мұны маған анам сатып әперді.

Тәрбиеші:Сұр қоян сен не қызғаншақсың ба?

Сұр қоян:Жоқ.жоқ мен қызғаншақ емеспін, өзім аздап ойнап болған соң балаларға беремін.

Тәрбиеші:Сұр қоян сенің көлігің әдемі екен.Біз осы көліктер туралы әңгімелеп отыр едік.Біздің оқу қызметіне қатысқың келе ме?

Сұр қоян: Иа
Олай болса мен саған жұмбақ жасырайн ,тапсаң көлігіңді балаларға ойнауға бересің
Жұмбақ
Күні түні көше кезіп зырлайды,
Жолаушыга қызмет етіп тынбайды.

Сұр қоян: таптым,таптым ол такси. Жарайсың сұр қоян. Ендеше балалар сергіту жаттығуын жасайық.
Машинаға жанармайды құямыз. Рольді оңға солға бұрамыз.

(Шығармашылық орталыққа бару)

Балалар енді машинаның суретін жапсырамыз.

Дидактикалық ойын: Жер,Су,Ауа .
Ойын шарты: балалар ауа дегенде ұшатын , жер дегенде жолда жүретін, су дегенде жүзетін көліктерді айтады.

Жарайсыңдар балалар Ал енді балалар ән жетекшісімен бірге көліктер туралы өлең айтайық:
Бип-бип дейді
Жолдан былай кет дейді
Жол шетінде күт дейді
Бип-бип-бип
Күшікті басуға,басуға
Болиайды машина
Бип-бип-бип дейді
Болмайды,болмайды машина

«Кім жылдам»ойыны.
Ойын шарты: Машина суретіне байланған жіптің ұшындағы қарындашқа жіпті орап машинаға жету керек.Бірінші жеткен бала жеңімпаз болады.
Сұрқоян: Балалар сендердің оқу іс қызметтерің өте қызықты екен. Көліктер туралы көп біледі екнсіңдер . Менің енді орманға қайтуым керек.Көлігімді сендерге қалдырайын.Көлігіммен ұқыпты ойнаңдар. Сау болыңдар!

Қыс мезгілі.

Қар жауады.
Аппақ болады.
Қалың киінеміз.
Коньки,шаңғы тебеміэ.
Аққала соғамыз.

Балалардың жауабы
Ия.

Балалар ойланып жауап береді.(машина).

Балалар мұқият тыңдайды,

Балалар таңғала қарайды.

Балалар орындарынан тұрып,қимылдарын жасайды. Машинаның
Дыбысын салып,қолдарына рольді ұстап оңға солға бұрылып жүреді.

Балалар орталыққа барып жұмыс жасайды. Машинаны желіммен жапсырады. Кемені суға, машинаны жерге, ұшақты әуеге орналастырады.

Балалар әнді орындайды.

Балалар сұр қоян мен қоштасады.
Балалар бүгінгі оқу қызметінде немен таныстық?
Аңдардан кім қонаққа келді?
Ондай болса бүгінгі келген қонақтармен қоштасайық? Көліктермен.

Сұрқоян.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:Көліктер туралы жалпы мағлұмат алды.
Меңгереді: Көліктердің түрлерімен танысты.
Жасайды: Жұмбақтар шешіп,ойындар ойнай алды. Тәрбие.орг сайтынан Біздің көшедегі көліктер Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тлеулиева Аксауле Турсыновна

Пікірлер: 0

avatar