Болашаққа аманат (Әдеби-сазды кеш)

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 92
  • Авторлық бағдарлама
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23265


Болашаққа аманат
(Әдеби-сазды кеш)
Мақсаты: ақын тағдырын, мақсатын, ақындық өресін, талантын оқушылар, журегіне ұялату арқылы поэзияны суюге баулу, шыншылдыққа , адалдыққа тәрбиелеу.
Кештің жүру барысы.
Поезд үні естіліп, сахнаға «Аманат- Болашақ» атты поезд тоқтайды.
(Слайд)
Сахна сыртындағы дауыс: «Құрметті жазушылар»! Арқалық қаласына «Аманат- Болашақ» пойызы келіп тоқтады».
1-жолсерік (: -Құрметті жолаушылар! «Аманат-Болашақ» пойызымен
«Өмірім- өлеңімде», «Афтограф», «Махаббат бағы», «Естеліктер», «Аманат» бекетіне билет алған жолаушыларды отырғызу басталды. Билеттеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз.
2- жолсерік: -Құрметті жолаушылар! «Аманат-Болашақ» пойызына отырғызу аяқталды. Шығарып салушылардан вагондарды босатуларыңызды сураймыз.
(Қолында кітабы бар жігіт вагонға кірмей теңселіп жүреді)
3- жолсерік: - Азамат, сіз неге кірмейсіз?
Сәбитбек Мақсат: - Қарындасым, тұра тұршы. Мен осы пойызға бір мінсем қайта түспейтін тәріздімін. Көктемгі ауа қандай таза! Аспан қандай ашық!
«Көктем келер!» өлеңін оқиды.12 бет Мұратбаев Нұржан 7 «А» сынып оқушысы.
1- жолсерік: - Мына кісі біртүрлі екен. Мас па, кімге ғашықпын дейді? Сіз кімсіз? Жеке төлқұжатыңызды көрсетіңіз. Әйтпесе поездға отырғызбаймыз.
Шалқар: -Ой қалай отырғызбайсыңдар? Мен бұл пойыздын ең құрметті жолаушысымын, болашақта әлі танырсыз мені, қарындас!
2- жолсерік: - Қане, Айша, тексеріп жіберші.
(Ақын өзінің «Менің анкетам» атты өлеңін оқиды). Сәбитбек Мақсат 10 «А» сынып оқушысы.
3- жолсерік: Кешіріңіз, ақын аға, бізден бір білместік өтті. Қарбаласта тани алмай қалдық. Төр сіздікі, жоғары шығыңыз, бүгінгі тойдың иесі- Мұқағали аға!
1-жүргізуші: - Қайырлы күн,жыр сүйер қауым! Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Болашаққа аманат» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: - «Мұқағалиды жұрт неге құмарта оқиды,ол қандай адам болған,нені аңсады, немен күресті, досы кім, неден тарықты, неге асықты?» сияқты көптеген сұрақ бәрімізді мазалайды. Ал оның сырын ақын өлеңдерінен ғана таба аламыз.
«Аманат-Болашақ» пойызы «Өмірім - өлеңімде» атты бекетке келіп тоқтады.
Мұқағали күнделігінің беттерінен үзінді(1976 ж 14 ақпан)
«...Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңыздар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай».
Сахнаға 1-Мұқағали Бұқарбаев Ерсұлтан 11 «А» сынып оқушысы жүгіріп шығады да, «Бүгін – менің туған күнім» деген өлеңін оқиды.(168 бет) (Слайд үй-іші, туғандары)
1- жүргізуші: «Мен таулықпын,
Таудан мен жаратылғам,
Тау деген Ана туған дара тұлғам.
Тауға барып, Көкке ұшып кетсем бе екен,
Ұстап алып қыранның қанатынан» деп көңілі асқақ биікке ұмтылған тау ұлының өмір өткелдері туралы біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ақынның азан шақырып койған аты – Мұхаметқали. Пайғамбарың атын түгел айту балаға ауыр болады» деп, әрі еркелетіп, әрі қысқартып Мұқағали атап кеткен, Ол 1931 жылы 13 наурызда Алматы облысы, Нарынкөл ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен мен анасы Нағиман – Мұқағали, Тоқтарбай, Көрпеш есімді 3 ұл тәрбиелеп өсірген шаруа адамдары. 1941 ЖЫЛЫ ӘКЕСІ Сүлеймен Мұқағалидың 10 жасында майданға аттанады. Бұғанасы бекімеген Мұқағали еңбекке араласты, ат соқамен жер жыртты, астық орды, шөп шапты. Мен таулықпын(Утемұратова Ләззат, Құлахметова Жансая)
(Слайдтан Мұқағалидың тірі дауысымен өлеңі оқылады.)
Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ» пойызы «Автограф» бекетіне келіп тоқтады.
2- жүргізуші: - Мұқағали жастардың іздеп жүрер ақыны болды. Енді назарларыңызға Мұқағалимен кездесу кештерінен үзінді ұсынамыз.
Мұратбаев Ержан: -Бақыт деген не, аға?
Сәбитбек Мақсат («Бақыт деген не өлеңі оқылады».)
Мұратбаев Ержан Дұшпаныңыз көп дейді ғой?
Сәбитбек Мақсат («Дұшпаным жоқ» өлеңі оқылады.)
Мұратбаев Ержан Ақын аға, өмір деген не?
Сәбитбек Мақсат («Өмір жайлы» өлеңі оқылады.)
Мұратбаев Ержан:-Айтыңызшы, ақын жары болу оңай ма?
Сәбитбек Мақсат: (« Қызықпа, қыз» өлеңі оқылады).
(Айбек: «Автограф» өлеңін оқиды).
Ән: «Бақыт деген» орындайтын 7 «А» сынып оқушысы Дариға
Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат – Болашақ пойызы «Махаббат бағы» бекетіне келіп тоқтады.
Паркте бір-бірімен сырласқан қыз-жігіттер.(Мұқағалидың махаббат жайлы өлеңдері оқылып, әндері шырқалады.)
«Сен гүлімсің» оқитын Мухаммедина Азалия
«Раушан гүл» оқитындар: Құлахметова Аяулым, Карина 7 «А» сынып оқушысы
«Сезбейсің ғой сен мені» Молдағалиев Мерей
«Ғашықпын» оқитын Жамбыл
«Есіңе мені алғайсың» әні орындайтын Қанафин Әбілқайыр
Сахна сыртындағы дауыс: «Аманат – Болашақ» пойызы «Естеліктер» бекетіне келіп тоқтады.
«Жазылар естеліктер мен туралы» өлеңі оқитын Дулат
«Күрсінбеші» өлеңі оқитын Аружан
«Ана сен бақыттысың» Дилназ
Ән:«Фариза қыз» әні орындайтын Смағұлова Гүлсім апай.
1-жүргізуші: - Аңыз- халықтың санасындағы ақиқат. Аңызға айналу екінің бірін маңдайына жазылмайды. Ақиқатты, арды ардақтай білген қасиетті тұлғалар ғана аңызға айналады, Аңыздың ішінде ақиқат бар. Ал ақиқаттың ішінде аңызға айналған тұлға өмір сүреді. Өйткені олардың бұл дүниедегі өмірінің өзі ақиқатты ңұсқайды.
2- жүргізуші: - Қазақта соңынан көп аңыз ерген батыр Бауыржан Момышұлы болғанда, ең көп аңызға арқау болған қазақ ақыны- Мұқағали-ақ шығар, Аңызға айналған адам өмірінен «Бір үзік сыр» тыңдаңыздар.
«Бауыржан туралы» өлең оқитындар
«Емханада» оқитын Қабілет
«Өзімнің есебімше» өлеңін оқитын Гауһар
Cахна сыртындағы дауыс: «Аманат-Болашақ» пойызы «Аманат» бекетіне келіп тоқтады.
1-жүргізуші:- Мұқағалиды ғасырда бір туатын , үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құсқа теңеуге болады. Мұндай алып құстар жерге әр қонған сайын қанатының бір қауырсынын ондырмай сындырып алып күйзеледі. Бірақ тынышталудың орнына, сол аспанда ала алмаған өші бардай, бүкіл күш-қайратын жинап, келесі жолы одан да биікке ұшады,
2-жүргізуші:-Мұқағалидың жер жүзінің әдебиетінде теңдессіз, алабөтен бір шоқтықты шығармасы бар, ол – «Жан азасы». «Жан азасы»- ақынның жарық дүниемен жылай-жылай қоштасуы әрі бізге қалдырған өсиеті, оның үстіне бұдан былайғы мәңгілік мекені-қара жер қойыны – көрге ізетпен сәлем беруі...
«Жан азасы» өлеңі оқитын Байсалбаев Бекзат
Ән: «Туған өлке» Диара 10 «А» сынып оқушысы
1-жүргізуші: Құрметті жолаушылар! Біздер ақырғы аялдама – «Аманат» бекетіне де келіп жеттік. Бәріміз ақынның ақырғы аманат сөзін естіп, «Болашақ» бекетіне шығарып салайық.
«Табыт үні» оқитын Жансая
Ән: «Көзіме көрінбе сен, көрінбе сен.»
К ө р і н і с қ о й ы л а д ы
Барлық оқушылар шығады (Слайд)
2-жүргізуші: - Аманатың орындалды, ақын аға, Біздер сенің өлеңдеріңді сүйіп оқимыз. «Болашақ» бекеті тұрғындары сөз сұрайды.
Залда Мұқағалиға арналған өлеңдер оқылады.
«Күрең күз» әні орындалды.
2-жүргізуші: Соңғы сөз пән мұғалімі Молдағалиев Ерхан ағайға береміз. Тәрбие.орг сайтынан Болашаққа аманат (Әдеби-сазды кеш) Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Молдағалиев Ерхан Болатұлы

Қостанай облысы, Рудный қаласы «№7 мектеп-гимназиясы» КММ-сі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar