Болашаққа Бағдар : Рухани жаңғыру

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 302
  • Авторлық бағдарлама
  • 24/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23379


«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс»
«Біздің мақсатымыз айқын бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет¬кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарылуына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыру¬ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» - деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал болашаққа бағдар рухани өрлеу, рухани жаңғыруда біздің дамуымыздың ең басы тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің орны ерекше.Әрбір біздің еліміздің азаматтары өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтап, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген ұрпақ ештеңеден ұтылмайды. Яғни «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруыңды керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, еліміздің жастарының үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, білім беру жүйесіне енгізуде көптеген жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымының қосатын үлесіде ерекше ол , жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбиені беруді жаңаша құра отырып , оны осы елбасымыз көрсетіп отырғандай талаптарға сай етіп орындау деп білеміз.Сонымен қатар білімді де білікті маман еліміздің өрлеп, өркендеуіне мықты рухы биік жастардыңда орны ерекше.Жастардың өмірлік ұстанымын қалыптастырып,оларға ерік жігерлі болуына алған білімін елінің ертеңі үшін аянбай еңбек еткенде біздің болашағымыздың жарқын болары сөзсіз.Болашағы жарқын рухани жаңғырған Қазақстанға апаратын нақты жоспар мен мақсат екені бұл да айқын.
Шындықтың шамы дарияның астында да жанады. Шын жүрекке тұсау жоқ: қай істе де ашықтық пен адалдық керек. Абайдың «Адалдыққа еш нәрсе жетпейді» деп айтқан сөзі бар. Біздің отанымызға деген, жерімізге деген адалдығымыз, ұлтымызға деген риясыз сүйіспеншілігіміз арта беруі керек. Еліміздің имандылығын, татулығын, тұтастығын, бірлігін ту етуіміз қажет. Қазірде дамыған 50 елдің қатарына қосылдық. Енді біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. Ол үшін мықты бірлік, сапалы білім мен тұрақты еңбек қажет.
Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын болса екен.
Ол үшін бесекелестік қабілет қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Прагматизм нақты мақсатқа жетуге,білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдаланудағы прагматизимі.Ұлттық бірегейлікті сақтау салт-дәстүрлерімізді тілімізбен дінімізді,әдебиетімізді жоғалтпасақ бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.Білімді бәрінен жоғары қоятын ұлт қана табысқа жетеді.Білімді көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу арқылы білімнің салтанат құруына үлес қоса отыру қажет.Еліміздің кешегі тарихы бұлтартпас ақиқат қоғамның эволюциялық дамуы болып табылады. Сол себепті, тарихтың ащы шындығын біліп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап,пайым жасай білу де айрықша маңызды.Сананың ашықтығы адам жер шарында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни адам өмір ағымына қарай жаңа технологияны меңгеріп барлық жаңалықтарға дайын болу дегенді білдіреді.

Сонымен «Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін үрдіс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін, жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» дейді елбасы мақаласында.
Қорытынды :Алда әлі жарқын болашақ бар , үлкен асулар бар . Сол болашаққа барар жолдағы түрлі қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек рухы биік, таза жүректі білім мен білікті, талант пен талапты ұрпақ керек екені айқын. Қазақ елінің абыройын асқақтататын , мерейін үстем ететін , әлемдегі талай ғажап жаңалықтарды ашатын азаматтар шығатынына кәміл сенім білдіремін. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғап , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ біз екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен аяқтаймын. Тәрбие.орг сайтынан Болашаққа Бағдар : Рухани жаңғыру Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атшибаева Гуляим Нуржаубаевна

"№ мектеп Қарақия ауданы Құрық ауылы Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar