Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бозбала мен бойжеткен
  • 17.11.2016
  • 54 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20075

Жамбыл облысы. Меркі ауданы.
Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының
Тәлімгер Абилдаева Кумискуль Ажетовна

Бозбала мен бойжеткен
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 15 сәуір Ғашықтар күніне орай ұйымдастырылған «Бозбала мен бойжеткен» атты ұл қыздарымыздың сыңға түсер байқауына қош келдіңіздер!
1.Жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйекр әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілімен қол соғайық.
2.Жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытарсыз күні бой шаршағанды
1.Жүргізуші: Бағына бақытты елдің туған ұлың
Бойына бар асылды жиған қызың
Қазақтың қасиетті ұл-қыздары,
Елім деп еміренер түп қызығың
2.Жүргізуші:Жаныңа нұр дарыған, жыр дарыған
Аяулы ұстаздардан білім алған,
Қазақтың қасиетті ұл-қыздары,
Халқына қорған болған, үлгі болған
1.Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтып
Әділқазы алқасымен танысайық
Әділқазы мүшелерін сайлау.
2.Жүргізуші: Сайысымыз 6 турдан тұрады.
1. «таныстырсақ ал бізді» таныстыру және би билеу
2. Көрініс «Ғашықтар дастаны» көріністен үзінді
3.Өз өнерін көрсету. «Би жарысы» деп аталады
4. Сұрақ-жауап, мақал-мәтел, жұмбақ, «Салт-дәстүр»
5. Ас мәзірін даярлау «Аспаздық шеберліктері»
6. Қорытындылау:
1.Жүргізуші: Ал енді құрметті көрермен. Сайыскерлеріміздің «Таныстырсақ ал бізді» деп аталатын сайысымыздың алғашқы бөлімін тамашалайық.
2.Жүргізуші:Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды үйлесімді ғажап шын
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық
Насихаттап, жаңартудан қашпайық

1.Жүргізуші:
Адалдық жігіттерге жарасады
Көзі ашыққа кім бүгін саналады
Келесі ғашықтар сайысында
Сыналар ақылы мен парасатты дей келе

Екінші сайысымыз : «Ғашықтар датаны» деп аталады. Жұптар өздері дайындап келген көріністен үзінді.
2.Жүргізуші: Асыл арман, мақсат деген бізбенен,
Арман қуып, кетерміз біз ізбенен
Алдымыздан шықса екен деп тілеймін
Бақыт жолы біздер ғана іздеген
Өз өнерін тамашалау. Бұл сайысымыз «Би жарысы» деп аталады.
Бұл сайыс 3 би билеумен шектеседі. Ортаға барлық жұптар шығады. Қойылған ырғаққа жұптарымен билеуі тиіс. Нашар би көрсеткен жұп отадан шығарылып отырылады.
1.Жүргізуші:
Тәрбиеге күш жігерін салып көп,
Сыйластықта ата дәстүр қалып деп,
Сол ата-ана ұялатар санаңа
Қатерлеуді ұлттық салтты дәріптеп
Сұрақ-жауап: «Салт-дәстүрге» байланысты. Сұрақтар, мақал-мәтел, жұмбақ.
2.Жүргізуші:
Даласы кең, осыншама салты бай
Өле сүйген, сүйе аламын жартылай
Қажет жерде батыр, епті, шебер қыздар туатын,
Қайран менің қазақ атты халқым-ай деп келесі кезекті
Ас мәзірін даяралу «Аспаздық шеберліктері» атты бөлімін тамашалайық. 10 минутта жұптар қонақ кәде дайындап үлгеруі керек.

1.Жүргізуші:
Әділқазы алқаса ұл-қыздарымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

2.Жүргізуші:
Енді сөзді төрешілерімізге берейік. (Ұпайларын қорытқанда ұл қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп тұруы ескерілуі міндетті)

Қорытынды:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын
Өнерліге өз басым таң қаламын
Өнерді әділдікпен бағалайтын
Сөз берейік әділқазы алқасына

Марапаттау сәті. Тәрбие.орг сайтынан Бозбала мен бойжеткен Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абилдаева Кумискуль Ажетовна

Жамбыл облысы. Меркі ауданы. Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының Тәлімгер

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: бойжеткен, Бозбала, Авторлық бағдарлама, мен
Көрсетілім: 54 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar