Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ДӘРІГЕР-НАУҚАС-МЕЙІРБИКЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
  • 15.04.2016
  • 1698 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18641

Дәрігер-науқас-мейірбике қарым-қатынасы

Қызылорда облысы
«Болашақ» медициналық колледжінің
мейірбике ісі пәнінің мұғалімі
Искакова Жулдуз Сабитовна

—Медицина дерттің өзі тудыратын, сондай-ақ емдеу барысында туындайтын психологиялық мәселелерге әр кезде де аса зор мән береді. Клиникадағы емдеу процесіне қатысушы ретінде маман психологтың пайда болуы соңғы уақытта ғана жүзеге асты. Бүгінде психиатриялық, наркологиялық және т.б. салаларда медициналық психолог мамандары бар.
—Қазіргі клиникалық медицинада ғылыми-техникалық прогресстің пайда болуы жеке алғанда тар салада мамандану мен аспаптық және лабораториялық зерттеу тәсілдерінен, емдеуден байқалады. Сол себепті науқас адамның әр түрлі дәрігерлермен кездесуіне және олармен қатынаста болатын уақыттың қысқаруына тура келеді. Кейде дәрігерде пациент жөнінде бір тұтас пікір қалыптаспайтын кез пайда болады.
—“Кеселді емес, науқас адамды емде” деген тұжырым көбіне қолданыс таппайды. Дәрігер барынша ауру адаммен тұлға ретінде психологиялық және әлеуметтік кең мағынада байланысын үзіп алады. Бұл өз кезегінде емдеуші дәрігердің өзінің бет-бейнесін жоғалту қауіпін тудырып, клиницистер арасында дабыл қағарлық жағдайда қалыптастырады.
—“Дәрігер-науқас” жүйесіндегі қарым-қатынас тапшылығының орынын медициналық психология бойынша маманның толтыра алатындығы сөзсіз. Дегенмен осы өзекті мәселе облыстағы емдеу-алдын алу мекемелерінде қалай шешілуде деген сауалдың пайда болары айқын.
—Жоғарыда айтып өткендей, бүгінгі таңда тек психиатриялық саламен қызметі сабақтас медициналық және педогогикалық мекемелерде ғана медициналық психолог және психолог мамандары жұмыс істеуде. Алайда олардың әр қайсысы өзінің жинаған тәжірибесі, жеке бетінше ізденіп және арнайы оқып алған білімдеріне сүйеніп қызмет етуде.
—Мәселенің бір ұшы арнайы медициналық білімі бар психологтардың тапшылығы. Бұл бағытта психологтардың біразының орта медициналық білімі барлығын айтқанмен, қалғаны тек педагогикалық жоғары біліммен шектелетінін еске салған жөн.
Дәрігер мен науқас жүйесінде коммуникатитік дағдылардың кәсіби маңыздылық рөлі. Айқын және жасырын науқастың қажеттілігі мен үрейін анықтау.
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жапқан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады.
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару - ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек.
Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану - «Ақ халатты абзал жандар» деп атан-ған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет.
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.
Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.
Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.
Дәрігердің мамандығы – ерлік.
Ол төзімділікті,қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл ойдың ізгілігін, ішкі болмысының негізін қажет етеді,үздіксіз өнегелі қасиеттерін бойына сіңіре білген маман иесі ғана мақсатына жете алады.
Дәрігер ауру адамға моральдық жағынан да қолдау көрсету қажет. Дәрігер мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін дәрігердің де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс.
Күйзеліске түскен жандардың ең басты емі - жан жылуы екендігін жақсы түсінуіміз тиіс.
Коммуникативтік дағдыларды қолдану үшін науқастарды емдеудің жаңа технологияларын қолданысқа енгізіп,оның нәтижелі болуына көп көңіл бөліп,сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосуымыз қажет.
Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылығын, тапқырлығын үстей береді, сөйтіп оның еңбегі жігерлі еңбек болады.
«Басы ауырып, балтыры сыздаған» кез келген адамға қол ұшын бере алатын, көмек қолын соза алатын құдірет иесі біреу-ақ, ол – дәрігер.Жанары жәутеңдеген, ағзасын ауру меңдеген науқас адамға ерекше көңіл бөлу, рухани дем беру, дертіне шипа беру, жан жылуын сыйлау- әрбір дәрігердің парызы болғанын қалар едім.
Ежелгі грек философы Сократ айтқан екен:
«Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда.
Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.
Әрбір науқас қуанышқа жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады. Оған жетудің сенімді жолы - ойлау жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы факторлар мен жағдайларға да байланысты,әрі қасында жүрген адамдардың да қарым-қатынасына да байланысты.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
Кейде жүрек сыздап, көңіл құлазитын кездер де кездесіп тұрады.Үстіне ақ желең киіп отырып, есіктен енді еніп үлгірмеген сырқатты сыздана қарсы алып, ызғарымен ықтыратын дәрігерлер де кездеседі:
-Алатыным аз айлық. Сенің асты-үстіңе түсіп бәйек болатын уақытым жоқ. Тезірек ауыратын жеріңді айт,- деп дікеңдейтін де дәрігерлер бар.
Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде,сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын.
Әр адамның мүддесі болады. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Сол секілді науқас адамның бойындағы жігерлікті, қайраттылықты жүрегіне ұялата алсақ, қажеттілікті сезіндіре білсек, психикалық тіршілігінің маз-мұнын байытатын қозғаушы күш болып табыламыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.- Астана «Фолиант», 2007ж.- 600 б.
2.Лычев В.Г., Карманов В.К. Сестринское дело в терапии. С курсом первичной медицинской помощи. М. «Форум-Инфра-М», 2007г.-544б.
3.Смолева Э.В. Сестринское дело в терапии с курсом первичной медицинской помощи. Ростов-на-Дону, 2005г.-480б.
4.Барыкина Н. В., Зарянская В.Г. Сестринское дело в хирургии:Учеб. пособие.- Ростов н/Д:Феникс,2005.-448б.
5.Денсаулық журналы №3,2014ж
6.Денсаулық сыры №2,2015ж Тәрбие.орг сайтынан ДӘРІГЕР-НАУҚАС-МЕЙІРБИКЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Искакова Жулдыз Сабитовна

Қызылорда қаласы,"Болашақ" медицина колледжі Мейірбике ісі пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 1698 | Жүктеулер: 8
Барлық пікірлер: 0
avatar