Дарабоз, Қазақстан

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 33
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23400


Тақырыбы: «Дарабоз,Қазақстан!»
Мақсаты:Балаларға Отан жайлы,ҚР-ның рәміздері,тәуелсіздік жайлы қарапайым ұғымдарды түсіндіре отырып,ана тілі жайлы білімдерін қалыптастыру.Қазақ халқының ұлттық ойындарын танытып,ұлттық рухта тәрбилеу.
Өткізу түрі : Сайыс.
Жүру барысы:
Балалар әуенмен залға келеді.
Тәрбиеші:Армысыздар халайық,
Сәлемдесіп алайық .
Мәңгілік ел болуға ,
Бүгінгі сайыс арқылы
Біз де үлес қосайық.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары.Бүгін кішкентай бүлдіршіндер өз Отаны Қазақстан,оның рәміздері мен тәуелсіздігі,ана сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ұлттық болмысымызды танытатын ұлттық ойындар негізінде паш етпек.
Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар. 1. Ат қою.(әр топ өздеріне ат қойып, таныстырады.)
2. Көкпар.
3. Жамбы ату
4. Теңге алу
5. Білектесу (қол күрес)
6.Арқан тарту.
7.Тілек айту.
Манашыұлы Тұяқпай жырында:
Балалармен ойнайды
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді.
Ендеше ,сайысқа қатысқалы отырған екі топты ортаға шақырайық.
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Ат қою»деп аталады.Қазақ халқында ат қою ــ ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Осы қазақ халқының салтын ұстанып бүлдіршіндеріміз өз топтарына әдемі,жақсы есімді таңдап қойып,онымен көпшілікті таныстырсын.
1-топ: «Дарабоз»
Топтан озып дара шапқан,
Сайысқа түсіп жеңіс тапқан
Ат қойдық салтты ұстанып,
Дарабоз біздер қолдаңыз.
2-топ: «Қазақстан»
Нәсібін тапқан жерінен,
Кәсібін ашқан елінен.
Қазақстан деп ат қойдық, Мәңгілк елге бүгінен.
Сайысымыздың екінші бөлімі: «Көкпар»-деп аталады. Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі.Әр топ өз отауына көкпарды салуға тырысады. Сіздер бүгін дода тартысқа куә боласыздар.
Ойынымыздың шарты қойылған сұрақтарға қай топ дұрыс жауап берсе көк бөрте лақ сол топтың отауына бұйырады.Осылайша сұраққа көп жауап берген топ отауына көк бөрі лақ көптеп салып,жеңімпаз болады.
Сұрақтар:
-Балалар,Отан деген не?
-Отанымыз қалай аталады?
-Отан туралы мақал-мәтел айтып беріңіз?
-Қазақстан республикасы қандай мемлекет?
-Астанамыз қай қала?
-Қазақстан Республикасының рәміздері ?
-Рәміздер туралы қандай тақпақ білесіңдер?
-Балалар ,біздің ұлтымыз кім?
-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері мекендейді?
-Мемлекеттік тілі-ана тіліңізді білесіз бе?
-Ана тіліңіз туралы тақпақ айтып беріңіздер.
-Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?
Балалардың тақпақтары:
1-бала :
Отан оттан да ыстық.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Туған жер алтын бесік.
2-бала:
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың,елдігің.
3-бала:
Көк байрағы бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке,баланың,
Қазақстан жалауы.
Үшінші бөлім: «Жамбы ату»
Дәстүрлі ұлттық ойында атқа салт мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған. Ойын қазақтың ұлттық спорттық «Жамбы ату» ойыны негізінде жасалған. Бұл бөлімде бірінші топ тақтада ілулі тұрған түрлі ұлт өкілдерінің киімдерінің ішінен қазақтың ұлттық киімін дәлдеп табу керек.Екінші топ -Үнтаспадан күй тыңдалады.Бірнеше аспаптардың ішінен күйдің қандай аспаппен орындалғанын дәл табуы керек.(домбыра)
Сайысымыздың төртінші бөлімі: «Теңге ілу» .Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарымыздың бірі . Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Енді біздің сайыскерлеріміз әуенмен шеңбер бойын айнала шауып жүріп,шеңбер ішінде тұрған теңгені әуен тоқтаған сәтте шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан үш-үштен алты сайыскер шығады.Ортадағы шеңберде бес түйілген теңге қойылады.Теңгені іле алмаған сайыскер ойыннан шыға береді.Ойын соңында қай топтың сайыскері қалса сол топ жеңіске жетеді.
Келесі бесінші бөліміміз: «Білектесу» (қол күрес) Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.Екі топтан екі-екіден төрт ұл бала сайысқа түседі.
Алтыншы бөлім : «Арқан тарту» Ойын ережесі:Алаң ортасына көлденең сызық сызылады.Ойынға ортасына қызыл жіп байланған арқан қойылады. Ойынға қатысатын оқушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды тартады.Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе , солар жеңіске жетеді.
Сайысымыздың ең соңғы бөлімі: «Тілек айту» Бұл бөлімде екі топ балалары алдарында тұрған алып бәйтерек арман ағашына өз жүректерінен шыққан еліне,жеріне ,халқына деген арман-тілектерімзді айтып орналастырады.
Қорытынды: -Міне, балалар,сіздер сайыстың барлық бөлімінен мүдірмей өттіңдер.Ұлтымыздың мақтанышы сендердей-ақ болсын.Қазақстан дара жауып дарабоз атанып мәңгілік елге айналсын!Сіздердей білімді,ұлтжанды ұрпағы бар қазақ елі шынымен де мәңгілік ел болады!
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана тәуелсіздік алған ұлы елім
Мәңгілік елге айналуда бұл күні. Тәрбие.орг сайтынан Дарабоз, Қазақстан Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рамазанова А.Ш.

«Балауса» санаторлық бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі:

Пікірлер: 0

avatar