Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесі

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 913
  • Авторлық бағдарлама
  • 09/Июл/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19283


ШҚО Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы
«Абай атындағы орта мектебі» КММ
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сагатова Айгерим Адилбековна

Тренингтың тақырыбы: «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесі»
Барысы:
Топпен жұмыс жүргізе отыра, бүгінгі кездесуімізде
«Дарынды балаға кім жатады?, жаңашыл ұстаз деген кім?, дарынды баламен жүргізілетін жұмыс қандай бағытта болу керек?бұл тұрғыда ата-ананың рөлі қандай?»- деген сұрақтарға жауап іздеуге тренинг көмектеседі деген ойдамын.
I Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу. Ортамызда 3 топ құрылды: «Болашақ», «Білім», «Береке».
Топта әр түрлі мүшелер отырсада бәрімізге ортақ ой біріктірсін: «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Керегесі кең, терезесі тең, еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беретін ұлағатты ұстаздар көп болсын.Көпұлтты мемлекетіміде береке-бірлік кетпесін».
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында болашақ жастарға қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес жан-жақты жетілген, үйлесімді, шығармашыл болуды міндет етеді. Ал оның негізі –мектеп. Оларға тәлім-тәрбие берудің алғы шарты – дарын иелерін жастайынан таңдай білу.
Дарындылықтың тура анықтамасы бола қоймаса да, «дарындылық» термині дарын сөзінен шыққан дамудың ерекше қолайлы ішкі алға шарты дегенді білдіреді.
Оқушылардың білімі мен қабілетіне, ізденісіне қарап отырып, зеректігі мен шығармашылығы жоғары баланы дарынды деп қараймыз. Баланы күштеп оқытып немесе жаттау арқылы үйретіп дарындылыққа апару мүмкін еместігін білеміз, адамның бойында ата-ана тәрбиесі мен ананың ақ сүтінен келетін табиғи қабілеттің болуы керек екендігін әрбір мұғалім ескергені жөн. Егеменді еліміздің дүние жүзі елдермен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды ды, қабілетті ұландарымыз. Халқымыз “Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады”-деп бекер айтпаған. Ал, қазіргі қоғамға ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап.
“Бұлақ көрсең, көзін аш” демекші қазіргі заңдағы өзекті мәселе, ол оқушыларының дарындылық қабілетін танып білу, оны зерделеу.
Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш-жігерін жұмсауы керек. Дарынды баламен жұмыс түпкі нәтижиесі –жобалау.
Алдарыңызға глоссарий таратылады. Негізгі ұғымдарға сіздерге түсініктеме берілген. Экранға назар айдарыңыздар.
Жоба дегеніміз не? Жоба - жаңа өнімді жасау үшін керекті құжаттар, сызбалар жиынтығы. Жобалау – практика жүзінде жоба иесі өз жаңалығын сол арқылы көрсетеді, теориялық зерттеуден айырмашылығы сол.
Зерттеу- теориялық немесе қолданбалы проблемалардың кешендік шешімі. Ол жаңа бір өнім, нәтижеге қол жеткізу мақсатындағы ізденіс,танымдық іс әрекет.
Жобалау деңгейіне жету үшін:
1. Өзекті тақырып таңдау;
2. Проблема қою;
3. Мақсат қою;
4. Әдіс технологияны таңдау;
5. Проблеманы шешу.
Кез келген жобаның жоспары болу тиіс.
Жобалаудың негізі үш фактор болып табылады: Мұғалім, дарынды оқушы және ата –ана.
Аталмыз үш фактор жақсы нәтижиеге қол жеткізу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап берсеңіздер.
Ассоциациялық карта

Көбінесе «дарынды» оқушы дегенде – бұл жақсы оқитын оқушы деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылықтар туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізетін оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбінесе түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды.
Дарынды балалармен жұмыс атқаратын мұғалім тұлғасына тереңірек тоқтала кетейік.
«Аквариум»
1. Сіз өзіңізді шебер мұғалім деп санайсыз ба? Неге?
2. Ұстаз деген ұлы атқа ие болу үшін не істеу керек?
Мұғалім - мектептің айнасы. Ол оқушыға өзінің білімімен, жүріс тұрысымен, салмақты мінезімен, үлкен адамгершілігімен әсер етіп, өзінің тұлғасын биіктен көрсете білу қажет. Оқушылардың дарындылығы даму қабылетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
II Мағынаны ажырату.
Топпен жұмыс.
1 Араласқан оқиғалар. Сіздердің алдарыңызда дарынды баламен жұмыс жасау үшін мұғалімнің бойындағы талап ететін қасиеттер, кәсіптік қабілетіне қойылатын талаптар таратылған. Сіздер мұғалімнің модельін құрастыру керексіздер, ол үшін берілген талаптарды таңдай отыра, шеберліктің шыңын анықтауыңыз керек.
Араласқан талаптар:
Интеллектуалды даму деңгейі жоғары,әзілқой, педагогикалық мамандығынан өзге де білімі бар, өзінің көзқарасын өзгертуге, үнемі өзін жетілдіруге дайын; белсенді, еңбекқор, сынып жетекші, Оқушы дарындылығының моделін білгір, сезімтал, сөзге шебер, бақылаушы, ата анамен тығыз байланыстағы ұстаз, дарындылықты анықтайтын адам, терең ойлайтын жан, философ, оқушыны тұлға ретінде қарастыратын, ұлағатты ұстаз, жаңашыл мұғалім, ғылыми дәрежесі жоғары, ұйымдастырушы.
2.«Кілт сөздер». Екінші топқа кілт сөздер таратылады. Сөздерді қолдана отырып, дарынды баламен жұмыс жүйесінің негізін анықтап көрсеңіздер.
Ізденіс, мақсат, білім, оқушы.
Жылы жүрек, сенім, ұстаз, мектеп.
Ой, кітап, жалқаулық, мұғалім. Болашақ, мектеп, ұстаз, еңбекқор.

Болашақ, мақсат, арман, адам.
Кітап,ғалым,ізденіс.
Сезім, ой, тәрбие, мектеп.
3 топ. Белгілі тұлғалардың ұстаз туралы ойлары таратылады. Сіздер топпен ой сала отырып, бір символ, сурет арқылы көрсетсеңіздер.
1. « Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі, мұғалімдерге тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес» деп айтқан атақты педагог кім? ( Ян Амос Каменский)
2. « Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» Б. Момышұлы
3. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені ол метептің жүрегі» Ы.Алтынсарин
Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құралы – мектеп ... тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да тек мекетептен басталады.
«Мектеп-кеме, білім-теңіз» деген өте әдемі айтылған даналық сөзі бар. Білімнің теңізінде әр кеме шамасына қарай жүзеді. Кемеге бағыт беретін –ұстаз. Егер ұстаз іздемпаз, еңбекқор және шебер болса ғана, оқушылардың қызығушылығын арттырып, зерттеуге дайын болар.
Қорытындалай келе, мұғалімнің кәсіптік қабілетіне қойылатын талаптар:
1. Бақылау жүргізу қабілеті; 2. Диагностикалық тексеруден алған қорытындылар бойынша жұмыс істеу, бағдарлама құра білу; 3. Оқу бағдарламасын қажетіне қарай өзгерте білу; 4. Оқушыға ықпал ету жағдайын сәтті таңдай білу; 5. Оқушының ғылымы-ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік ету; 6. Олимпиада мен сайыстарға дайындауда жетістіктерге жету; 7. Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі; 8. Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы; 9. Ата-аналармен байланыс жасау, кеңес беру.
10. Өз мүмкіндіктеріне үнемі баға берсе, өзінің әлсіз, күшті жақтарын үнемі ескеріп отыру.
III Ой толғау.
Алдарыңызда ғажайып тал. Сіздерге сол алма ағаштың жемістерін таратамын.
Сіздер, сол алмаға бүгінгі тақырыбымыз бойынша қорытынды ой жазып, алма ағашымызға ілсеңіздер.
Жұмысымыз өз жалғасын тауып, дарынды балаларды анықтай отырып, қызығушылығын арттырып, жобамен айналысу біз үшін маңызды. Тәрбие.орг сайтынан Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сагатова Айгерим Адилбековна

Пікірлер: 0

avatar