Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту
  • 15.04.2016
  • 547 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18654

Алматы облысы «Ескелді ауданы әкімдігінің
Жетісу орта мектебі»МКМ
бастауыш сынып мұғалімі
Шойбекова Айман Батырбековна
«Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту» тақырыбына АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Түсінік хат
Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін маңызды. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы.
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабақ өткізуде өскелең жастық өмірге нақты көзқарасын қалыптастырады. Заман жаңарған сайын оқыту жүйесінде әдіс-тәсілдер жаңарып отыр. Қазіргі таңда оқушыларды жалықтырмас үшін бүгінгі күнгі жаңа технологияларда оқытудың сындарлы теориясына негізделген Үшінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеріп түсіну мен бағалай алуы болып табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Сондықтан мұғалімде үш көмекші деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады.
Заманауи оқыту мен тәрбие үрдісінің негізгі идеясы оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету, білімді өз бетінше алып, күнделікті өмірде қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу. Бұл оңай іс емес, себебі, жас жеткіншектің бойындағы ерекше қабілеттін, дарындылығын тани білу, оны одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру үлкен шеберлікті талап етеді. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Бүгінгі таңда, бұл мәселеге көптеген педагогтар, психологтар, әдіскерлердің еңбектері арналған. Сол еңбектермен танысып, өз тәжірибемізде қолдану, соның негізінде өздігімізден толықтыру еңгізу, біздің міндетіміз. Мен құрастырып, ұсынып отырған осы бағдарламам да соған бағыталған: жетекшілік аткарған сынып оқушыларымның дарындылығы мен талаптарын анықтауға және одан әры дамытуға арналған.

Бағдарламаның мақсаты:
Сыныптағы оқушылардың бейімділігі мен қызығушылығын зерделеу арқылы өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеті
• Пән мұғалімдерімен бірігіп сынып оқушыларының бейімдігімен қызығұшылығын анықтау жұмысын жүргізу;
• Жан-жақты ақпараттандыру;
• Шығарма, ойтолғау жазғыздыру арқылы оқушыларды кез келген тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдіруге дағдыландыру;
• Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына, пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.
Түйінді идеялар: балардың бойындағы дарындылық қабілетің анықтау мен жетілдіру әрекетінің тиімді жолдарын қарастыру.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалім: сынып оқушыларының белсенділігін арттыру жолдарымен танысады, сол арқылы балалардың қызығушылығы мен бейімін анықтай алады; дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс әдістерімен таныс болады.
Оқушы: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгереді, шығармашылық қабілеті дамиды; өз жан дүниесін танитын, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетіне талдау жасай алатын тұлға қалыптасады.




Бағдарламаның жоспары
34 сағат

№ Іс-шаралар мазмұны Түрі Сағаты Мерзімі

1. Оқушылардың қызығушылығы мен бейімін анықтау. Сауалнама 1 Қыркүйек.
2. Қабілеттеріне қарай ұйымдарға қатысуын ұйымдастыру. Ата-анамен, ұйым жетекшілерімен кездесу 1 Қыркүйек
3. Дарынды балалармен жүйелі қосымша сабақтар өткізуді пән мұғалімдермен жоспарлау жоспар құру 1 Қыркүйек
4. Шығармашылық жұмысқа тарту. Сынып сағаттар, сыныптан тыс сабақтар, түрлі байқаулар, мектепішілік іс-шаралар 1 Жыл бойы
5. «Алтын күз» кеші Шығармашылық кеш (презентация, шығарма, өлен, т.с.с.) 1 Қазан
6. «Мен және менің мамандығым». Эссе жазу 1 Қазан
7 «Менің Отаным Қазақстан» Шығарма жазу. Қараша

8. «Ұлы Жеңіске 70 жыл»
шығармашылық кеш Шығармашылық кеш (презентация, шығарма, өлен, т.с.с.) 1 желтоқсан
9. Қызығушылықтарына қарай ақпарат жинау, күнделікте қысқаша конспектілеу Картотека, күнделік 1 Үнемі
10. Оқушыларды мектепшілік, аудандық, обылыстық пән олимпиадаларға қатыстыру. Пән олипиядалары 1 Кезеңінде
11. «Кенгуру», «Ақбота», «Русский медвежонок», т.с.с. интеллектуалдық марафондарға қатыстыруды ұйымдастыру Зияткерлік ойын сайыстары. 1 Кезеңінде
12. Халықаралық «Алтын жабағы» («Золотое руно») сайысына қатыстыру. Ойын сайысы 1 Кезеңінде
13. Халықаралық «Инфоурок», республикалық КИО қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатыстыру. Олимпиада, байқаулар. 1 Кезеңінде
14. «Дарын» оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жобаларын дайындап ұсыну Ғылыми-жобалар 1 Кезеңінде
15. Спорттық жарыстарға, фестивальдарға қатыстыру. жарыстар 1 Жыл бойы
16. «Жастар мұраты- Мәңгілік Ел» тақырыбында конференция ұйымдастыру Конференция сабағы 1 Желтоқсан
17. Наурызбек Ақжан шығармашылық кешін ұйымдастыру Мектепішілік концерт 1 Үнемі
18. «Жүзден жүйрік» Интеллектуалды сайыс 1 Қаңтар
19. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» интеллектуалдық сайыс Ашық сынып сағаты 1 Ақпан
20. «Кім жылдам?» зияткерлік ойын Интеллектуалды сайыс Наурыз
21. «Абай оқулары», оқуларына дайындап, қатыстыру. «Абай» оқуларына 1 Кезеңінде
22. «Алтын жүрек анамыз» атты өлең шығарудан сайыс Сайыс 1 Қаңтар
23. «Менің Отаным Қазақстан!» Сурет байқауы Байқау 1 Кезеңінде
24. Еділ Ерғожинмен кездесу Кездесу кеші 1 Ақпан
25. «Топжарған» Интеллектуалды сайыс 1 Ақпан
26. «Достықтың терең тамыры» Дөңгелек үстел 1 Наурыз
27. Өз шығармашылықтарын презентация арқылы қорғау (АКТ қолдану шеберлігін арттыру) Презентация 1 Қажеттілігіне қарай
28. «Мамандықты таңдай біл!» - Түрлі мамандармен кездесу 1 Наурыз
29. «Экспо-2017» - біздің визиттік картамыз Мақала, очерк, альбом арқылы тақырыпты ашу 1 Сәуірде
30. «Мен кіммін?» Пікір-талас. 1 Кезеңінде
31. «Әуенді тап» Интеллектуалды
ойын 1 Сәуір
32. Оқушылар шығармаларын, жетістіктерін баспасөзде, қабырға газетінде жариялап отыру Газет шығару 1 Жыл бойы
33. Оқушылардың шығармашылық есебін ұйымдастыру Кеш 1 Мамыр
34. 2015-2016 оқу жылындағы жұмысты қорытындылау Марапаттау 1 Мамыр




Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қараев.Ж.А. «Деңгейлік саралау технологиясы»
2. «Бала құқығы туралы конвенция». БҰҰ Бас Ассамблеясы (20.11.1989 жылы қабылдаған;)
3. «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы. 8.08.2002 жыл;
4. Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал.№4 2015 ж. «Дарынды және талантты балаларды оқыту» Н.Әлім.
5. «Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Астана. 2004.
6.«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде » ,№7.2008ж. «Дарынды балалардың шығармашылығын дамыту » С.Нұралина;
7. «Бастауыш мектеп». №5. 2009 жыл. «Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі». Авторы: М.Жантурина
8. «Сынып жетекшінің шығармашылық үлгісі мен оқушы жастар ұйымының өзін-өзі басқару міндеттері». Алматы. 2009ж. Авторы:
9.“Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары” Г.С.Жағырапова.2006ж. Тәрбие.орг сайтынан Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 547 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar