Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Денің сау болсын десең...»
  • 12.01.2017
  • 96 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20957

Айтуар негізгі мектебі

Тәрбие сағаты
«Денің сау болсын десең...»



Әлеуметтік ұстаз: Усенова Динара Мағжанқызы
2016-2017 оқу жылы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Денің сау болсын десең...»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру.
2. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
2. Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дәптер, слайд, көрме, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, буклет.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу . Бір-біріне қарап оқушылар хормен:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені. ( оқушылар иіліп сәлемдеседі)
Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге денсаулық туралы жақсы тілектер айтайық.
(Оқушылар бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне және денсаулық туралы тілектер айтады)
- Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі -дені сау ұрпақ. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығы.
Ой шақыру. Тапсырма. - Балалар, Байлық деген не? Денсаулық деген не? (Оқушылар ойларын жинақтап, дәптерге топтастырады.)



(Оқушылар топтастыру бойынша өз ойларын айтады.)
Түйіндеме: - Құрметті оқушылар! Еліміздің мықты тірегі –дені сау ұрпақ. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы. Тіршілікте салауатты өмір салтын ұстану- салауатты

өмір кешумен байланысты. Сонымен балалар, денсаулық -адам бақытының бірінші байлығы.
Дәйексөз:
Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін,
Енді қайтіп толтыра алмассың есесін.
Халық даналығы.
(Оқушылар дәйексөзді оқып, түсінген ойларын мысалдар келтіре отырып қағаз бетіне сурет салу арқылы жеткізді.)


2.Ойланайық, пікірлесейік.
Денсаулыққа байланысты бірнеше сұрақтар қою арқылы оқушылардың өз ойларын білу мақсатында жұмыстар жүргізілді.
“Салауаттылық-саулық негізі” деудің мәні неде?
“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
“Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.
(Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдады.)



Оқушылардың жауап, пікірлерін негізге ала отырып,мұғалімнің қорытынды сөзі:
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
Тапсырма:
Салауатты өмір салты дегеніміз не? (Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды)

(Слайд бойынша оқушылардың жауап,пікірлерін нақтылау үшін трек сызба көрсетіледі.)

Назар аударайық!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.

Бірінші бағыт- ”Темекі шегуді тоқтату”
Екінші бағыт- ”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
Үшінші бағыт- ”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”
Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер.
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас.
Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;
-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.

1. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
2. Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
3. Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
4. Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.
Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек сызба арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту.

«Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?», - тақырыбына сурет салып,қорғауға тапсырма берілді.

Темекінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.




Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы

Бейне ролик көрсету. Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында темекі,есірткі,ішімдікке арналған бейне ролик көрсеттім. Оқушылардың қатысуымен зиянды заттардың алдын алу тірек-сызбалар арқылы сабақтың қорытындысын шығардық.

Назар аударайық! Адам денсаулығындағы өміршеңдік ережесі:
Әр адамның ережесі өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Әр уақытта өз денсаулығына жете мән беріп кездескен қиыншылықтарды жеңе білу.
Адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін, ренжігенін басу үшін шылым шегіп ішімдік ішеді, бұл адам өміріне зиян екендігін өздері білсе де, сезінбейді.
Мұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек, жақсы ән мен музыка жан азығы. Ол ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен Фортепионо адамның жанын жай таптырып жүйкесін тынықтырады, ал домбыраның күмбірлеген үні, қобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады. Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде-ақ белгілі болып ол біздің дәуірімізге музыка терапия немесе вокало терапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына ырғағына байланысты адам ағзасы әрқалай әсер алады, сондықтан оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі.
Шығармашылық жұмыс. /оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тиянақтап бекіту мақсатында/
«Жаны саудың-тәні сау» тақырыбына эссе, шығарма жазу.

Жүректен жүрекке.
Бала тілегі.
Сөзі: С. Молдасынұлыныкі
Әні: Ф.Лұқпанованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)
Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
1-топ Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жинақтап жазу.
2-топ. Сөзжұмбақ құрастыру
3-топ. Денсаулық туралы нақыл сөздерді жинақтап жазу, мағынасын түсіндіру.
Усенова Динара Магжановна
Айтуар негізгі мектебінің әлеуметтік ұстазы.
Жамбыл ауданы,Айтуар ауылы. Тәрбие.орг сайтынан «Денің сау болсын десең...» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Усенова Динара Мағжанқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: «Денің, десең...», САУ, Авторлық бағдарлама, болсын
Көрсетілім: 96 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar