Денің сау болсын десең.. Қысқа мерзімді жоспар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 329
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22971


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

8 бөлім Дені саудың жаны сау

Тақырып: «Денің сау болсын десең..»

4 тоқсан 1 cынып

Мұғалімнің аты-жөні: Канапина Г.К.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

 

 

Адамның дене мүшелерін таниды, ажырата біледі, жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді

Көпшілік: дене мүшелерінің қызметін сипаттайды, дене мүшелеріне күтім жасай біледі

Дәрігерге қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсінеді.

Кейбір оқушылар: дене мүшелеріне арналған жаттығулар ойлап табады және басқа балаларға орындатады.

Бағалау

критерийлері

Адамның дене мүшелерінің атауын біледі, ажырата алады, қызметін сипаттай алады;

Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсінеді;

Дене мүшелеріне күтім жасау жолдарын атайды;

Дене жаттығуларының адам ағзасына пайдасын біледі, жаттығулар ойлап табады, орындайды.

  • қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсіндіреді.

Тілдік мақсаты

Дене жаттығулары, дене мүшелері, денсаулық.

 

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, тәннің саулығы, гигиеналық тазалықты сақтауды оқушылардың бойына дарыту.

Салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, көркем еңбек, дене шынықтыру, жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылымдағы материалдармен танысып, талқылау. Аудио жазба (сергіту жаттығуларын мұқият орындау).

Бастапқы білім

 

Тақырыппен байланыстыра және дене мүшелерін және олардың қызметін есте сақтау.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

Сабақтың

ортасы

33 минут

Сабақтың соңы

7 минут

(Ұ) йымдастыру кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру, сергіту мақсатында және тақырыпқа сай «Шымыр болсын денеміз» жаттығуын өткізу. Мұғалімнің нұсқаулығымен бірнеше дене жаттығуларын орындау. Дене жаттығулырын орындау кезінде «сынып» сөзі бірге айтылғанда ғана орындау керектігін ескерту.

  • Сынып оң қолыңды жоғары көтер;
  • Сол қолыңды көтер;
  • Оң аяғыңды көтер;
  • Сынып сол аяғыңды көтер;
  • Сынып қолыңды беліңе қой;
  • Оңға иіл;
  • Сынып солға иіл.

Ширату жаттығуы:

Кеспе әріптерден «Денсаулық» сөзін құрастыру (оқу мақсатын анықтау).

Тапсырма № 1 (Жұптық жұмыс)

Кім көп сөз біледі?" ойыны. Тірек сөздерден сөйлем құрастыру (тілдік дағдыларды дамыту)

Тапсырма № 2 (Жұптық жұмыс).

«Робот» ойыны. Бір – біріне қарама –қарсы мұқият қарап тұрып, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс, мысалы: оң қолыңды алға соз т. б

(дене мүшелерін толықтырып, нақтылап атау мақсатында жүргізіледі).

 

Картинки по запросу части тела презентация для детей

 

Дескрипторлар:

1.Суреттегі адамның негізгі мүшелерін атайды;

2.№2 суретте берілген дене мүшелерін таниды, атайды

3.ДМ негізгі қызметін сипаттайды

4.Ойын барысында жүргізуші атаған дене мүшелерін өз бойынан көрсетеді.

Тапсырма №3

«Орындап көр»

Оқушылар уақытқа «Кім шапшаң?» атты отырып-тұру жаттығуларын орындайды. Дескрипторлар:

1.Дене жаттығуларының адам ағзасына маңыздылығын ашу мақсатында ұйымдастырады.

2.Талқылау сұрақтарынан кейін, дене мүшелеріне арналған жаттығулар ұсынады, орындайды.

 

( Тапсырма № 4 (ОТ) Топпен жұмыс.

«Біздің ұқсастығымыз неде?» постер әзірлеу. (1-топ алдынанан қарағанда, 2-топ артынынан қарап тұрған адам пішінін сызады)

 

Дескрипторлар:

1.Бақылайды, салыстырады.

2.Мәліметтер алады, түсінеді.

 

Мұғалім тарапынан жүретін бағалау: фишкалар арқылы мадақтау

 

Сергіту сәті

Аяқ та екеу, қол да екеу

Көз жанары, ол да екеу

Екеу қас та,құлақ та

Жүрек жалғыз бірақта.

 

-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Құлақ деген не үшін керек ?
-Ақыл кеңес тыңдау үшін.
-Тіл мен жағың не үшін керек?
-Ақиқатты айту үшін.
-Ал аяғың не үшін керек?
-Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

 

Тапсырма № 5. Суретпен жұмыс.

 

 

 

Рольдік ойын «Дәрігердің қабылдауында» диалог құру. Ауырып қалған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Дәрігер кеңесі:

- Тамақтанар алдында қол жуу;

- Көкөністер, жемістерді жуып жеу;

- Әр жексенбі күндері жуынып, тырнақты алу;

- тамақтан кейін ауызды шайқау, күніне екі рет тісті тазалау;

- Өз бетімен емделуге болмайды.

Дескрипторлар:

1.Жеке бас гигиенасын сақтайды.

2.Денсаулықсыз өмір жоқтығын түсінеді.

 

Дәптермен жұмыс

 

Тапсырма № 6. Карточкамен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сабақ материалын меңгергенін анықтау, саралау.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға үлестірме парақшалар жазылған «Дұрыс жауабын тап» тапсырмасын беру.

Жауабын «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет.

 

Бас – дене мүшесі.

Көз кеудеден төмен мүшеге жатады.

Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі ауырады.

Жаттығу денсаулықты нығайтады.

Өкше –бас мүшесі.

Тізе- кеудеде орналасқан.

Қарақұс-аяқ мүшесіне жатады.

Өзара бағалау: «Бағалау парағы»

Кері байланыс стикерлер арқылы, бутербродтың жоғары жағына- «барлығын түсіндім», ортасына-« әлі де білуім керек», төменгі жағына- «ештеңе түсінген жоқпын»

 

 

 

Кеспе әріптер

"Кім көп сөз біледі?" ойын

«Робот» ойыны

Оқулық 80-бет

2 постер, түрлі – түсті маркерлер, дене мүшелерінің атаулары жазылған қима сөздер

Оқулық 81-бет

Мектеп дәрігері, дәрігердің ауру адамды қарауға арналған аспаптары.

Дәптерде 51 жұмыс парағы

Стикерлер

Тәрбие.орг сайтынан Денің сау болсын десең.. Қысқа мерзімді жоспар Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Канапина Г.К.

Пікірлер: 0

avatar