«Әдептілік адамгершілік әліппесі»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 334
  • Авторлық бағдарлама
  • 10/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19974


ҚР, Жамбыл облысы, Меркі ауданы
Гранитогор санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешісі
Смадилова Кенже Қасымбековна.

«Әдептілік адамгершілік әліппесі.»
Мақсаты: Балаларға асыл қасиет ұғымдарын түсіндіру, оқушылардың адамгершілік қағидаларын басшылыққа алу, адам бойындағы адамгершілік қабілетін, әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету, өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.
Әлемге әйгілі ғалым Платон «Біз ұл тәрбиелей отырып жер иесін тәрбиелейміз» деген екен. Демек, ұл – елдің қорғаны, қыз – болашақ ана. Адамның мәдениеті болмағаны әдептен. Әдеп нормаларын білуге және сақтауға кез-келген адам талпынуы керек. Сыртқы келбет пен жүріс- тұрыс оның барлық әдептілігін көрсете бермейді. Адамның ішкі әлемі мен оның пайда болуын қосатын көпір әдептілік деп аталады. Адамның парасат деңгейі адамгершілік таразысында байқалады.
Адам бойындағы әдемілікті сезіну, қадірлі мен қадірсіздікті, ізгілік пен жауыздықты, сұлулық пен ұсқынсыздықты ажырата білу ақылдықтын. Менің ойымша адамгершілікті адам жолдастарының, достарының арасында сыпайы, беделді, сыйлы болады. Айналасында ұнамды іс-әрекеттер мен ықпалы басым келеді. Осының бәріне жету үшін көп еңбектену, іздену, күш-қуат, табандылық қажет.
Адамгершілік деген ұлы сөз. Барлығының бойынан адамгершіліктің асыл қасиеттері: ар, ұят, намыс, адалдық, мейірімділік, сыйластық, шыншылдық, сенімділік бола білген абзал. «Адамгершілік» деген сөздің әрбір әрпінде өзіндік мағына бар сияқты. Егер осы сөзді талдап көрсек адам бойындағы асыл қасиеттер әрбір әрпінен күн сәулесіндей шуақ шашып тұрғандай.
Ар-ұят Ар-намыс – адам бойындағы адамгершілік қасиеттің ең басты көрінісі. Әрбір адам бойында намыс болуы керек. Себебі барлық нәрсе осыған келіп тіреледі. Мысалы, кез-келген шешімді қабылдау үшін ар керек. Ар, намысы бар жан өмірде қиыншылықтардан сүрінбей өтуі үшін әрекет жасайды. Көшеде бара жатып аузына келген сөзді айтып бара жатқан адамды жиі кездестіресің. Сол айтып бара жатқан сөзі үшін ол тіпті маңғаздана қарайтын сияқты. Керісінше намыстануы керек емес пе? Имандылықтың,әдептіліктің, тәрбиеліліктің бастауы-ол ар-намыс.
Сыпайылылық Адам әдепті,ұқыпты болуы керек. Сыпайылылық үлкенге құрмет,кішіге ізеттен басталады. Ұл ұятты,қыз инабатты болса, сыпайылылық деген осы. Сыпайы болсаң өзіңе жақсы, айналаңа сыйлы боласың. Сәлемдесуден қоштасуға дейінгі әдептілік те сыпайылық болып табылады. Өзіңе тән жұмсақ мінезіңмен әрдайым сыпайы бола білсең-әдептіліктің кепілі.
Пейіл Мәдениеттің бір көрінісі – пейіл білдіру. Пейіл білдіру негізінен өте жақсы дүние,себебі ол адам мен адамның дұрыс қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Егер біреуге пейіліңді білдірсең ол адамның қуанып қалғанын көреміз. Сондықтан әрдайым жан-жағыңдағыларға аз да болса көмек ретінде пейіл білдіру керек. Пейіл білдірудің көптеген түрі бар. Мысалы, адамның сыртқы келбетіне, сөйлеген сөзіне, жүрген жүрісіне, ішкі сұлулығына байланысты айтылады. Пейіл білдірудің қалай әсер ететінін білу қиын емес. Біреудің өзіңе пейіл білдіру сәтін еске түсіріп сезінсең болады.
Тәрбиелі адам «Тәрбие тал бесіктен» демекші әрбір адам тәрбиелі, саналы болуы керек. Тәрбиені адам бойына жастайынан сіңіру керек. Тәрбиелі адам әрқашан дұрыс жүру,дұрыс сөйлеу әдебінен жаңылмақ емес. Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліліктен басталады. Өмірдегі ең жаман нәрсе «тәрбиесіз» деген сөз деп ойлаймын. Тәрбиесіз болсаң алдымен өзіңе, кейін ата-анаңа сын. Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліліктен басталады.

Қорытынды: Тілді де, жүректі де, аяқ-қолды да ізгілікке үйрету керек. Мейірімді адамды жұрт жақтайды. Сендердің әрбір қылықтарың басқа адамдарға әсер етеді,қасыңды адам бар екенін ұмытпа. Кісінің кім екені қиыншылықта және кедейшілікте сыналады. Осы жағдайда өз бойыңнан екі байлықты табасың: ол сабыр еткен жүрек пен кішіпейілділік. Сондықтан әрдайым кішіпейіл,сабырлы,адамгершілікті болыңдар. Адамға ең қажетті қасиеттер осы болып табылады. Тәрбие.орг сайтынан «Әдептілік адамгершілік әліппесі» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Смадилова Кенже Қасымбековна

Пікірлер: 0

avatar