Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Дидатиалық ойын арылы балалардың тілін дамыту
  • 15.02.2017
  • 23 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21771

Дидатиалық ойын арылы балалардың тілін дамыту
Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман тілегін білуге, зейінін қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірбиені меңгерді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселе, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен ойнайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын - баланың ақыл-ойын тәрбиелейтін құрал. Ойында өмірді көрсету күрделі үдеріс. Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, ол бірге ойнап отырған өз достарымен сөз-арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда түсінісу қажеттігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады
Ойын – дүниеге жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Бала өз ойын дүние таным түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өзіне қабылдайды. Ойнап жүріп өсетін әрбір баланың жан серігі –ойын. Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы-ұлттық ойындар.
Ұлттық ойындағы ата-бабамыздан бірге жеткен, өткеніміз бен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп қараған жөн. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген-білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Тегінде көп нәрсе баланың өмірін дұрыс ұйымдастырып, жақсыға қарап баулып шебер басқара білуге байланысты. Сондықтан педагог балаларды ойындарға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай жағдайда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
Курманалиева Жанар Тәрбие.орг сайтынан Дидатиалық ойын арылы балалардың тілін дамыту Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанар Курманалиева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: ойын, арылы, Дидатиалық, тілін, дамыту, балалардың, Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 23 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar