Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Әдіскер бағыт беруші
  • 17.06.2016
  • 373 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19229

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (37.7Kb)

БҚО, Орал қаласы
№39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК әдіскері
Тулешова Толкын Зинулиевна

«Әдіскер-бағыт беруші!»

«Жастар-еліміздің тірегі» -деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қызметке араласқан жас мамандарымызды қолдап көмек көрсету арқылы еліміздің болашағына тамшыдай болса да өз үлесімізді қосамыз...
Жалпы, балабақша әдіскері меңгерушінің нұсқауы бойынша мекемеде білім және тәрбие беру жұмысын жүзеге асыратын бірден бір адам.
Өз қызметімде педагогтармен тығыз байланыста болғандықтан жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарға тоқталғым келеді.
Жас мамандар алдымен бөбекжаймен, ұжыммен танысады. Оларға қолдау көрсетіп, жаңа ортаға үйренуіне ықпал етіп, сауалнамалар жүргізіп өздері туралы толық мағлұматтар алуға болады.
Қызметке жаңа келген жас мамандар алдымен әдістемелік көмекті қажет ететіні сөзсіз. Бұл орайда жаңа ортаға жаңа қадам басқан жас маманға тәлімгер – жетекшілер тағайындаймын, сөйтіп жылдық жоспар бойынша жұмыс жасауға бағыт көрсетіледі.
Жас маманның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталады. Тәрбиешінің өз портфолиосын жасауға, перспективалық жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт береді. Балалардың өмірін және денсаулығын сақтау циклограммасын, технологиялық картаны толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек беріледі.
ЖМББ стандарты ережелерімен, бағыттарымен таныстырып, жас мамандардың ұйымдастырған оқу іс-әрекеттеріне жүйелі қатысып, сараптама жасап отырамын.
Кезең сайын балалардың даму деңгейін бағалау индикаторын сараптап, қиындық келтіріп жүрген қырлары бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табуда жұмыстанып оң нәтиже алып отырамыз.
Жас мамандармен отырыстарда заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйрететін кеңестер баяндап отырамын.
Міне осы мәселелер төңірегінде сеніммен жұмыстанып келемін және жұмыстана да беремін! Тәрбие.орг сайтынан Әдіскер бағыт беруші Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулешова Толкын Зинулиевна

БҚО, Орал қаласы, № 39 "Салтанат" бөбекжайы әдіскер

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 373 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar