Домбыра-қомуз, шертер-балалайка

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 250
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21182


Шайдуллаева Гүлзахан Арстанбекқызы
№ 29 Александр Герцен орта мектебі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Б.Момышұлы ауылы

Музыка Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Домбыра-қомуз, шертер-балалайка
Мақсаты Сабақтың мақсаты: Күй ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру. Музыкалык шығар- малардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.
Сабақтың міндеті:
Музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға, музыкаға сәйкес би қимылдарын жасауға үйрету.
Динамикалық есту қабілетін арттыру. Әнді әдемі сезіммен орындауға баулу.
Көрнекілігі
Топқа бөлу Пазл арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардыңамандасуы.
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық. Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңілімізмөлдірбұлақтай таза болсын!
Оқушылар өз ойларымен бөліседі
Мағынаны тану Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.
Жұмбақты шеш
Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар.
/Домбыра/.
Шертер-шанағы терімен қапталған, қазақ хыалқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш шекті болып келеді.
Құрылысы жөнінен домбыра аспабына ұқсас келеді.
Балалайка — орыстың үш ішекті музыкалық аспабы. Алғашқыда екі ішекті болған. Жеке орындауда да, басқа аспаптармен қосылып әнді, биді сүйемелдеуге де пайдаланылған.
Музыкалық әуен немесе музыкалық дыбыстардың белгілі бір қозғалыспен, ретпен орындалуын ырғақ деп атайды. Кез келген музыканың ырғағы болады. Ырғақтың көмегімен ән – әуендерді танып, ажырата аламыз.
Дауыс жаттығуы: До,ре,ми,фа,соль,ля,си.

Домбыра
Өлеңін жазған:Ә.Дүйсенбиев
Музыкасын жазған:Б.Әлімжан

Құрманғазы «Адай» күйін тыңдау арқылы сурет салу.
Музыкалықүзіліс. (Сергітусәті)
Домбыраменбилеу.

Домбыра ойнау: 1-жаттығу «Алақай».

Ой толғаныс 1. Егер дұрыс тапсаң, қазақ ұлт аспабының аты шығады.
Аоыдмбр
Жұмбақ Екі желілі,
Күйдің көрігі. (Домбыра)
Жаңылтпаш
Домбыраның құлағын
Оң бүрадым,
Он бұрадым.
Қорыту.
«Домбыра» сөзжұмбағын шешу.
Шулыжәнемузыкалық…
Түйеніңтөлі.
Ән, әуен, ырғақ.
Аққанатты, кекқанатты …
Ұлыстыңұлыкүні.
Атақтыкүйші.
Құрманғазыныңкүйі.
Д Ы Б Ы С
Б О т А
м У 3 Ы К А
К Ө Б Е Л Е к
н А У Р Ы 3
Қ ¥ Р м А Н Ғ А 3 Ы
с А р Ы А р Қ А

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау Тәрбие.орг сайтынан Домбыра-қомуз, шертер-балалайка Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шайдуллаева Гүлзахан Арстанбекқызы

Пікірлер: 0

avatar