Ел есіндегі- Еңбек Ері Тілеуғабыл Өмірбеков

  • Жүктеулер: 188
  • Көрсетілім: 727
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18398


Мақсаты – ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу
1940 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Таңсық ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1957 жылы шопандықтан бастап, зейнет демалысына шыққанша қой түлігін өсірумен айналысты. Ұзақ жылғы еңбегі жоғары бағаланды. 1966 жылы “Құрмет белгісі” орденімен марапатталып, Республиканың“Алтын”кітабына есімі жазылды. 1971 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты әрі Презиедиум мүшесі болып сайланды, “Ленин” орденімен марапатталды. Шұбартау ауданында алғашқы комсомол- жастар бригадасының ұстаз-тәлімгері болып, қой шаруашылығын дамытудағы үздік еңбегі Республика көлеміне танылды. “Социалистік Еңбек Ері” атағын алды. 1973 жылы екінші мәрте “Ленин” орденімен, 1981 жылы “Октябрь Революциясы” орденімен марапатталды. СОКП 24-ші, Қазақстан Компартиясының 15-ші съездеріне, кәсіподақтардың бүкілодақтық 27-ші съезіне делегат болып сайланды. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің 2 алтын, 3 күміс медальдарын иеленді. Аягөз ауданының “Құрметті Азаматы” атанды. 2008 жылы 3 қантарда қайтыс болды. Тәрбие.орг сайтынан Ел есіндегі- Еңбек Ері Тілеуғабыл Өмірбеков Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дүйсекенова Әлия Зайтқызы

Пікірлер: 0

avatar