Ел ордасы Астана

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 425
  • Авторлық бағдарлама
  • 13/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20483


08.12.2016ж
Білім беру саласы : Коммуникация.
Сабақтың тақырыбы: Ел ордасы Астана.
Сабақтың мақсаты: Балаларға Астана туралы түсінік беру. Бір-екі сөздермен сөйлем құратып , ауызекі сөйлеуге тілдерін дамыту. Балаларды өз елінің патриоты болуға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер т.б .
Қажет- құралдар: Плакат, гуашь, сулгі т.б.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ –жауап, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Ынта сезімін ояту
Балаларға гимн тыңдату Балалар орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып тыңдайды
Ұйымдастырушылық -ізденістік

Балалар біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев . Біздің бас қаламыз Астана.
-Балалар сендер Астанаға бардыңдар ма?
-Бармасаңдар болашақта барасыңдар.
-Балалар мына жаққа қараңдаршы, мынау бәйтерек бұл біздің Астанамыздың символы, ал мынау Қазақстандағы ең үлкен мешіт бұл Астанада салынған, мынау үкімет үйі.

Сергіту жаттығу
Бала, бала,балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай –былай ойнап.
Топ-топ, топ- топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса, алтын күн.
Жаса-жаса, жарқын түн.

Балалар біздің Астанамыз күннен күнге, көркейіп келе жатыр. Енді біз аспанымыз ашық болсын, еліміз тыныш болсын деген тілекпен өзіміздің тілегімізді қағаз бетіне түсірейік. Аспан түстес когілдір қағазға аспанымыз ашық болсын деп күннің нұрын саламыз. Ол үшін қолымызды сары бояуға салып, күнніңі нұрын саламыз және астына еліміз гүлдене берсін деп саусағымызды қызыл түске матырып
із қалдыру арқылы гүл саламыз.
Балаларды екі топқа бөліп отырғызып сурет салғызу.


Жоқ.

Балалар зейін қойып тыңдайды.

Балалар қимыл –қозғалыспен жасайды.

Балалар бес саусақтарын сары бояуға салып, күннің нұрын салады.
Саусақтарын қызыл бояуға салып, нүктелеу арқылы гүл салады
Рефлекциялық-түзетушілік Екі топтың салған суреттерін бағалап, тақтаға ілу.
-Балалар біздің елбасымыз кім екен?
-Біздің ел ордамыз қай қала ?
-Қазақстан халқына қызмет етесіңдер ме?
-Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.


Н.Ә.Назарбаев

Астана
Иа

Иа Тәрбие.орг сайтынан Ел ордасы Астана Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айгерім Салимбаева

Пікірлер: 0

avatar