Елбасыға арнау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 74
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23501


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Елбасыға арнау

Кешіп келем мамыражай өмірді
Елімдегі барлық бала көңілді.
Бейбіт өмір оңайлықпен келмеген
Тәуелсіздік бола берсін тұғырлы.

Мейірімге толы оның жүрегі
Әр баланы – өз балам деп біледі.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы –
Көшбасшысы, өз елінің тірегі.

Нұр-атаның нұрлы жолы – шапағат
Болашаққа бағдар берген аманат.
Елі үшін ерен оның еңбегі
Ұлы тұлға, мойындаған ғаламат.

Ұланғайыр шетсіз-шексіз жерімнің
Шекарасын шегедей ғыпсыздырған.
Бұл әлемде татулықты ту етіп
Саңлақтарды додаларда оздырған.

Ядролық сынақтарды тәмәмдап,
Қандастарды Отанына қайтарған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде
Дүниеге дүбірлі үндеу айта алған.

Сарыарқада әсем қала тұрғызған,
Аралыма Сырдың суын бұрғызған.
Парасатты мемлекет құрам деп
Жемқорлықты түбірімен жұлғызған.


Жастарымды болашаққа бастаған,
Төл-тарих пен салт-дәстүрден аспаған.
ЭКСПО мен Азиада өткізіп
Халқымызды бір марқайтып тастаған.

Ену үшін озық елдер сапына
Талай істер атқаруда Елбасы.
Латын қарпі Әліпбиге көшу де
Осы жолда маңызы зор бастама.

Ел ағасы, жер ағасы Президент,
Мақтанамын, Сізге тілеп амандық.
Ел тілегі қабыл болсын, ылайым
Жеті асу алыс болсын жамандық.

Түтініміз түзу ұшсын ағайын,
Аман болсын Елбасым да, Елім де!
Ынтымақшыл, ымырашыл ағайын,
Мың жасасын, мәңгі болсын жерім де!

Қызылорда облысы Арал қаласы
Т. Г. Шевченко атындағы
№13 орта мектебінің
3 «В» сынып оқушысы
Төлебаева Инабат
Жетекшісі: Альжанова Гулбану Нуржауовна Тәрбие.орг сайтынан Елбасыға арнау Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar