Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Елі сүйген, Елін сүйген ЕЛБАСЫ!
  • 05.05.2016
  • 523 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18944

Сабақтың тақырыбы: Елі сүйген, Елін сүйген ЕЛБАСЫ!
Мақсаты: Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолдарымен танысу, тарихқа шолу, әр тұлғаның туған жер, тіл, тарих, шежіре туралы таным – түйсігін молайту.Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу және жүректе өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұлғайту.
Көрнекілік: Астана қаласының суреттері, буклет, рәміздер;
Сабақты ән ұранмен бастайық
Ендігі кезекті жыр шумақтарына береміз

1 – оқушы: Кең байтақ, көз жеткізбейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!
Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне
Тағдырың он жүректің сазын әлі
Шіркін – ай, жер жнтпейді бір өзіңе
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы
Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім,
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!

2 – оқушы: Еліміздің өзіне тән туы, елтаңбасы, әнұраны бар.
Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі.
Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.
Қыран бүркіт – тәуелсіздіктің белгісі.
Өрнек – салт –дәстүріміздің белгісі.

3 – оқушы: Арайланып атты таң,
Далада думан, қалада думан – жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күніміз
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлын.

4 – оқушы: Елімнің атын айтсам – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толған мекен
Байлығының атын айтсам – Қазақстан,
Қазақстан бабамнан қалған мұра
Сен білмесең, даламнан барда сұра
Ай мен жерде дұшпанға таптатпаған,
Батырларым демесем, болар күнә.

5 – оқушы: Тәуелсіз Қазақстан – тірегімсің,
Кеудемде лүпілдеген жүрегімсің
Сен үшін мендегі бар білім – ілім
Сен деп соққан жүрегімді білемісің?
Жүргізуші:
1999 жылы 10 қаңтарда Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Елбасының саяси – астрологиялық нумерологиялық портреті. Туған жылы – 1940 жыл. Туған күні – 6 шілде. Жұлдыздама белгісі – шаян.

Хор: «Нұр аға»
6 – оқушы: Тәуелсіздік –
Тәубелі елдің ұраны,
Қиялды елдің қыраны
Жат рухқа жалтақтатпас пендесін
Жанарлардың шырағы
Батыры көп, ақыны көп, халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн.

7 – оқушы: Біз қазақпыз –
Ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген
Бойтұмар ғып ар – ұждан қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

8 – оқушы: Жеңіс, жеңіс!
Осынау сөзден жарқ етіп,
Көңілі көптің ашылды
Жауыздың туы жалп етіп,
Кеудесі жаудың басылды
Қуаныш құшты халқымыз
Әділдік біздің жеңді деп.
Әйгілі болды даңқымыз,
Жеңіс туы желбіреп!

9 – оқушы: О, Тәңірім, бақыт құсы қонып бір,
Деп тіледік бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, тәуелсіздік, ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
10 – оқушы: Бақ жұлдызым сөнбейтұғын маңдайдағы,
Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы
Қазақстан қарыштап күннен күнге,
Азат елдің қыраны самғайды әлі.

Қорытындылау: Сабақты сұрақ – жауап арқылы қорытындылайық.
1. Астана күнін қарсы алатын күн?
2. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыт?
3. Елбасы алғаш сайланған мерзім?
4. Ұлттық валютамыз қай жылы қолданысқа ие болды?
5. Елтаңбаның авторы кім?
Үйге: « Мен Қазақстанның болашағын қалай елестетемін? » Тәрбие.орг сайтынан Елі сүйген, Елін сүйген ЕЛБАСЫ! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гулжазира Жолжанова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 523 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar