«Еліміздің болашақ ұрпағына өзге ұлттың тілі мен дініне, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу- тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі.»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 392
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22748


«Еліміздің болашақ ұрпағына өзге ұлттың тілі мен дініне, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу- тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі.»
2017 жылдың сәуір айының 28 жұлдызында Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайында ортаңғы «Шағала», «Жұлдыз» топтары арасында «Ұлттық ойындар» атты ойын- сауық кеші өткізілді.
Жүргізіліп отырған ойын- сауықтың басты мақсаты: Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру. Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған.
Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да, болашақ ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беру, өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, ұлттық ойындарына құрметпен қарауға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.
Осы орайда, өткізілген ойын сауық кешінде, балалар достық туралы тақпақтарын айтып, қырғыс халқының «Түйе мен бота» ойынын, татар халқының «Тауып алда қуып жет» ойынын, өзбек халқының «Тақия тастамақ» ойыны, қазақ халқының «Шаңырақ» ойындары ойнатылды. «Шағала» тобының биші қыздары өзбек халқының биін биледі, ал «Жұлдыз» тобының биші қызы орыс халқының «Калинка» биін билеп мерекелік көңіл күй сыйлады. Өзге ұлттың биін билеп, ойындарын ойнап қана қоймай бүлдіршіндеріміз ағылшын тілінде «I love mamu» әнін орындады.
Өзге ұлттың өнері мен ұлттық ойындарын құрметтей отырып, «Шағала» тобының биші қыздары қазақ халқының «Дастархан» биі биледі.
Ойын сауық кешін «Дос болайық бәріміз» әнімен аяқтады. Өзге ұлттардың тілі мен мәдениетіне, ұлттық ойындарына құрметепен қарауға, бүлдіршіндеріміздің бойына сіңірді деген сенімдеміз.

Дайындаған: «Шағала» тобының тәрбиешісі: Исиркова Г.И. Тәрбие.орг сайтынан «Еліміздің болашақ ұрпағына өзге ұлттың тілі мен дініне, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу- тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі.» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исиркова Г.И.

Пікірлер: 0

avatar