Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы
  • 11.12.2016
  • 186 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20471

Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы.
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді.Тәуелсіздік туын алғаннан беріелбасымыз кемеңгерлікпен ел басқаруда.Тағылымы терең ,ой өрісі кең ,халық дәстүрлерін жақсы білетін адам.Еңбек жолын қарапайым еңбеккерден бастаған Нұрсұлтан ағамыз ізетті ,иманжүзді отанын сүйер қолбасшы.
Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен, Арым бар,намысым бар жан тербеткен. Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен...
деп жауынгер жазушы Б.Момышұлы айтқанындай,намысты қолдан бермейтін қайсар жан.Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі,болашағымыздың негізгі кепілі-байырғы халқымыз.Қаншама қазақ тәуелсіздік жолында мерт болды.Сол адамдардың қанымен,жанымен келген асқақ мұратты қадірлеу,оны сүю-кез келгеннің қолынан келе бермейді.Өткендегілердің өсиетін,тірілердің арманын қастерлеген Назарбаев өлімге бас иген жоқ.60 жылдары Нұрсұлтан аға Қарағанды металлургия комбинатында еңбек етті.Сол кезеңде ,жастары қатарлас,досы Г.Толмачев оның еңбегін былайша еске алады.”Теміртаудағы сол күндер жадымда мықты сақталыпты.Оның себепкері Нұрсұлтан еді.Әттең өкініштісі,диктофон болған жоқ.Мына жігіт энциклопедия сияқты,бәрін біледі екен” дейді.Расында да,Елбасының бедерлі де,төгілте сөйлеуі мені таң қалдырады.Мұның өзі анадан жұққан қасиет.Құрсақта жатып кім болатынын дәлелдеген сияқты.Ешбір адамның қолдауынсыз шешім шығара білу де үлкен ерлік.Ол өзінің өмірін өзі жасаған философ сияқты.Әрине, алдыңда асқар асу тұрса да,ешқашан мойыған жоқ.Талай жерде санын соғып, өкінседе,сенім оты өшкен жоқ.Алладан медет тілеп,көк тәңірден қолдау күтті.Тәңір де алдамады.Анасы көрген түс дәл келді.Махаббатқа,арманға,үмітке толы жүрек оты маздап жанды.Отан-ана,Жер –Ана,Сәби-Жүрек,Аллаға Тағзым алдамады.Халқы сүйген ер жігіттің бар ма арманы?!
Қазақстан жылдан жылға қарыштап дамуда.Жер-кіндік қаның тамған жер,ірге жаяр атамекенім!Туған далама оралғаныма тура он жыл.Өзге жерде жүрсем де ылғи елді ойлайтынмын.Қашан қазағыма жетемін деп,елбасына мың тағзым етемін.Ұлттық мүддені ойлаған ағам аман болсыншы.Ерен ерлік жасаған ел перзенті –халық сайлаған дарын йесі.Ұлттың мерейін асырытын да.табанды жұмыс істейтін де көк тудың иелері.Бала тәрбиесінде де, елбасы өнегесі шексіз.Жан жары-Сара апай отбасының ғана емес, Қазағымның анасы.Нұрағадан туған қыздар да елдің жанашыры болуда.Әрбір сөзі нысанаға дөп тиетін, өнерге,аз сөйлеп көп тыңдайтын,өзін-өзі емес, халқы мақтайтын әкемізге ел риза.
Біздің ата дәстүрімізде ағаға қарсы шығу жоқтың қасы.Сондықтан жасы кіші іні- қарындастар ағаны сыйлап, айтқанын екіетпей орындайды.Менде алла тағалладан сұрарым : Ел басымның амандығы.Биыл тұңғыш президентіміздің ақ киізге отырғызып,елбасы болғанына тура жиырма екі жыл.Осы шаттықты мерекеде сізге өлең жолдарын арнаймын:
Батыр да туған анадан,ақын да туған анадан, Елбасының тұғыры тұғырлы болсын,ей адам. Пайғамбарымыз да анасын құрмет тұтады Анаға қамқор болатын,сізғой елдегі дана адам.
Жолыңыз ақ боп ,жүре беріңіз Асқар тау-пана өзіңіз. Атадан жақсы ұл туған, Сіздей болсын бар балаң.
Астана-жұмақ мекені! Жүрегі сіз ғой төрімнің. Сәулетті құрлыс мекені! Еуроазия тірегі.
Жалындай бер жас Отан! Жастарың бар қанатты Қыран құсқа теңедім, Алысқа ұшар кемерім.
Қабыл қып алла тілекті, Денсаулық берсін еліме. Бақытқа бізді кенелткен Елімнің басы береке!

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,А.Меңдалыұлы мектебі Қазақ тілі мен Әдебиеті пәні мұғалімі:Жұмаева Әсемгүл Сейтенқызы Тәрбие.орг сайтынан Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жұмаева Әсемгүл Сейтенқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: сүйген-Елбасы, елін, Авторлық бағдарлама, елі, сүйген
Көрсетілім: 186 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar