Елінде ақын Жамбылдың

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 74
  • Авторлық бағдарлама
  • 16/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23331


Елінде ақын Жамбылдың

Елінде ақын Жамбылдың
Төрінде қалқып ән-жырдың.
Ауылы жатыр Ұзынағаш
Ағашы тірек аспанға
Куәсі ғасыр, сан жылдың.

Алып Жамбылдың елінде
Атаусыз қалмас тегінде
Қарғалы атты ауыл бар.
Қыраны еркін самғаған
Көк бұйра бұлттың төрінде.

Ақын Жамбылдың ауданы –
Көкорай желек бау-бағы.
Үмбетәлідей бар ауыл
Алып ағашы қарауыл.
Таңдайын қаққан жаулары.

Алып Жамбылдың елінде
Ақтерек сынды ауыл бар.
Жамылып жатар желегін,
Қимайтын таптап кетуге.
«Қысылып» түсер жауын, қар.

Алыптың байтақ жерінде
Қыраны қалқып көгінде,
Желбіреп Туы төрінде,
Жолаушы пенде өтпейді
Ат басын бұрмай көруге.

Алып Жамбылдың ауданы –
Өлкесі батыр, ақынның.
Ұсынып асын жауына
Сыйлағанындай жақынын.
Ұшырған талай тастүлек
Ғалымын, дана, хакімін.

Ана туралы толғау

Өмір-өзен дүлей соқты жағаға.
Ақыл кірмей жатса-дағы санаға.
Ажал айдап әкетті ғой әкені
Мұң жамылып жалғыз қалды жан ана.

Иә, иә, жалғыз қалды жан ана,
Иек артып кіп-кішкентай балаға.
Бірақ қайсар ана қалды аңырап,
Ұрпақтарын дауа қылып жараға.

Қайтпас ана көрді аштықты, азапты,
Татты өмірде ащы-тұщы, мазақты.
Сенді алайда үміт етіп шуақ күн
Шашатынын шұғыланы, ғажапты.

Бірі – заңгер, бірі болды мұғалім.
Енді бірі тапты өмірден сыңарын.
Сол баяғы жалғыз ана бүгінде
Немеремен қандыруда құмарын.

Ұлын – ұя, қызын – қия қондырып,
Орындалып соңғы арман, соңғы үміт.
Алып ана енді жеттім дегенде
Кете барды-ау үміт отын сөндіріп.

Қайырылмады, қарайламай, шегінбей.
Бір шынары қалды артында егілмей.
Бір шыбығы қалды артында тал болып,
Қар астында үсік шалған егіндей. Тәрбие.орг сайтынан Елінде ақын Жамбылдың Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Реймова Камшат Ермекбаевна

С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar