Ертеңгі болашағымыздың - бүгінгі бастауы!

  • Жүктеулер: 29
  • Көрсетілім: 238
  • Авторлық бағдарлама
  • 17/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23052


Жоспар

І. Кіріспе бөлімі

Алғаш балабақшаның шығу тарихы.

ІІ. Негізгі бөлімі

  1. Балабақша – болашақ білімді ұрпақ кепілі.
  2. Біздің балабақша – бұл бала бағбандарының мекені
  3. Менің өмірдегі ұстанымым.
  4. «Денсаулық сақтау технологиясы», балабақшада хатха-йога жаттығуларын қолданайық.

 

ІІІ. Қорытынды бөлімі

Болашақта білімді, тәрбиелі, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

І. Кіріспе:

 

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,

оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре

білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,

Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын

азамат өсіре аламыз»

Н.Ә.Назарбаев

Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым – педагогика. Ол өз атамасын грек сөздері: «пайдес» - балалар және «аго» - жетектеу деген сөздерден алған. Тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау дегенді аңдатады. Ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мәнін білдіреді. Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым.

  • — мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме. Мұндай мекеменің ең алғашқы үлгісін неміс педагогы Фребель 1837 ж. ұйымдастырған. Ал біздің Қазақстанда тұңғыш балабақша Алматы қаласында 1917 жылы ұйымдастырылып, онда 100-ге тарта бала тәрбиеленді. 1919 — 1920 жылдары Қызылорда, Торғай, Орынбор, Орда, Қостанай қалаларында 115 балабақша жұмыс істеді. 1997 жылы ҚР бойынша барлығы 1419 балабақша жұмыс істеді. Мектепке дейінгі балалық шақ - жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы ерекше кезең. Бұл кезеңде бала айналасындағы ересек адамдарға тәуелді. Мысалы, ата-анасына, балабақша тәрбиешісіне, т.б. Осы жаста дұрыс көрсетілмеген күтім, берілмеген тәрбие келешекте үлкен проблемаларға соқтырады. Бала қалыпты даму үшін балабақша мен отбасында теңдей жағдай жасалуы керек.

ІІ. Негізгі бөлім:

«Адамды тәрбиелеу-демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу».- А.С. Макаренко.

Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Еліміздің болашағы - ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет. Ата - ана бірінші педагог болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс жасаудағы ұстанымы өзгеруі керек. Балабақшалар балаға тәрбие беріп қана қоймай, ата-аналарға тәрбие жөнінде кеңестер де беріп отыруы қажет. Арқау болып отырған тақырыпқа тоқталатын болсақ, балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмау керек. Ал, ата-ана үшін бала-бақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауыз біршілігінің мықты болуы абзал.

Бүлдіршін бақшаға-достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналуы керек. Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де сәби жүректерін алып ұштырып тұратын деңгейге дейін жеткізетін ол әрине-балалардың бағбаны-тәрбиешілер болып саналады. Бір тәрбиеші-бірнеше баланың өміріне жауапты болғандықтан, ешқандай ат үстілік танытпау керек, немесе кешке дейін жұмыс уақытын өткізіп, күн көрістің қамын ойламау керек. Әрине, үлкен ыждағаттылық пен кең жүректілікті қажет ететін мамандық болған соң тәрбиеші болу кез-келгеннің қолынан келе бермейтін нәзік кәсіп иесі деп білеміз. Күнделікті сұранысқа ие қажет мамандық болмағанмен, өмірге келген әрбір бүлдіршіннен ел азаматтарын тәрбиелеп шығару үшін қай кезде де қажет, ешқашан керектігі мен қажеттілігі жойылмайтын тұрақты мамандық деп білемін.

Қазіргі кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге Елбасының соңғы жолдауында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп айқындап айтып берді. Бұл жаңа жаһандық болмыс оны біз қабылдауға тиіспіз.

№» 56 «Жұлдыз бөбекжайы 2006 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Біздің бөбекжайында 12 топта 335 бала тәрбиеленуде. Сол жылдардан бері балабақша бөбектерге есігін айқара ашып, бүлдіршіндерге білім мен тәрбиені қатар беруде. Балаларға оқу-тәрбие үрдістерінің толыққанды жүргізілуі үшін бөбекжай материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Бөбекжайымызда орыс және ағылшын тілдері кабинеті, өзін-өзі тану, психолог, бейнелеу өнері кабинеттері, информатика, спорт, ән-саз залы, меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, әдіскер, есепші, медбике кабинеттері жұмыс істеуге қолайланып, жабдықталып қызмет етеді.

Жоғары білімді, жан-жақты дамыған, мектепке дейінгі әдістемені толық меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай білетін ізденімпаз, инновациялық технологиялармен жұмыстанатын, жаңашыл, заманауи педагогтар жұмыс жасайды. Бөбекжайымызда таза қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмысы жүргізіледі. Бөбекжаймызда тәрбие, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Топтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жабдықталып, бағдарламаға сәйкес әдістемелік шағын педагогикалық кабинеттер қарастырылған. Әр топта желілі рольді ойындар бұрыштары, табиғат бұрышы және спорт құралдары бұрыштары, қимыл-қозғалыс ойындар құралдары, оқу –тәрбие процесіне пайдаланатын көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдар, әдістемелік оқулықтар жас ерекшеліктеріне қарай топталып қарастырылған. Оқу-тәрбие мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Мектепалды даярлық» бағдарламаларымен жұмыс жасаймыз. Бөбекжайда баланың үш тілді меңгеруі үшін жағдайлар жасалған. Сол себепті бөбекжайда орыс, ағылшын тілін меңгерту мақсатында кабинеттер ашылып, бағдарламаға сәйкес жоспар жасақталып, сабақтар жүргізіліп келеді. Педагог-бала жанының бағбаны, ертеңгі болашаққа сапалы білімді, саналы тәрбиелі , барлық жақсы қасиеттерді бойына жинаған ертеңгі күнінен үлкен үміт күттіретін ұрпақ тәрбиелейтін киелі маман.

Менің өмірдегі ұстанымым:

  • мамандығымнын қыр сырын меңгеріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген үлкен жауапкершілікті талап ететін, келешек ұрпақ тәрбиелеуге ат салысу. Әрбір бала қайталанбас - тұлға. Осы мамандықты иеленгеннен бері қаншама балаға білім мен тәрбие бердім, осы уақыттар ішінде бала тәрбиесін биік қойдым, мамандығымды жақсы көріп, еңбегімнің жемісін көріп үнемі үлкен ізденіс үстінде болдым. Ертеңгі күні баланың тәрбиелі де тәртіпті болып өсуін, мектепке толыққанды білім алуға дайын болуын қамтамасыз ететін тәрбиешінің арқалар жүгі әрине ауыр. Мемлекет пен ата – ана тәрбиешіге өзінің ең асылын халықтың ертеңгі болашағы сәбиінің тағдырын сеніп тапсырады, мұндай сенім үлкен жауапкершілікті артады. Педагог мерейі – ертеңгі ел болашағы жас ұрпаққа адамгершілігі мол, Отансүйгіш, жан – жақты білім нәрімен сусындаған, тәрбиелі, келешегінен үлкен үміт күттірер ұрпағының ата – анасынан алғыс алу дер едім. Педагог теория мен тәжірибені қатар меңгерген, оқу тәрбиелеу жұмысына жұмысының бағдарламасына енгізілген соңғы жаңалықтарға хабары мол, жаңашыл педагог болғаны дұрыс. Ұжыммен бірге жетіп отырған барлық жетістігіміз біз үшін үлкен мақтаныш. Мамандығым- мақтанышым. Балабақшамызда денсаулық саласына көп көңіл аударып, балалардың денсаулығын нығайтуда, салауатты өмір салты ережелерін саналы сақтауды қалыптастыруда. Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру – ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Осыған орай біздің балабақшамыз «Монтессори», «Үш тілділік» және «Денсаулық сақтау» технологиялары бойынша жұмыс жасап келеді. Ал мен өзіме өз мамандығыма сай «Денсаулық технологиясымен» жұмыстанып жүрмін.

Қазіргі заман талабы-оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі-денсаулық технологиясы. Осы тұрғыда денсаулық технологиясының тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеп, дені сау ұрпақ тәрбиелеу- ұстаздардың басты міндеті. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып, ізденіс үстінде жүруі қажет. Тәрбие мен білімнің алғашқы діңгегі балабақшада беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады.

  • тобы білім беру саласы бойынша жабдықталған. Балабақшада балалардың қалыпты өсіп жетілуіне барынша жағдай жасалған, ойын бөлмесі, спорт бөлмесі талапқа сай жабдықталған. Балабақша ашылғаннан бері балаларды оқыту-тәрбиелеу жолында алдымызға айқын мақсат қойып, көптеген жетістіктерге жеттік. Жыл бойы балаларға сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Ауруларды болдырмаудың, одан сақтанудың жолдарын іздестіріп, мен өз бөбекжайымызда балалармен «Хатха йога» жаттығуларын жүргізуді жөн көрдім. Хатха йога – йоганың ежелден келе жатқан үнді оқыту түрі. Сондықтан бүгінгі күнде йоганың бұл түрі бүкіл әлемде кең тараған, шынықтырудың дәстүрлі емес түрі. Хатха –йога жаттығуларының басым бөлігі аяқ-қол сіңірлерін созу, жаттықтыру арқылы денені төзімділікке үйретеді және серпімділікке баулиды. Хатка-йога баланың психологиялық, рухани және физикалық дамуларын қамтиды. Хатка-йога жүйесіндегі басты мәселе – жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы бала өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйретеді.

Хатха йога жаттығуларының тиімділігі қандай деген сауалды өзімнің алдыма мақсат етіп қойып, жасап көрсем деген ой туындап бастап кеттім.

Әрине бала тәрбиесінде басты тұлға – ата-ана. Сондықтан ата-анамен тығыз байланыс орнатып, эксперимент жұмысының жүргізілуі жөнінде пікір алысып, алдымен топта директормен, медбикемен, әдіскер, психолог, тәрбиешімен келісе отырып, анализ жүргізу арқылы анкета толтырдық. Анкета толтыру арқылы қай балаға қандай жаттығу керек екенін анықтап алдық. Хатка-йога жаттығулары арқылы дене бітімінің дұрыс дамуына көп көңіл бөлдім. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылынан бастап «Хатха йога жаттығуларын қалыптастыру» тақырыбында эксперимент тобын аштым. Экспериментке №7-мектепалды тобынан психологиялық және дене бітімі дұрыс жетілген 30 бала қарастырылды. Эксперимент тақырыбына сәйкес жоспар құрылып, мақсат, міндеттер қойылды.

Мақсатымыз салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын сақтау және нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру.

Хатка йоганың бастауыш сатысын жеңіл жаттығулардан бастадым. Бірінші кезде жаттығулар арқылы бала ағзасын шынықтыруға және төзімділікке үйрете бастадым. Хатха йогада әр жаттығу белгілі бір дене мүшесіне арналады: омыртқаны түзету, іш пен арқа бұлшық еттерін және буындарын дамыту жаттығулары болып бөлінеді. Хатха йогада «Асана» жаттығулары баланың денсаулығын жақсартады және әр түрлі ауруларға ағзаның төзімділігін арттырады. Хатха йоганың кез келген жаттығулар жиынтығына релаксация кіреді. Аптасына 2 рет йога жаттығуларын дамытуға жұмыстандым.

Мен өз тәжірибемде төмендегідей ең қарапайым орындалатын жаттығулардан бастадым. Мысалы:

  1. «Тау» тұрысы. (Tadasana) ішкі пресс пен омыртқаға өте пайдалы жаттығу. Түзу тұру, қолды төмен ұстаймыз, аяғымыз бірге. Қолдарды жоғары көтеріп, алақанды қосып бас үстінде ұстап тұру. Кейін өкшеге тұрып, жоғары көтерілу.
    2. «Үшбұрыш» тұрысы. (Trikosana) іш қатудың алдын алуда өте жақсы тәсіл. Арқа, мойын, аяқ, қол бұлшық еттерін жақсы дамытып, нығайтады.
    Тіке тұру, қол санымызда. Қолды жоғары көтеріп, бұлғандатып, алға еңкею. Кезекпен қол саусақтарын қарама-қарсы табанға тигізу.
  • 3 «Кобра» тұрысы Қазіргі балалардың көбінде арқа түзулігі бұзылған сондықтан, осы жаттығу омыртқадағы қан айналымын қалыпқа келтіруге және ағзаның функцияларын қайта күшке келтіреді. Йога бұл жағдайда керемет жәрдемін тигізеді Ішпен жату керек, қол иықтың тұсында, аяқ бірге. Ақырын денені жоғары көтере отыра арқаны майыстырамыз, мойнымызды соза отырып, басымызды кейін ұстаймыз. Жәй ғана алғашқы тұрысқа ораламыз.

Осындай жаттығулардың арқасында балалар мынадай жетістіктерге жетті: - Балалардың жиі ауру көрсеткіштері азайды;

- Денелерінің иілгіш қабілеті жоғарлады;

- Дене тәрбиесіне деген қызығушылығы арта түсті;

- Аяқ-қол бұлшық еттерінің дамығаны көрінеді;

  • Қорытынды.

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - дейді Әл - Фараби.

Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.

Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Балабақшада хатка-йога жаттығулары арқылы болашақта білімді, дені сау, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Аталған міндеттермен сабақтастыра жүргізудің арқасында ғана тиімділікке, түпкі нәтижеге қол жеткізуге болатынына көз жеткіздім. Өз жұмыстарыма қорытынды жасай отырып, дені сау, жаны таза, тәрбиелі, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу біздің басты мақсатымыз деп түсінемін. Ойымызды қорытындылар болсақ, бала балабақшаға қуана келіп, үйіне қуанып қайтуы керек. Балабақшада жайлы, көңілді, қызықты болатынын, достары көп екенін, ал үйде оны отбасы жақсы көретінін, үлкендердің оны асыға тосып отыратынын сәби сезсе балабақша мен отбасы арақатынасының дұрыс жолда екендігі анық.

  • 2006-2017 жылдар аралығында бөбекжайымыздың материалдық-техникалық базасы жақсарып, балалардың игілігіне қолданылуда. «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу» мақсатында жұмыстар жасаймыз. «Жұлдыз» бөбекжайымызды -бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына айналғанын қалар едім. Бөбекжайымыздың атына сай бүлдіршіндеріміз білімді, тәрбиелі дені сау ұрпақ болып, Жұлдыздай жарқырап, биіктен көрінуіне ат салысамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, ТарМУ, 2003.

2. Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде “Салауатты, денсаулықты сақтау

бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру”

тұжырымдамасы – Валеология, дене тәрбиесі, 2003. №1.

А. Құмарбаева. Хатха - йога гимнастикасы [Мәтін]

А. Құмарбаева Бала мен балабақша = Ребенок в детском саду. 2012. №2. 5. Платохина Л.И. Хатха-йога для детей:

Тәрбие.орг сайтынан Ертеңгі болашағымыздың - бүгінгі бастауы! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аймуратова Набира Жиемуратовна

Мангистауская обл. Город Актау Ясли-сад №56 «Жулдыз»

Пікірлер: 0

avatar