Ертегілер еліне саяхат «Үш тілді меңгеру жолдары» іс –тәжірибесі.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 52
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22987


«Үш тілді меңгеру жолдары» іс –тәжірибесі.
«Ертегілер еліне саяхат»
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс – әркеті: «Қарапайым математика»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Заттарды көлеміне пішініне байланысты орналастыра білуге
үйрету. Әдептілікке тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Көрнекіліктері: Слайд , гүлдер, өзен, геометриялық пішіндер, аңдар,
құм терапиясы,
Билингвалды компонент: Көктем- весна – spring, ақ-белый- whit, сары-желтый-yellob, қызыл-красный- ret, жасыл- зеленый-green.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотиватциялық қозғаушылық
«Шаттық шеңбер»
Мейрімді жүрекпен,
Ақ пейіл тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Балалар қараңдаршы, күн ана өзінің мейірім шуағын төгіп біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Қане балалар бір – бірімізге жылулық сыйлаймыз.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде неше ай бар? Аттарын атаңдар?
-Бір аптада неше күн бар?
Көктемде күн жылына бастайды, қарлар еріп,ағаштар бүршік жарады.
Көктем - бұл қазақша атауы,ал орысша атауы - весна, ағылшынша атауы – spring деп аталады.
Балалар шеңбер бойлап тұрды. Бір – біріне жылулық сыйлады.







-Көктем.
-Үш ай. Наурыз, сәуір, мамыр.



Балалар қайталады.
Ұйымдастыру іздестіру
Балалар бүгін бізде ерекше күн болғалы тұр. Бүгінгі ашық оқу іс – әрекетінде «Ертегілер еліне саяхат» жасаймыз. Балалар жылаған дауыс естіледі қане тыңдайық.
-Көжек жылап кіреді.
-Сәлеметсіз бе көжек! Неге жылап тұрсың?
-Көжек: Сәлеметсіздер ме! Мен анамнан адасып қалдым. Маған анамды табуға көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Жарайды көжек. Балалар көжекке көмектесеміз бе?
Көжек бүгін бізде ерекше күн «Ертегілер еліне саяхат» жасаймыз.
Көжек: Мен анамды табу үшін бірнеше тапсырмаларды орындауым керек, ал мен болса тапсырмаларды орындай алмаймын.
Тәрбиеші: Көжек біздің балалар өте білгір, тамаша сенің анаңды табуға көмектеседі. Солайма балалар?
Тәрбиеші балаларды, көжекті ертіп жолға шығады.
1. «Гүлдер» ертегісінің тапсырмасы:
-Гүлдерді түсіне қарап топтастыр?
-Гүлдердің түстерін қазақ, орыс, ағылшын тілінде ата?

2. «Өзеннің» тапсырмасы:
-Геометриялық пішіндерді пайдаланып көпір жаса?

Сергіту сәті:
Walking, walking,
Hop, hop, hop.
Running, running,
Now lets stop.


3. «Үйшік» ертегісіндегі тышқанның тапсырмасы:
«Тура және кері сана?» қазақ, орыс, ағылшын тілінде сана?




4. «Шалқан» ертегісінде қызының тапсырмасы: «Не жоқ» дидактикалық ойын.
Ойынның мақсаты: Балалардың зейінін есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші бір ойыншықты жасырады. Екінші екі ойыншықты жасырады. Үшінші ойыншықтар алынбайды орындары ауыстырылады.

5. «Бауырсақ» ертегісінде бауырсақтың тапсырмасы:
Құммен терапиясымен бауырсақ суретінің бейнесін сыз?

Ғажайып сәт:
«Көжектің анасы»
Көжектің анасымен кездеседі.
Қоян: Баласы көжекті таппай қалғанын айтады. Өз ризашылығын білдіріп. Балалардан көмек сурайды. Балалар мен баламды жоғалтып алып себеттегі сәбізімді шашып алдым.
Тәрбиеші: Қоянға көмектесейік.
«Кім жылдам» Қимылды ойын:
Ойынның мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйреттіп, шапшаңдықтарын қалыптастыру.
Ойынның шарты: Шашылған сәбіздерді жинайды.

Қоян өз ризашылығын билдіреді.
Тәрбиеші,балалар қоян мен көжекпен қоштасады.




Мұқият тыңдайды.




-Сәлеметсіз бе!



Ия








Ия




Балалар гүлдерді түсіне қарап топтастырды.


Балалар үлкен дөңгелектен көпір жасады.


Тәрбиешімен қайталап қимыл қозғалыс жасады.



Балалар аңдарды 1-ден 5-ке дейін тура және кері санады. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде қайталап айтты











Балалар қай ойыншық жоқ екенін табады.




Балалар қызыға сурет салды.



Көжектің анасын тапқанға куанды.




Ия

Ойынды қызыға ойнайды.






Қоян мен көжекпен қоштасады.

Рефлексивті түзетушілік
-Балалар бүгін біз қандай жануарды анасына қостық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап берді.

Күтілетін нәтиже: Балалар берілген тапсырманы орындай алуы тиіс, өз беттерінше талдау жасап, жұмыс жасауы тиіс.
-Нені білу керек: Геометриялық пішіндерді. Үш тілде айтуды.
- Нені игерді: Тапсырмаларды дұрыс орындауды.
-Нені білді: Өз бетінше жұмыс жасауды және бір – біріне көмектесуді.
« Бүлдіршін » бөбекжай балабақшасы Тәрбие.орг сайтынан Ертегілер еліне саяхат «Үш тілді меңгеру жолдары» іс –тәжірибесі. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г.Тулпаисова

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылы «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы

Пікірлер: 0

avatar