Есіндесің мәңгі елдің

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 432
  • Авторлық бағдарлама
  • 11/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20466


Есіндесің мәңгі елдің
Сатирик - С. Адамбековке арнау
1. Шымшыма сықақ әзілің,
Өнеге болып ұлтыңа.
Мейірі қанып сусанар,
Жыр қалдырдың жұртыңа.

2. Тілің өткір жүзіндей,
Жарқыраған қылыштың.
Әдебиет пен өнерде
Қалды абырой мен атағың.

3. Найза тілді ақын ең,
Түкірген Алдар аузыңа.
Қожекең берген батасын,
Тисін деп пайдаң, халқыңа.

4. «Қырманға кел, қалқатай»
Әнің жүр гой, шырқалып.
«Ақмарал» мен « Маржан қыз»
Ел аузында жырланып.

5. Орта Азияға танымал,
Сатирлық романың.
Шындық іздеп, шырылдап,
Сатираға үн жалғадың.

6. Есіндесің мәңгі елдің,
Садықбек аға, ардағым.
Өшпестей мұра қалдырған
Сізге мен, жыр арнадым. Тәрбие.орг сайтынан Есіндесің мәңгі елдің Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарсенбаева Гулнур Аманбайқызы

ОҚО Арыс қаласы С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar