«Фирмалық стиль және брендинг»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1206
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19162


Сабақ жоспары
Оқытушы: Туманбаева Шырайлым
Пәні: Маркетинг және кәсіпкерлік қызмет негіздері
Тобы: 4 Туризм
Сабақ тақырыбы: «Фирмалық стиль және брендинг»

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Студенттерге фирма және фирмалық стиль, брендинг туралы толық меңгерту .
2. Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін дамытып, есте сақтау қабілетін жақсарта отырып, сабаққа деген белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Студенттерге 100 нақты қадамды таныстыру арқылы туризм мен білімділікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, талқылау, сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: математика, маркетинг негіздері, кәсіпорын экономикасы
Көрнектілігі: Слайд, бейне ролик

Сабақ жүрісі:

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Оқытушы бүгінгі сабаққа студенттерді түгендеп алады, кабинеттің, тақта тазалығын қадағалау.

Үй тапсыпмасын тексеру (25 мин)
Жарнама дегеніміз не?
Жарнама мақсаттық белгіленуіне қарай?
Мақсатты бағытына сәйкес жарнама типтері?
Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы — өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу?

Үй тапсырмасын бекіту ( 10 мин)
Слайд ұяшық



Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу
кезеңі



«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-стратегиясын» жүзеге асыру мен қазақстан
мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
57-қадам. ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
76-қадам. ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
77-қадам. экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.

Жаңа білімді меңгеру кезеңі (20 мин)

Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдалынатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым.

«Фирма» термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдалынады.
Фирмалық стиль – бұл маркетинг коммуникациялық бір бағыты. Бұл түсінікті анықтау үшін «брендинг» (ағыл «brand» - клеймо таңба, белгі) деген сөзді пайдаланады. Фирмалық стиль – бұл тауарлар мен қызметтердің мағынасын, фирманың, ішкі және сыртқы безендіруін қамтамасыз ететін графиялық, сөздік, типографиялық элементтердің жиынтығы.
Фирмалық стильдің негізгі элементтері
 Тауар белгісі
 Фирмалық шрифттік жазба
 Фирмалық блок
 Фирмалық лозунг
 Фирмалық түс
 Фирмалық шрифтің жиынтығы
 Басқада фирмалық константтар
Тауар белгісі – фирмалық стильдің орталық элементі болып табылады.
 Фирмалық шрифтік жазба – бұл фирма өнімдерінің белгілі – бір өнімнің нұсқалық кескіні фирманың қысқартылған атауы және топтары.
 Фирмалық блок – фирмалық стильдің бірнеше элементтерінің үйлесуінің өз алдына дәстүрлігі.
 Фирмалық лоузинг – фирмалық түпнұсқалық ұранды жиі қолданады.
Бренд (ағылш. brand, [brænd]) — сауда белгісі, немесе қазіргі кезде біздің бренд деп жүргеніміз — таңба ғана емес, сол таңбаның астарында тұрғанның барлығы. Әдемі таңба-рәміздерді және фирмалық мәнерді бренд деп атау қате болмады. Бренд — бұл сауда белгісі ғана емес, бұл тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындау.
Ежелгі заманнан бері адамдар қарым-қатынас жасауды, таңбалар арқылы белгілі бір сезімді немесе ақпаратты беруді қажет етті. Бұл таңбалар бір идеяны жақтаушыларды өздерінің бәсекелестерінен өзгеше етіп көрсетті. таңбалар адамның немесе топтың даралығын көрсетуге, өзінің мақтанышын немесе белгілі бір қасиеттерді иеленетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Адамдар өз идеалдарын қорғай отырып, белгілі бір тудың астына жиналған.
 Брендингті анықтаудың екі жолы:
1. мақсаты және жеке атрибуттары: атауы, логотипі және т.б. визуальды элементі, олар компанияны немесе өнімді бәсекелестерден бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
2. клиенттердің әріптестердің, қоғамның көз қарасында компнияның, өнімнің немесе қызмет түрінің бйнесі, имиджі, абыройы.
Жаңа білімді бекіту кезеңі (15 мин)
Фирма дегеніміз не?
Фирмалық стиль дегеніміз не?
Фирмалық стильдің негізгі элементтері?
Бренд дегеніміз не?
Қорытынды
Брендинг, кератив және дизайн- сада белгісінің жетістігін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, оны нағыз брендке айналдыратын кез келген компанияның ажырамас атрибуттары. Себебі брендинг - бұл құрамына нейминг, корпоративтік стильді қалыптастыру, дизайн мен креативті жарнамалық тұжырымдамалар, брендбукті құру және
«Жанарыс» ЖШС 1996 жылы Жаңаөзен тігін фабрикасының базасында құрылған.
Бағалау (3 мин)
Сөзжұмбақ шешу



Үй тапсырмасы (2 мин)
Слайд жасау: «Фирмалық стиль және брендинг» Тәрбие.орг сайтынан «Фирмалық стиль және брендинг» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туманбаева Шырайлым

Пікірлер: 0

avatar