Физика озаты интеллектуальды сайысы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 374
  • Авторлық бағдарлама
  • 21/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22969


Ақтөбе облысы

Әйтеке би ауданы

Еңбекту ауылы

Еңбекту орта мектебі

Математика және физика пәнінің мұғалімі

Аймуханбетова Альбина Нагашыбаевна

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге ,

бақтырып жұлдыздарды ескен желге

Жансызға жан бітіріп , қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп , кітаптардың бірі тозған,

қай жүйрік Архимедті басып озған

Жалынды патриот, батыр ғалым,

ғасырлар түкпірінен жарып шыққан - дей келе “Физика озаты” интеллектуальды сайысымызды бастаймыз.

Сайыс толқын айналған қатты ағысқа,

табылғандай таным да жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан,

біреу кейін қалады жарысқанда

Енді сайыскерлерімізге баға беру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық:

Төрағасы:

Бүгінгі кеш – қызықты кеш, көрермендер халайық,

Ой – түйсікті қозғап қазір, биік қанат қағайық.

Ал оқушы, ұстаздар, ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа, қол соғып қарсы алайық!

“Оптика” тобы - 10 сынып “Механика” тобы - 9 сынып

І тур 1. “ Бәйге”

  1. Ньютонның 1867 жылы бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды ? ( алма )

2. Атмосфералық қысымды зерттеген ғалым (Торричелли)

3. Ток бағыты қай полюстен қай полюске қарай бағытталады? (“+” тен ”-“ке )

4. Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иістерінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? (диффузия)

5. Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым ( Рентген )

6. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? ( тығыздықтары әр түрлі )

7. Тұзды суда жұмыртқа бата ма ? (жоқ)

8. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін прибор ( психрометр )

9. “Инерция” сөзінің қазақша мағынасы “ әрекетсіздік, қозғалыссыздық”

10. Электр шамының сымы неден жасалған? ( вольфрам)

11. Әр аттас зарядтар бір-бірімен тебіле ме ? (жоқ)

12. Жерді айнала қозғалып жүрген жердің жасанды серіктеріне жердің тартылу күші әсер ете ме? ( иә )

13. Электр заряды жоқ бөлшек ( нейтрон )

14. Ядролық ректордағы нейтронды жақсы жұтатын зат ( бор )

15. Алыстан көргіштікті жою үшін қандай линза тағу керек ? ( жинағыш )

 

2. “ Ойлан, тап !”

Экранда ғалымдардың суреттері жасырылған. Әр топ сол суреттерді таңдап алып, аты –жөнін, қай елдің ғалымы және ғылымға қандай үлес қосты соны айту керек.

Архимед ИНьютон К.Э.Циолковский Г.Галилей М.В.Ломоносов Ампер

 

Жанкүйерлерге сұрақ

(Жауап берген оқушы өз ұпайын қалаған топқа береді )

 

1. Қандай бөлмеде әтір иісі тез таралады ? жылы

2. Ғылымға физика сөзін енгізген кім ? Аристотель

3. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі ? 5

4. “Тон жылытады” деген сөз дұрыс па, себебі ?

  1. Үйкеліске байланысты бір мақал айт. Құрғақ қасық ауыз жыртады

 

ІІ тур 1. “Нартәуекел”

Көмек сөздер мен приборлар беріледі, әр топ тапсырманы таңдап тәжірибелерді орындап, түсіндіреді. 100 200 300 400 500 ұпай таңдайды

  1. Су, мұз, тұз, жіп ( судан мұзды қол тигізбей алу )
  2. Тарелка, тиын, су, стакан, шырпы, картоп ( тиынды қолды су қылмай алу )
  3. Стакан, қағаз, тиын (тиынды стаканның ішіне түсіру )
  4. Электрофорлы машина , шам (шамды жағу )

 

2.Артығын тап: 4 тапсырма беріледі

 

тмоетремр нгретен акситадоргти фмропалта

( термометр Рентген гидростатика платформа )

анвасан такипо рмерпатме рльаситеот

( саванна оптика амперметр Аристотель )

ятетоиракр тмрероеа вянксадниаи ертоарбм

(траектория ареометр скандинавия барометр )

роритчелил рмфогльсти адмлиптау атртсофреас

(Торричелли гольфстрим амплитуда стратосфера )

 

Жанкүйерлерге сұрақ

  1. Атасы қалғып мүлгиді, әкесі зорға жылжиды, ағасы - шабан, өзі - жорға,

інісі - жылдам, баласы – жүйрік зымырап тұрған.

( жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)

ІІІ тур 1. Тапқыш болсаң, тауып көр!

Мына символдар мен әріптерді пайдалана отырып , формулалар құрастыру:

 

S; F; U; g; G; m; r; v; I; a; R; A; t; υ; ρ.

2. Тұрақтыларды білесің бе ?

G а) 6,25*1014  в) 6,27*10-11  с) 6,67*10-11 

 

υ 8,5 м/с; 7,9 м/с; 9,2 м/с

с 3*102 м/с 3*105 м/с 3*108 м/с

g 9,8 м/с2 5,8 м/с2 9,1 м/с2

е 2,6*10-19Кл 1,6*10-19Кл 0,6*10-19Кл

Мж 7*1024 кг 3*1024 кг 6*1024 кг

Жанкүйерлерге сұрақ

Мақалды аяқтау: Білекті бірді жығады, ....

Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас )

Бір кісі қазған құдықтан ( мың кісі су ішеді )

Білгенің бір тоғыз, ( білмегенің тоқсан тоғыз )

ІV тур Топбасшылар сайысы

“Адасқан әріптер”

Әріптерден физикалық терминдер мен сөздер құрастыру

я о ф и м ү с а у е т д з р ц н

Тәрбие.орг сайтынан Физика озаты интеллектуальды сайысы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аймуханбетова Альбина Нагашыбаевна

Пікірлер: 0

avatar