Геометриялық пішіндер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 601
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19396


Тәрбиеші: Жетпісова Айгүл Қасымқызы

Білім саласы: Таным.

Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика сабағында геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты:

  1. Төртбұрыш ұғымымен пәндік негізінде танысу, геометриялық фигуралар туралы таныс мәліметтерді балалармен бекiту.
  2. 1-ден 4-ке дейін санды бекіту, 1-4 цифрларды санымен арақатыстығын белгілеуді білу.
  3. Ұқсастық белгілерді таба білуді және айыруды, осының негізінде  белгілері ұқсас заттарды біріктіруді, қандай да бір белгілерімен ерекшеленген заттар тобынан ажыратуды білу.

Сабақтың құрал жабдықтары:

Демонстрациялық-осы геометриялық фигуралардан құрастырылған шеңбердің үлгісі, үшбұрыш және шаршы, суреттер, үшбұрышты бейнесі бар карточка, «Автобуспен сапар» ойыны үшін шаршы шеңберлер, «Күн-түн» ойыны үшін сандар мен суреттер.

Үлестірмелі материалдар-шаршының суретімен парақша, артық затты табу үшін карточкалар, геометриялық фигуралар-үшбұрыш, шеңбер және шаршы, «Шаршы» лотосы.

Сабақтың барысы:

  1. Ойын: «Шаршымен танысу».

Тәрбиеші балаларға ертегі айту барысында сұрақтар мен тапсырмалар береді. Тәрбиеші фигураларды көрсетеді, ал балалар оларды атайды.

Ерте-ерте ертеде,            және

Олардың өздерінің үйлері болыпты. Міне осындай:            

Олар бір күні серуендеп жүргенде көріп қалды

                                                                             

Шеңбер мен үшбұрыш шошып кетті, ағаштың түбіне тығылып қалып ойлануда: «Кім бұл екен?»

-Шеңберге ұқсайды ма (жоқ) Неге? Өйткені (Бұрыштары бар)

-Үшбұрышқа ұқсайды ма? (Жоқ) Неге? Өйткені  бұрыштары көп санаңдаршы (Төртеу)

-Шеңбер айтты: «Барып сұрайық, онын аты қалай екен». Міне олар осылай танысты:

-«Мен-шеңбермін. Менде бұрыштар жоқ. Мен  күннің көз сияқтымын. Мен домалай аламын».

-«Мен-үшбұрышпын. Менде 3 бұрышым және 3 қабырғам бар. Мен үйдің шатырына ұқсаймын».

-«Ал менің атым-Шаршы. Мен неге ұқсаймын? (Балалар жауаптарын ойлайды) Біздің үйіміз осындай болады!»

Содан кейін Тәриеші балаларға үстелдің үстінде жатқан  фигураларды алуды және сол әр үш фигура достарын-шеңбер, үшбұрыш, және шаршы көрсетуін сұрайды. Қорытындылаған кезінде суреттерді тақтаға іледі:

           
   

     Балалар шеңберді, үшбұрышты, шаршыны тауып алып және санау керек.

  1. Серіту сәті. Ойын: «Автобуспен сапар».

Әр балада қолдарында-билет. Ол билетте шеңбер, шаршы немесе үшбұрыштың суреттері салынған.

Автобустар-ол орындақтар. Орындықта «автобустың нөмірлері» сондай сурттер балалардың қолдарындағыдай, тек үлкен көлемде. Балалар топта еркін қатысуы керек. Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар тез «өз» автобустарына отыруы тиіс. Бақылаушы-тәрбиеші автобус билеттерін тексереді.

Ойын 2-3 рет қайталанады, Тәрбиеші әр бірден байқатпай автобус орынының нөмірін өзгертіп отырады.

Соңынан ойынды өзгертуге болады. Билеттер- шеңбер, үшбұрыш және шаршы пішінге ұқсатылып салынған фигуралардың суреттері. Осы уақиға арада билеттерді өзгерту керек.

  1. Айналамен қамтылған заттар арқылы шаршыны айырып тани білуді қалыптастыру. «Шаршы» лотосы.

Тәрбиеші балаларға шаршының суреті және8 бос торлар салынған карточкалар таратады. Үстелдің үстінде жатқан әр түрлі заттардың суреттері салынған балалар үстелге жақындайды. Олар шаршы салынған суреті бар затты таңдауы тиіс. (мысалы, дөңгелек, күннің көзі т.б.) және оларды карточкаға салуы керек.Тексеру барысында салынған фигуралардың аттарын дауыстап айтады.

  1. Ойын: «Төртіншісі артық».

Бірнеше заттардың суреті салынған, соның ішінде қандайда бір белгілерімен (түсімен, көлемімен, пішінімен т.б.) ерекшеленген әр балаға карточка таратылады.Бала өзінің карточкасын көрсете отыра, соның ішінде қандай зат артық екенін және неге артық екенін айтады.

Артық зат екі белгі бойынша ажыратылса, бұл ретте жағдайды қарастыруға болады, мысалы:

  1. Сабақтың қорытындысы

- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық

Тәрбие.орг сайтынан Геометриялық пішіндер Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жетпісова Айгүл Қасымқызы

Пікірлер: 0

avatar