Өңірлік, тарихи атауларға қатысты тұспал сұрақтар топтамасы.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 525
  • Авторлық бағдарлама
  • 09/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18960


Өңірлік, тарихи атауларға қатысты тұспал сұрақтар топтамасы.

1. Ертеде Орта Азиядағы суландырылған жерлер ауданын зерттеп білген кеңес археологы профессор Л.Г.Гулямов Бетпақдаланың шығыс жағымен шектесіп жатқан Сырдария өзенінің сол жағалауының көптеген жерлерінде кездесетін бұзылған қыстақтардың орны мен арықтардың ізі бұл жерлерде өте ерте кезде қыстақтардың болғандығын дәлелдейді.
Қазақ Ғылым академиясының тарих,археология және этнография институтының археолог ғалымдары Сырдария жағасында қазу жұмыстарын жүргізгенде ерте кезге жататын әртүрлі бұйымдар табылған.Ғалымдар осы қамал-қала IV ғасырдан XIIIғ дейін өмір сүрген және бұл орын ірі егін шаруашылығының орталығы болған деген қорытынды пікірге келді.Бұл жерді Шыңғысхан әскері жермен жексен етіп,құртып жіберген деседі.Қазір бұл аудан жерді суландыру үшін жасалған Шардара теңізінің түбінде қалған.Ертеде бұл жерде қандай қала болған?
(Ақтөбе қалашығы)
2. Бұл жер жыртқыш аңдар мекені болған.Мұнда жолбарыс,қасқыр,арыстан да мекен еткен көрінеді.Жолаушылар,керуендер осы жерден өткенде жыртқышарға кезігіп жем болған.Содан ол жер бертін келе осы атауға ие болған деседі.
Екінші пікір.Бұл пікірді айтушылар Қоқан,Хиуа хандығы тұсымен байланыстырады.Ташкенттен шыққан сауда керуенін тонайтын қарақшылар осы жерді мекен еткен.Ол жер ұзыннан-ұзаққа созылған үлкен жыра.Осы жырада қарақшылар керуеннің келгенін күтіп отырған.Содан бұл жер «бардың,құрыдың» деп аталып,бертін келе дыбыстық өзгеріске ұшыраған.
(Бардыңгүр)
3.Бұл атау елдегі көне көз қариялардың айтуынша,ескі Шардара,бірінші Ақтөбе,екінші Ақтөбе қалаларына жаудың келе жатқанынан хабар беру үшін пайдаланылған үлкен-үлкен төбелерге байланысты айтылған деседі.
Осы төбелерге жаушылар қойылып,олар төбенің басына от жағу арқылы жаудың келе жатқанынан хабардар еткен.Бір төбе,одан екінші төбе, одан үшінші төбеден от көрініп қала жауға қарсы дайын тұрған деседі.Шардара-Арыс тасжолымен батысқа қарай жүре берсеңіз жол жиегіндегі үлкен төбелер әлі күнге дейін көзге анық көрінеді.Бұл қай төбе.
(Жаушықұм төбе)
4. Қазіргі Жаушықұм ауылының төменгі жағы, дария жағалауы.Бұл атауға байланысты бірнеше пікірлер бар.Бірінші пікірді айтушылар, бұл атауды сонау монғол шапқыншылығымен байланыстырады.Монғол әскерлері жаппай қалаларды қиратып Сыр бойын шапқан уақытында осы ойпат жерді мекендеген халық жау көзіне көрінбей тасада қалған көрінеді.
Екінші пікір: Бұл жерді мекендеген халық шапқыншылардың көзіне түспей салықтан аман қалған деседі.Бұл жер қалай аталады?
(Аман түбек) Тәрбие.орг сайтынан Өңірлік, тарихи атауларға қатысты тұспал сұрақтар топтамасы. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сара Тилеубекова Анарбекқызы

Пікірлер: 0

avatar