Үйде оқитын оқушы Константинов Виктормен жүргізілген жұмыстар түрі

  • Жүктеулер: 81
  • Көрсетілім: 481
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23099


Елімізде бала құқығын қорғау туралы заңды іске асыру негізгі міндет болса, білім саласында бала мектептен 11жылдық білімді тегін алып, адамның бар жақсы қасиеттеріне тәрбиеленеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар. 18 жасқа дейінгі денсаулығына, жүйке ауруына байланысты, өмір сүруі шектеулі, туа біткенен бастап аурулы, жарақаты бар, белгіленген тәртібіне байланысты болады. Қазіргі заманда мүмкіндігі шектеулі балалардың да жақсы білім мен тәрбие алып шығуына да мүмкіндіктер жасалған. Үйден оқитын балалармен, яғни денсаулығы мектеп қабырғасында білім алуды көтермейтін балалармен жұмыс істеу барысында жинаған аздаған тәжірибеммен бөліскім келеді
Сондықтанда бұл сабақ жоспарын алған себебім баланың музыкаға деген қызығушылығын жоғары болғандықтан қазақ әліппесін есту арқылы есте сақтау,зейін дамыту мақсатында оқушыға әріп,сандарды өлең тыңдату арқылы игерттім.Бұндай жағдай менің 20 жылдық іс-тәжірибемде алғашқы рет кездесіп отыр. Оқушының психологиялық әректіне байланысты көбіне бауырсақ ертегісіндегі тапқыр,ақылды бауырсақ кейіпкерін қолданамын.Оқушы бауырсақтың суретін көрсе қатты қуананып сабаққа деген қызығушылығы артады.Оқушыға сұрақ қойған мен ол жауап қайтармауы мүмкін. Сол себепті мен бауырсақ суретін көрсетіп,Бауырсаққа қандай әріптер,сандар білесін айтып берші де сұрақтарыма жауап аламын. Мына сабақ үлгісін өз әріптестерім көрсеткім келеді. Тәрбие.орг сайтынан Үйде оқитын оқушы Константинов Виктормен жүргізілген жұмыстар түрі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тлегенова Бактыгуль Бахытжановна

Ақтөбе облысы,Алға ауданы,Новоукраин ауылы

Пікірлер: 0

avatar