Үйірме жұмысының тақырыптық жоспары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2583
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20283


Үйірме жұмысының тақырыптық жоспары

№ Тақырыбы Мақсаты Сағат
Қыркүйек

1 «Алма бағында алмалар пісті» Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жеңішке етіп, жапырақтарын тігінен сүйкей жағу, алманы дөңгелектей бояу тәсілімен салуға жаттықтыру. 1
2 «Саңырауқұлақ» Балаларға саңырауқұлақтың түрлерімен таныстыру. Бояу түстерін таңдай білу суық және жылы түстерді ажыратуға үйрету.Жылы түстермен күн шуақтарын салулары. 1
3 «Қуыршақ» Мүсіндеудің көмегімен бейнелердің пішіні мен мазмұны бойынша байқағыштығын қалыптастыру, затқа қарап мүсіндеу дағдыларын дамыту. Мүсіндеудің тәсілдерін үйрету. 1
4 «Түрлі – түсті түймелер» Дөңгелек пішінді түйменің суретін салып, таңдаған түспен бояуды үйрету. Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. 1
Қазан

1 «Балапан» Желімдеу тәсілін меңгертіп, пішіндерден балапанды жапсыруға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. 1
2 «Ит пен күшік» Итті күшігімен мүсіндеуді үйрету. Балаларға бірнеше бөліктерден тұратын заттардың бейнесін мүсіндеуді және олардың қатынасын сақтай білу дағдыларын қалыптастыру. 1
3 «Торсық» Бояумен қымыз құятын торсықтың суретін салу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Торсықты әртүрлі әдіс-тәсілдерімен безендіру. Торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді таңдап, талғап әшекейлеу жолдарын түсіндіру. 1
4 «Жолақша ою өрнек» Балаларға әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Ою – өрнектермен басқұрды әшекейлеу. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай білуге дағдыландыру. 1
Қараша

1 «Ақ қоян». Әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, балаларға ақ қағаз бетіне ақ қоянның бейнесін салуға үйрету. 1
2 «Тотығұс». Жалпы құстар туралы мәлімет беру. Құстың суретін салуға үйрету. Әр бөлігін даралап салғанын қадағалау. 1
3 «Сәнқой түлкі». Балаларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдалану арқылы түлкінің бейнесін салуға үйрету. 1
4 «Батыл әтеш» Қылқаламды басып басып бояу арқылы әтештің бейнесін салып үйренулері 1
Желтоқсан

1 «Аққала» Үш дөңгелектен аққаланың суретін салуға қол икемдерін дағдыландыру 1
2 «Біздің әсем шыршамыз» Балаларға шырша суретін салуды үйрету. Шырша жөнінде мәлімет беру. Шыршаны түрлі-түсті ойыншықтармен әшекейлеуге үйрету. 1
3 «Қысқы пейзаж» Көгілдір, жасыл, қаракөк, т.б (негізгі фонға) астарға ақ бояумен ақша қарлар салуды үйрету. 1
4 «Қарлы ертегі» Қыс мезгіліндегі қар жамылған ағаштарды қыс мезгілін бейнелеуге үйрету. 1
Қаңтар

1 «От шашу» Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отыра салюттың оттарын салуға дағдыландыру. 1
2 «Ерке мимоза». Әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, балаларға ақ қағаз бетіне ерке мимозаның бейнесін салуға үйрету. 1
3 «Аквариумдағы балықтар». Үшбұрыштар арқылы аквариумдағы балықтарды салуға үйрету. Түстерді дұрыс таңдауға, ұқыпты болуға тәрбиелеу. 1
4 «Ай шуақтары» суық түстердің реңктері. Дөңгелетіп айдың суретін салуға үйрету. Ол туралы мәлімет беру.Түрлі түстермен бояу. 1
Ақпан

1 «Менің анам».
Балалар әрқайсысы өзінің анасының бейнесін салып, бояулары. 1
2 «Түрлі-түсті үшбұрыштар». Түрлі-түсті бояуларды пайдалана отыра үшбұрыштардың суретін салуға дағдыландыру. 1
3 «Үй». Балаларға түрлі-түсті қарындаштарды пайдалану арқылы үйдің бейнесін салуға үйрету. 1
4 «Орамалды әшекейлеу». Балалар әртүрлі гүлдерді салып әшекейлеп орамалдың суретін салулары 1
Наурыз

1 «Алғашқы бәйшешектер». Қылқаламды басу тәсілі арқылы бәйшешек гүлін салуға үйрету. 1
2 «Бұйра тоқты». Өздерінің көргендерін бейнелеу іс әрекеті барысында бояу түстерін дұрыс пайдалана отырып бұйыр тоқтыны салу. 1
3 «Пирамида». Түрлі-түсті қарындаштарды пайдалана отырып, пирамиданың суретін салуға үйрету. 1
4 «Бақбақтар». Балаларға нүктелі тәсілдер арқылы тұқымды егуін суретте көрсете білу. 1
Сәуір

1 «Арба». Тіктөртбұрыш және екі дөңгелек пішіндерден тұратын арба бейнесін суреттеу. 1
2 «Ертегілер еліне» реңктер мен шағылысулар. Бояу түстерін таңдай білу, суық және жылы түстерді ажыратуға үйрету реңтерін салуға дағдыландыру. 1
3 «Қандай заттың пішіні шарға ұқсайды?». Түрлі түсті бояуларды пайдалана отыра дөңгелек пішінді шардың суретін салуға үйрету, тазалыққа тәрбиелеу. 1
4 «Мерекеге дайындық». Балаларға мерекеге пайдаланатын әртүрлі әшекейлердің суретін салуға, шарлар салуға дағдыландыру, қол икемдерін дамыту. 1
Мамыр

1 Жапырақсыз ағаш «Эбру» техникасымен су бетіне сурет салу дағдыларын арттыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. 1
2 Күн шуақтары Алақанды бояуға батырып қағаз бетіне түсіре білуге үйрету. (Акварельный краска). 1
3 Көбелек Қағазды умаждап, жаймен тегістеп, саусақты бояуға малып, умаждалған қағаз бетіне көбелектің суретін салуға үйрету. 1
4 Ұшып жүрген құс Құстың құрылысы жайлы түсініктерін кеңейту, қылқаламмен сүйкей жағыс түрін меңгерту. 1
Барлығы : 36 Тәрбие.орг сайтынан Үйірме жұмысының тақырыптық жоспары Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гульназ Прманова

Пікірлер: 0

avatar