Үйірмеде ұлттық қол өнерге баулу

  • Жүктеулер: 149
  • Көрсетілім: 998
  • Авторлық бағдарлама
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18757


Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

 Ш.Қ.О. Аякөз ауданы.Айқыз ауылында 1971 жылы 1 мамырда туылған.

 1978-88 жж Өркен ауылындағы С.Нұғыманов атындағы орта мектебінде оқыды.

 1989-91 жж Кеңес әскері қатарында болды.

 1992-97 жж Мемлекеттік «СЕМЕЙ» университетін бітірді.

 1997жылдан С.Нұғыманов атындағы орта мектебінде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.

Мектепте «Шебер қолдар» үйірмесін жүргізу арқылы оқушыларды ұлттық қолөнерге

баулуда. Еңбектері «Қазақстан мектебі» журналында,басқада педагогикалық БАҚ-да жарияланды.Үйірме мүшелерінің еңбектері аудандық,облыстық байқауларда жүлделі орындар иеленді.Мұғалімнің еңбегі аудан мектептері мен Семей қаласының   мектептерінде тәжірибеден өтіп қолдау тапты.

  Жас уақытта үйрену тасқа жазған хатпен тең.

Қартайғанда үйрену суға құйған ақпен тең.

  (Жанұзақ би.)

К І Р І С П Е .

    Мектеп  жасындағы  балалардың қолданбалы өнер арқылы өзінің ұлттық  қолөнер мұраларымен таныстығы,икемділікке үйренуі,түрлі материалдардың ерекшеліктерін,құрылымын білуі ,тиімді

әдістерді пайдаланып жұмыс істеуге үйренуі оның келешегіне зор пайдасын тигізері сөзсіз.Олар-

дың әдебиеттен, сәулет өнерінен,математикадан,саз өнерінен,  театрдан, мүсіндеу мен қазақтың

ұлттық қол өнерінен  едәуір хабардар  болуы,келешекте қандай мамандық  иесі болса да,оның 

рухани  өрісі  жоғары кемел  ойлы азамат болып шығуына  үлкен  жол ашары анық .

    Жасөспірімге  ұлттық  қолөнердің қандай  түрімен  шұғылданса да  жеке басының  жан-жақты дамуына,айналадағы  дүниені белсенді  тануына  ,айналасындағы өзгерістерге  бейімделу барысында

Мектептегі  баланың қол еңбегі-эстетикалық  тәрбиенің  ең ықпалды  жәнеде  өзгермейтін  басты  құралы.Эстетикалық    тәрбие  барысында  мына  міндеттерді   шешу  қажет:

           -баланың  эстетикалық  қабылдауын ,сезімі мен ұғымын,көркемдікті қабылдау қаблетін үздік-

сіз  дамыту  мен  талғамын  қалыптастыру;

           -баланы  бастаған  ісін  аяғына  дейін жеткізу  барысында  төзімділік  пен  тиянақтылыққа  дағдыландыру;

            -ата-бабаның  дәстүрлі  қолөнерін қадірлеп,   оны  одан  әрі үйреніп,ұрпақтар  сабақтастығын  жалғастырып  дәріптеуге  үйрету;

            -мектеп жасындағы баланы икемділікке баулумен қатар,оларды ұлттық  қолөнер мұралары-

мен таныстыру;

     Болашақ  суретші,мүсінші,әнші,зергерлер  өз істерінің  әліппесін  мектептен-ақ  бастайды.Сондық-

тан  мектеп -өте  күрделі  зертқана.Оның  қабырғасынан  алған  білім  мен  тәрбие  әрбір  оқушының  қолындағы  өзінің  келешегі  үшін  қажетті  кілт  сияқты.Сондықтан  бүгінгі  Тәуелсіз елімізде  ұлттық  өнеріміз  қамқорлыққа  өте  зәру  болып  тұрғанда  мемлекетіміз  арнайы «Мәдени  мұра»  бағдарлама-

сын  қабылдауы  қуанарлық  жайт.Осы  шара  шеңберінде ауқымды істер  атқарылуда.Бағдарламаның  ықпалымен  көптеген  ескерусіз  қалған  өнер  туындылары  зерттеліп,зерделеніп  және  жүйеленіп халыққа  ұсынылып  оң  бағасын  алды.Жоғалғанымыз  табылып,ескіргеніміз  жаңарды.

     Қазақ халқының киім тігу,баспана және  үй жиһаздарын,батырлық  қару-жарақ  саймандарын жасау,жіп иіру,тері ұқсату,ағаш өңдеу,тас өңдеу,киіз басу,кесте тігу,ши тоқу,сүйек өңдеу,ұсталық пен зергерлік өнері де үнемі даму үстінде болған.Аталған бұйымдарды ата-бабаларымыз жасап қана қоймай,оларды аса шеберлікпен,түрлі ою-өрнекті қолданып,әшекейлей де білген.Ою-өрнек жасаумен қатар халық арасында оларға бояу түстерін қолданудың да өзіндік түрлі мағыналары болған.Мысалы:

ақ түс-әділеттілік,шындық; қара түс-жердің,берекенің;жасыл түс-жастықтың,көктемнің; қызыл түс-оттың,күннің; сары түс-даналықтың,білімділіктің  және көк түс-ашық аспан мен бейбітшіліктің

нышанын білдірген.Сондықтан халық шеберлері әшекейленген  ою-өрнектің пішінімен қатар боялған түсіне де аса көңіл бөліп отырған.

     Бүгінде ұлттық өнерімізді  дамыту мақсатында шағын кәсіпорындар ашылып,ұлттық қолөнерді  өздеріне кәсіп еткен жеке кәсіпкерлерде көптеп саналады.Бұлардың қатарында бұрыннан ұлттық  тұрмыстық  бұйымдар жасайтын мекемелерде бар.Жас жеткіншектерге олардың ұлттық бұйымдар жасаудағы тәжірибелері  туралы әңгімелеп берудің өзі олардың қызығушылығын арттырады.

     Жоспарлы экономиканы нарықтық қатынастар бағытына көшіруге байланысты өндіріс  көлемінің құлдырауы мәдениет мекемелерінің ,халыққа білім беру мен ғылымды, материалдық-техникалық жабдықтау және ақша қаржымен қамтамасыз ету  ісінде елеулі қиындықтар көбейе түсуде.

      Атадан қалған ұлттық өнеріміздің сарқылмас қазыналарын жасау істері-қазіргі кезде  еңбекшілер-

дің белсенділігін ,олардың өнертапқыштығын арттырумен өндіріс процесін  жақсарту , жетілдіру,арзандату мақсатында қолданылатын шаралар жиынтығымен тығыз  байланысты.Өндіріс жаңашылдары қазыналарды жасау жұмыстарында тек ғылыми – техникалық және экономикалық  талаптарды  білу  емес сол  сияқты білім  мен іскерлікті  терең  игеруінде.Ал оның  түпкі  негізі  мектептен  басталуы тиіс.

     Технология пәні -жасөспірім  оқушылардың  еңбекке ,оны  жақсарту, жетілдіру,өңдеу, ойлау қаблеттілігін арттырудағы орасан ықпалының  негізі  болып  табылады.Сондықтан  жоғарғы сынып оқушыларындағы технология  сабақтарында,  белсенділікке,іскерлікке,жалпы еңбекке тәрбиелеудің  жаңаша  түрлерінің  ошағы  мектептен  басталып,болашақпен тығыз байланысатыны  баршаңызға

мәлім.

     Мектепте  бейнелеу  өнері пәнін  өткізгенде  оның  тікелей бір тармағы  қолданбалы  өнерді  айтарымыз  сөзсіз.Бұл  өнер технология  пәнінде  тереңірек  талқыланады.  Оқушылар өз беттерімен қарапайым бұйымдар жасауды үйрене алмайды.Олар тек мұғалімнің үйретуімен ғана түрлі әдістерді қолдана отырып ,материалдарды өңдеп,одан әртүрлі  бұйымдар жасайды.Бүгінде  қай  мектепке  барсаңызда  ұлтын,оның  өнерін  шын сүйетін әрбір  ұстаз ұлттық  қолөнер  түрлерін  оқу бағдарлама-  сында  яки  үйірме  жұмыстарында  кеңінен  қолданады.Осыған  орай  сондай  ұстаздардың  кәдесіне  жарар  деген  сеніммен  өз тәжірибеммен  бөліспекпін.

     Ұсынылған тараулардағы тақырыптар  тәжірибеде қолданылған нақты сабақтар.Сабақ  жоспарлар-

ын  пайдаланушы  мұғалімдер  өз  мүмкіндігі  мен  қажеттілігіне  қарай тақырып аясын  кеңейтіп,

дамытып алып кетсе нұр үстіне  нұр. Сабақтарды  жүргізу  барысында  балалардың  жас  ерекшелік-

терін  басты  назарда  ұстаған  дұрыс.Төменгі  топтарға  күрделі  сабақтарды  жүргізіп  баланың 

еңбекке қызығушылығын  төмендетіп  алмауды  ойлағанымыз  жөн.

     Егеменді  елімізді  бүкіл  әлем  мойындаған  мына дәуірде, еліміздің  келешегі  жас  жеткіншектер-

ді  туған  елі  мен  ұлтын  сүйетін,оның  салт-дәстүрін  құрметтейтін, бабалардан жеткен баға жетпес ғажап  өнерімізді  жаңғыртып  келешекке  алып баратын  Отанының  нағыз  патриоты  етіп  тәрбиелеу

сіз бен бізге  сеніп  тапсырылғандығын  аса  жауапкершілікпен  атқарғанымыз  өзімізге  сын.Сондық-

тан менің  бұл азғана  еңбегім  қазақ  өнеріне  жаны  ашитын  әрбір  азамат пен  бала  тәрбиесіне

бейжай  қарай  алмайтын    ата-ананың  кәдесіне  жараса  жарар  еді.

     Төменде келтірілген  сабақ жоспарлары негізінен сабақтан тыс үйірме  жұмыстарына арналған.

Оның ішінде кейбір сабақтарды бірнеше  сағат өткізу  ұсынылады.Себебі олардың түсіндірілуі жылдам  болғанмен тәжірибелік  жұмыстарды көп қажет етеді. Бала  өткенді жақсы меңгеру үшін одан ұқыптылықпен қатар асқан төзімділік  талап етіледі.        

       Сабақта  еңбек мәдениетін сақтау қажет.Оқушы жұмыс орнын таза  ұстап,  қажетті материалдар-

мен құралдарды үстел үстіне дұрыс орналастырып,оларды тиімді  пайдаланып ,гигиеналық-тазалық талаптарын  орындап, еңбек құралдарын пайдалану барысында  қауіпсіздік  ережелерін  қатаң сақтауы қажет.

     Қазақ халқының өнер саласындағы тәлім-тәрбиесі ,мақал-мәтелдері шеберлікке,  ұстамдылыққа, жігерлілікке қолдау беріп әсерін тигізіп отырған.Мысалы: «Бай болмасаң  бай болма, өнер-білімге

сай бол»,-деген халық нақылы, «Ерінбеген өнер табар,шегіне берген соңына қалар»,-деген даналық сөздері  тегін айтылмаса керек.

     Халқымыздың ұлы ойшылы, дана-ақын Абай атамыз:

                                 «Демеңдер өнбес іске жұбаналық,

                                   Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.

                                   Әуелі өнер ізделік ,қолдан келсе,

                                   Ең болмаса еңбекпен мал табалық»,-дегендей қазіргі нарықтық  экономикаға байланысты өнімді еңбекті  жандандырып,ұлтымыздың баға жетпес қазыналарын жасап,әлем елдеріне,елімізге келген шет елдіктерге көрсетіп,біздің өзіндік  өнеріміз бен дәстүр-салтымыздың қалыптасқандығын  мақтанышпен айтатын кезіміз  келді.Біз осындай өнерді бағалаған елдің ұрпағы екендігімізді мақтан тұтуымыз қажет.

    Ендеше бастаған істеріңізге  сәттілік тілеймін!

                         Сыныптан  тыс  үйірме жұмысында  ұлттық  қолөнерге  баулудың

                                                                      үлгі-жоспары .

 

Тоқ-

сан-дар

 

 

 

 

Терімен жұмыс. Өрімшілік өнері.

 

 

Ою-өрнек.

Ою оюдың  тәсілдері.

 

 

Ши орау  өнері.

Ши бетіне өрнек салу.

 

Ағаш  өңдеу.  Жұмыр- лап  ою.

 

Арқан,

жіп есу.

 

 

 

Сүйек пен    

мүйізді         

ұқсату.         

 

 

Киіз басу және одан істелетін  бұйымдар.

 

Сағат

саны

 

 

 

1

 

 

     16

 

 

 

 

 

 

 

 16

 

2

 

 

 

       10

 

         4

 

 

 

 

 

  14

 

3

 

 

 

 

 

   23

 

    

 

      

 

     

 

  23

 

4

 

 

 

 

 

    

 

     3

 

      5

 

    7 

 

  15

 

                        Б А Р Л Ы Қ    С А Ғ А Т     С А Н Ы

 

 

  68

 

Тәрбие.орг сайтынан Үйірмеде ұлттық қол өнерге баулу Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Пікірлер: 0

avatar