Көңілді эстафета "Епті, мықты, күшті!"

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 416
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23078


Көңілді эстафета "Епті, мықты, күшті!"
Мақсаты:оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Коррекциялық-дамытушылық:оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке,сенімділікке,қайсарлыққа,батылдыққа,ұйымшылдыққа тәрбилеу.
Коррекциялық-түзету: балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту,ой өрістерін кеңейту;сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын нығайту,дұрыс анық сөйлеуді қадағалау;дене қимылдарын дамыту.
Коррекциялық-тәрбиелік: оқушыларды бір-біріне деген достық сезімге,сүйіспеншілікке,ұқыптылыққа,жауапкершілікке,көпшілік ортада тәртіпті,инабатты ұстауға,салауатты өмірге тәрбилеу.
Көрнекілігі:Даналық сөздер: "Денсаулық-шексіз бақыт!", "Шынықсаң- шымыр боласың!" ,"Денсаулық-зор байлық!".

Керекті құрал-жабдықтар: 2 обруч,
2 төсеніш,кеглилер,2доп,секундамер,ысқырық,эстафета таяқшасы.
Түрі:жарыс түрінде.
Тәсілдер:жекелей,ұжымдық,топтық.
Өткізілетін орны: мәжіліс залы.
Дайындық бөлімі:
Марш сазымен балалар спорт залға кіріп,бір қатарға тізіліп тұрады.

Жүргізуші: Қымбатты достар,ұстаздар,тәрбиешілер!
"Епті,мықты,күшті!" атты спорттық мерекемізге қош келдіңіздер!
"Денсаулық-зор байлық!" деп ата-бабамыз айтып өткендей,сіздерге денсаулық,жақсы көңіл-күй тілейміз.
Спорттық мерекемізді бастамас бұрын,әділ-қазылар алқасымен танысып алайық.(Әділқазы мүшелері таныстырылады).
Біз спорттық мерекемізді екі топ арасында өткізгелі отырмыз.Ортаға бүгінгі сайысқа түсетін командаларды салтанатпен шақырамыз.Қарсы алыңыздар!
(Екі топ ортаға шығады.Сәлемдеседі.Ұрандарын айтады).
Командалар сәлемдеседі.Рапорт қабылдау.
Әдістемелік нұсқау:қысқа нұсқа,түсінікті етіп баяндау.
1."Тұлпар"-командасынан жалынды сәлем.
Бақтыгүл:Денсаулық-ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай!
Біздің ұран:Тұлпардай самғаймыз,
Қырандай ұшамыз!
Бір,екі,үш,
Сау болса егер денеміз,
Достықта біздің күш!
"Бәйтерек"-командасынан жалынды сәлем.
Қанат:Спорт деген денсаулық,
Спорт деген ойындар.
Спортпенен дос болып,
Біз спортшы боламыз!
Біздің ұран: Денің сау болсын десең,
Арманыңа жеткің келсе.
Өз еркіңе тоқтау салып,
Спортпен шұғылдан!

Жүргізуші: Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Ойынымыз бастау алды.Көңіл-күйіміз тамаша.Барлық қатысушыларды сергіту жаттығуларын жасауға шақырамыз.
Спорттық жаттығулар:
а) оңға,солға бұрылу;
ә) бір орында қадам басу;
б) бір орында жүгіру;
в) бір орында секіру.
Залды айналып жүру кезіндегі жаттығулар:
-қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүру;
(Денені түзу,басты тік,белді түзу ұстау керек)- 1-3 рет.
-қол белде,өкшемен жүру;
-қол белде,жартылай отырып жүру;
-спорттық әдіспен жүру.
(Жылдамадық орташа)
Жай жүріп,демді қалпына келтіру.
Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Ойынның шарттарымен таныстыру және қауіпсіздік шарттарын түсіндіру.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеміздің бағдарламасы эстафеталық ойын түрлерін қамтиды.Қатысушыларымызға сәттіліктер тілейміз!
Эстафеталық ойындар
Бірінші эстафетамыз
1) Жүгіруге арналған жарыс түрлері "Алау"
Кеглилердің арасымен жүгіріп барып,белгіден айналып көру.
Нұсқаулықтар: Кеглдерді құлатпау,қолындағы таяқшаны келесі оқушыға беру.
2) Екінші сайыс: қазақтың ұлттық ойыны "Арқан тартыс"
3)Топ басшылардың сайысы:
"Кенгуру" деп аталады.
Допты аяқ ортасына қысып,белгіленген белгіден секіріп айналып келу.
Нұсқаулықтар: Доп аяқ ортасынан түссе,түскен жерден ойынды жалғастыру.
4) Музыкалық пауза
Кішкене демалыс.Біздің кіұшкентай қыздарымыз дайындаған шағын музыкалық сәлемін тамашалаңыздар!
5)Келесі ойынымыз "Қызықты волейбол".
Барлық қатысушыларға шарлар беріледі.Топтар арасына арқан тартылады.Әуен ойналады.Топ ойыншылары шарларды қарсы топтың ауласына лақтырады.Әуен тоқталған кезде,ауласына аз шар қалған топ жеңіске жетеді.
6)Ақтық ойын "Кім жылдам?" деп аталады.
Гимнастикалық матраста алға қарай домалау.
(Домалау кезінде қолды тіреп,алға домалау)
Кеглилердің арасымен жүгіріп барып,белгіден айналып келу.

Қорытынды:
Жүргізуші: Құрметті жарысқа қатысушылар,көрермендер!
Біздің бүгінгі тамаша кездесуіміз аяқталды.Біздің үміткерлеріміз барлық сыннан сүрінбей өтіп,өздерінің мықтылықтары мен ержүректіліктерін көрсетіп тағы бір дәлелдеп берді.

Жүргізуші:
Спортқа кәміл сенеміз,
Думанға қызық келініңіз.
Әділқазы ел сенген,
Сайысқа баға беріңіз!-дей келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып,оқушылардың кемшіліктерін,жетістіктерін ескертіп,женімпаздарды жариялай отырып,марапаттайды).

Айдана:Осылайша жарыс жолын тартамыз,
Біз үйімізге көңілді болып қайтамыз.
Бізді тәрбиелеп шынықтырған,
Тәрбиеші апайларға рахмет айтамыз!
Жүргізуші:Құрметті қонақтар!Келгендеріңізге көп рахмет,сау саламат болыңыздар!

Көңілді әуен командалар залдан шығып кетеді. Тәрбие.орг сайтынан Көңілді эстафета "Епті, мықты, күшті!" Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кабиева Шынзада Гадиловна

Облыстық есту және қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернат кешені

Пікірлер: 0

avatar