Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Күн тəртібі
  • 17.06.2016
  • 963 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19226

Сабақтың тақырыбы: « Күн тəртібі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күн тəртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануды үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер.
« Дем алғың келсе, уақытыңды рəсуə етпе» В.Франклин.
«Режим мен еңбек- денсаулық кепілі» И.П.Павлов.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Күн тəртібі- іс-əрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақытыңды дұрыс ұйымдас-тыру. Дұрыс үйымдастырылған күн тəртібі денсаулықты сақтаудың, міндет-терің мен мақсаттарыңа жетудің бірден-бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба? бүгін сол туралы əңгімелейміз.
- Балалар, бізге Кірқоймастан хат келіпті. Не жазғанын білгілерің келе ме, əлде үзіліс кезінде оқимыз ба?
-Қазір оқығымыз келеді.
- «Мен достарыммен бірге «Тазалықтың достары» қоғамын құрдық . Сабын, тіс пастасы мен щеткасы, тарағы бар жəне күнлелікті тазалықты сақтайтын балалар сол қоғамға мүше бола алады. Егер сендер сынақтан өте алсаңдар онда мен сендерді өз қоғамыма қабылдаймын»- деп жазыпты.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
(Сыныпқа оқушы кіреді)
-Сəлеметсіңдер ме, өтіп бара жатып Кірқоймастың қоғамы туралы естіп қалдым, менің ле қоғамға мүше болғым келеді.
Мұғалім: - Балалао, оған мүмкіндік береміз бе? (Иə өзін сынып көрсін0
-Жарайды, сыныпқа кір. Сонымен сұрақты оқимын, дайынсыңдар ма?
- Сендер таңертең ұйқыдан тұрдыңдар, ары қарай не істейсіңдер?
Балалар: Төсек орнымызды жинап, киініп, таңертеңгі асымыздв ішеміз.
Оқушы: Жуынып, жаттығу жасау керек.
Мұғалім: Алдымен не істеу керек?
Балалар: Жуыну керек.
Оқушы: Жоқ, жаттығу дасап, киініп, мектепке жүгіру керек.
Балалар: Міндетті түрде жуыну керек, киініп алып дүгіруге болмайды, киімімізді сулар алуымыз мүмкін.
Мұғалім: Балалар, сендердің алдарыңа кейде дуынуды ұмытып кететіндерің бар ма?
- Жоқ.
-Ал жуынғанда бет-əлпеттеріңді ғана жуасыңдар ма?
- Жуынғанда тері таза болу үшін беті-қолды құлақ пен мойынды жуу керек.
- Дұрыс айтасыңдар, біздің қонағымызға қалай жуыну керек екенін тағы бір рет қайталап беріңдер.
-Күн сайын ұйқыдан тұрған соң тазалық үшін беті-қолды,құлпө пен мойынды жуған дұрыс жəне міндетті түрде тісті тазалау керек.
Оқушы: Тісті не үшін тазалаймыз?
Тамақтанған соң тісте тамақтың қалдықтары қалады, міне солар тісті бүлдірелі, дұрыс күтім болмаса тіл жылдам зақымданады Əр тамақтанған сайын тісті шайып, таңертең мен кешкі тісті тіс пастасымен тазалау керек.
Мұғалім: Мұны есте мықтап сақтаңдар. Егер осы талапты орындасаңдар Кірқоймастың қоғамына мүше боласыңдар. Жуынып болған соң не істейсіңдер?
Балалар: Жаттығу жасаймыз.
Мұғалім: Барлықтарың жаттығу жасайсыңдао ма?
-Иə.
-Қандай жаттығу жасайсыңдар? Жаймен орындарыңнан тұрып көрсетіңдер.
ІV.Физкультүзіліс.
Мұғалім: -Жарайсыңдар, балалар.Шамалы дем алдық, енді тақырыпты талдауды жалғастырайық. Жаттыу жасап болған соң не істейсіңдер?
Балалар: Төсек орынлы жинап, киініп, таңертеңгі асты ішеміз.
Оқушы: Тамақтанамын, анам төсекті жинайды.
Балалар: Жоқ.Біз алдымен киінеміз, содан срң төсек жинаймыз.
Мұғалім: Төсек орынды жинауды бəріміз білеміз бе? Міндетті түрде үйреніңдер.
Оқушы: Қоғамға мүше болу үшін оны да білу керек пе?
Мұғалім: Əрине, біздің қоғамымызға ары қарай не істеу керек екенін түсіндіріңлер.
Балалар: Енді тамақтанамыз.
Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар, өз білетіндеріңді қонағымызға үйрете аламыз ба? Ол қоғамға кіре ала ма?
Балалар:-Білмейміз,мүмкін үйрете алармыз.
Оқушы: Мен бəрін білемін.
Мұғалім: Тоқтаңдар, соеымен не қалды?
Балалар: Түскі ас пен кешкі ас.
Мұғалім: -Балалар, əңгімемізді ары жалғасиыру үшін таңертеңгі міндеттері-мізді қайтадан қайталаңдар.
Оқушы: Мен білемін: ұйқыдан тұрдық, киіндік, жуындық,тамақтандық,төсек жинадық тағы ла ұйқы келді.
Балалар: Алдымен орнымыздан тұрамых, одан кейін дуынамвз, жаттығумен айналысамызь, тамақианып, мектепке барамыз.
Оқушы: Мектептен кейін не істейміз, қыдырамыз ба?
Балалар: Жоқ ,алдымен түскі асты ішу керек, содан соң қыдырсаң болады.
Оқушы: Яғни, сабаққа дайындалудың керегі жоқ қой.
Балалар: Түскі асты ішесің, серуендейсің, серуеннен кейін сабаққа дайындаласың.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, сендердің барлығың « Тазалық қоғамына» мүше бола аласыңдар. Ал сабаққа дайындалып болған соң не істейсіңдер?
Балалар: Кешкі асты ішеміз.Одан кейін бос уақытта əркім өзінің қалаған ісімен айналысады.
Оқушы: Содан соң ұйықтаймыз.
Балалар: Иə, тек ұйықтар алдында жуынып, тісті тазалаулы ұмытпау керек.
Мұғалім: Қонағымыз барлығын есіңізге сақтадыңыз ба?
Оқушы: Иə.
-Енді саған күн тəртібі жазылған карточкаларды беремін, оқушылардың көмегімен сен оны рет-ретімен қойып шық.

Жаттығу түскі ас
Киіну кешкі ас
Сабаққа дайындық серуендеу
Ұйқыдан тұру жуыну
Ұйықтау бос уақыт
Төсекті жинау мектепке бару
Оқушы: -Балалар мен барлығын ұмытып қалдым, алдымен ұйықтау ма еді?
Балалар: Ұйұыдан тұрудан баста (балалар міндеттерін рет-ретімен атап, күн тəртібін құрады)
К Ұйқыдан тұру--------------------------------
Ү Жуыну-----------------------------------------
Н Жаттығу жасау------------------------------
Киіну-------------------------------------------
Т Төсек орынды жинау------------------------
Ə Таңертеңгі асты ішу------------------------
Р Мектепке бару-------------------------------
Т Түскі ас ішу-----------------------------------
І Серуендеу-------------------------------------
Б Сабаққа дайындалу--------------------------
І Кешкі ас ішу-----------------------------------
Бос уақыт---------------------------------------
Ұйқы---------------------------------------------
Мұғалім: -Балалар, қонағымызға көмектескендеріңе рахмет.Бір мезгілде ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалуды, жатуды да естеріңе ұс-таңдар. Соған əдеттеніңдер.Егер кез-келген уақытта ұйықтап, тұратын бол-саңдар, ұйқыларың қанбайды немесе көп ұйықтайсыңдар. Осыдан өздеріңді нашар сезінесіңдер, жылдам шаршайсыңдар. Шаршаған адам ақпаратты нашар қабылдайды, содан соң сабаққа үлгерімдерің нашарлайды, жаңа тақырыпты игеру қиынға түседі. Сондақтан мезгілімен ұйықтап? Уақытымен ұйқыдан оянып, күн тəртібін сақтасаңдар өздеріңді сергек сезінесіңдер.
V.Сабақты бекіту:
Мұғалім: Ал енді Кірқоймастың тапсырмасын оқимын. Сендер сөйлемді аяқ-тауларың керек. Сонымен,
Тісті…………..
Күніне екі рет тазалау керек.
Үнемі………….жуу керек.
Үнемі беті-қолды, құлақ пен мойынды, таңертең ұйқыдан тұрған соң, əжет-ханаға кіріп шыққан соң жуу керек.
Жуылмаған……………….жемеу керек.
Жуылмаған жеміс-жидекті, көкөністі жемеу керек.
отырғанда………………керек.
Тамақтанып отырғанда сөйлеспеу керек.
Бір мезгілде……………
Бір мезгілде ұйықиап,ұйқыдан тұрып, тамақтанып, сабаққа дайындалып, серуендеу керек.
Мұғалім: Кірқоймастың ережесі жазылған плакатты тақтаға іледі.
Күнде бір мезгілде ұйқыдан тұр, бөлменің ауасын желдеиіп, жаттығу жаса, тиянақты жуын, тісті тазала, мойын мен құлақты, бет пее қолды жу.Жаттығу-дан кейін бөлме температурасындағы сумен денеңді ысқыла. Тамақтанар алдында үнемі қолыңды жу. Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп ал.
Мұғалім: Осы ережені əр қайсысың естеріңе сақтаңдар, уақыттарыңды дұрыс ұйымдастырыңдар, сонда сендер барлық іске үлгересіңдер.
Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар! Тәрбие.орг сайтынан Күн тəртібі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зекешева Лаззат.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 963 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar