Күз

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 165
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20728


6-сынып. Қазақ тілі
Тіл дамыту сабағы
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамыту;
- оқушыларды көркем сөзге баулу; өзіндік көзқарас қалыптастыру.
- шығарма жазуға дағдыландыру.
І Әнұран орындалады.
Бүгін IV модуль бойынша ашық тіл дамыту сабағы.
Балалар, бүгінгі сабақтың әнұранмен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? Алтын дән күзде ғана піседі. Қамбаларды астықпен толтырады.
Дәптерге бүгінгі күнмен, тақырыбын жазыңдар.
Қысқа, дегенмен ғажайып бір кез.”
Балалар! Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта не істейміз?
№ 2 слайд
ІІ. Топтастыру

Күз

"Күз" деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларыңа келеді?
№ 3 слайд
ІІІ. ІіКүз туралы қандай өлең, мақал, жаңылтпаш білесіңдер?
Күз туралы қандай ақындардың өлеңдерін білесіңдер?
1.Өлеңді мәнерлеп оқы.
- Абай «Күз».
- « Алтын күз»
№ 4 слайд
IV. Сөз тіркестерін құраңдар.
Зат есім + зат есім
Сын есім + зат есім
Сан есім+ зат есім
Зат есім + етістік
№ 5 слайд
V. Бес жол өлең жазу стратегиясы.
«Күз" 5 жол өлең құрастыру.
1. Күз
2. Сын есім, сын есім
3. Етістік, етістік, етістік.
4. «Күз» сөзімен сөйлем құрау.
5. Ай аттары
№ 6 слайд
VI. Ән «Құстар қайтып барады»
Хабарлама « Аққуларға жасалған қамқорлық»



Көгілдір көктемді бізде күтеді.
Петропавлдан Сергеевка қаласына шығаберістегі жол бекетінің маңындағы шағын көлде өз үйірінен адасқан топ аққудың тағдыры көпшілікті елең еткізді. Бірнеше күн қатарынан суықтың өтінде, мұзды көлдің бетіндегі ойдым суда қалған құстар ұшып кетуге ниет білдірмеді. Не себепті?
Көктемнің жайма-шуағында ұшып келіп, жазда көліміздің сәнін келтіріп, күзде қимай кетіп қалатын құстың ұшпай қалуына не себеп болды екен? 12 аққу жұбын жазбай, қатерге бастарын тігіп, қала маңындағы осы көлге қонып, адамдарға қарай жақындауының өзінде бір сыр жатқандай. Әлде өміріне қауіп төнгенін сезген дала падишалары адамның қамқорлығын қажетсінді ме екен?
Қанаттары қатаймаған бала құстардың аналықтарынан айрылып қалуында қандай себеп бар? Аққу сыңарын жоғалтса, даланы жалғызсыраған мұңды даусымен кү-ңірентіп, ақыры таба алмаса, өзін мерт етуші еді ғой. Мүмкін, киелі құс бұл қасиетін ұрпағына танытпайтын да шығар? Әлде топ басшылары мерт болып, 12 көгілдір аққудың өмірі қыл үстінде қалды ма? Сұрау көп, жауап жоқ. Шын мәнінде, енді бұл құстардың жолбасшысыз жалғыз қалу себебін ешкім анықтай алмасы анық.
Ендігісі адамның қолынан келетін көмек қана, яғни оларды өңіріміздің қаһарлы қысынан аман алып қалып, көктемге шығару. Облыстағы аң-құстарға қамқорлық көрсетуші ұйымдар бернеше күннен бері осы мәселені шешу үшін дабыл қақты. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары бірнеше күн қатарынан жабайы құстарды ұстап алу үшін әртүрлі айла-амалдар жасады. Адамның қамқорлығын қажетсінсе де, үркек құстар қасына жолатпай, құтқарушыларын біраз әлекке де салды. Әйткенмен, адамнан айла асқан ба, ебін тауып, құстарды торға түсірді. Сөйтіп, бүгінде "Қызыл кітапқа" енген сұңқұлдақ аққудың 12 көгілдірі "Қызылжар оранжереясы" МҚКК-нің жылыжайына орналастырылды. Олар көлге қайтып оралар келесі көктемді сонда күтеді
№ 7 слайд
VIІ. Дәптермен жұмыс. Лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдер құраңдар.
№ 8 слайд
VIІІ. Солтүстік Қазақстан облысының диқаншылары қандай астық жинайды? Хабарлама. «Атамекен» әуені
- Ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан бітік егін өсірген. ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Астығымен ажарлы Қызылжар өңірі 6 миллион тонна қызыл дәнді Отан қамбасына құйып отырады. Солтүстік Қазақстан облысында егін өнімі жиналады. Өнімнің 60 пайызын заманауи жоғары өнімді комбайндармен жинап алынады.
№ 9 слайд
IХ. Асылбек Еңсепов күй. Cурет көрмесі
Балалардың шығармашылықтары. Салынған суреттерін әңгімелеп, қорғау.
Х. Шығарма жазу.
ХІ. Қорытындылау.Үйге тапсырма беріледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

«№ 23 орта мектеп» КММ

Сабақтың тақырыбы: Күз



Өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Аульбеков Дулат Қарабайұлы
Сыныбы: 6 «А» Тәрбие.орг сайтынан Күз Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аульбеков Дулат Қарабайұлы

Пікірлер: 0

avatar